Дауыссыз к мен г
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз к мен г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.
Білімділігі: Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе г- ге айналатыны жайында түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: Дауыссыз дыбыстар түрлері жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу,
сауаттылыққа , шапшаңдыққа баулу.
Көрнекілігі:
Әдісі:
Түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың жүру барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз – еңбектену
Еңбектену арқылы
«5» — ке қолды жеткізу!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
105 – жаттығу Қорық, жорық, қазық сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
( 3- оқушыдан сұрау.)
ІІІ Өткен пысықтау «Білгенге маржан, білмеске арзан»
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
— Дауысты дыбыс ше ?
— Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар
Қатаң Ұяң Үнді
дауыссыз дауыссыз дауыссыз
(Топқа бөліп, әр топ өзіне қатысты дауыссыз дыбыстарын жазу)
Семантикалық карта
түрлері дыбыстар | Дауысты дыбыс | Дауыссыз дыбыс | жуан | ұяң | жіңішке | қатаң | үнді |
А,о,ы,ұ | + | + | |||||
Б,г,ғ,д | + | + | |||||
Ә,ө,і,ү | + | + | |||||
Л,м,н,р | + | + | |||||
Т,п,с,һ,х | + | + |
Миға шабуыл «Зеректік» ойыны
Саздарды өсу ретімен орналастыру
Д а у ы с с ы з к м е н г
10 15 20 25 30 35 40 45 50 55 60 65 70
ІVЖаңа сабақ
Дауыссыз к мен г
К- қатаң, сөздің басында ,ортасында, аяғында келеді.Мысылы; көбелек, үкі, көрік
Г- дауыссыз, ұяң. Сөздің басында ортасында келеді. Аяғында келмейді.
К |
« Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Г |
Үкі шеңгел
Түлкі үзеңгі
Кеме сүргі
Жүрек гүлзар
көрік гауһар
Осындағы соңғы дыбысы к – ден аяқталған сөзді табайық.
Жүрек+і – жүрегі , көрік+і — көрігі. К дыбысы г- ге айналады.
Ереже : Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г- ге айналады: елек – елегі, кірпік – кірпігі, бүйрік – бүйрігі.
Оқулықпен жұмыс «Өлең сөздің — патшасы»
109- жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін тап.
Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігітін?
Өрнек, көйлек сөздерінің соңына і дыбысын қосып айтып көр. Сонда не байқадың?
Тақтамен жұмыс «Білімі жүйріктің ойы – ұшқыр»
110 – жаттығу. Сөздерді і дыбысын қосып өзгертіп жаз.Сөз соңында келген к дыбысының өзгеру себебін түсіндіру.
Өрік – өрігі, белдік – белдігі, күрек – күрегі, серік – серігі, көк – көгі
Сергіту сәті. « Ой сергіту – бой сергіту»
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
«Кім жылдам» ойыны
І — топ | ІІ — топ | ІІІ — топ |
Жидек, терек, кірпік , жүрек сөздеріне сөйлем құрау. | Сөздерді буынға бөлу. Әйнек, тиек, жүрек, көк | Көп нүктенің тиісті әріпті қойып жаз. Есі…і, бесі..і, көр..і, түл..і, көбеле..і, көлі..і. |
Топпен жұмыс (Ауызша) Сурет атауларына дыбыстық талдау.
1- топ 2 — топ 3- топ
К-д\з, қатаң т-д\з, қатаң Қ- д\з, қатаң
Ө-д\ты,жіңішке ү — д\ты,жіңішке ұ – д\ты, жуан.
Ж-д\з,ұяң л – д\з, үнді л- д\з,үнді
Е-д\ты, жіңішке к – д\з, қатаң ы- д\ты жуан
К-д\з , қатаң і – д\ты жіңішке н – д\з. Үнді
Қорытынды: Венн диограммасы
Үяң, сөздің басында, ортасында жазылады. |
Қатаң, сөздің басында, ортасында аяғында жазылады.өзінен кейін дауысты дыбыс жалғағанда г- ге айнылады. |
К дауыссыз Г
дыбыс
Барлық
буында
келеді.
Сонымен бүгін біз не туралы білімімізді кеңейттік.
Үйге тапсырма: 113- жаттығу. « Еңбек түбі – береке» мақалын қатыстырып әңгіме құра.
- Ереже жаттау.
Бағалау.