Көмектес септік

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға  көмектес септік атау тұлғадағы сөзге –

мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы

жасалатынын түсіндіру;көмектес септігіне

қойылатын сұрақтармен таныстыру.

  1. Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу

дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

  1. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,

жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, индукция,дедукция,талдау,жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері:  тірек сызба,ойын құралдары,мазмұнды суреттер.

Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс: өмірмен байланыс, ана тілі, математика, дүниетану

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгелдеу,сәлемдесу.

ә)сабаққа назарын аудару.

ІІ.Мақсат қою кезеңі. 

ІІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

а) тірек сызба

ә)сәйкестендіру тесті

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру.

а) «Фигураны тап» ойыны

ә)Көрініс «Айна мен гүл»

б) Қызығушылықты ояту

в)Грамматикалық-тілдік жаттығу

г) Операциялық орындаушылық кезең

ҮІ.Сергіту сәті.

ҮІІ.Шығармашылық тапсырма 

Семантикалық карта

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

ІХ.Бағалау.

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгелдеу,сәлемдесу.

ә)сабаққа назарын аудару.

Балалар,қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейікші?

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.

-Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ,өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

ІІ.Мақсат қою кезеңі:   Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Сабақты бастамас бұрын мынадай бір өлең шумағын тыңдасақ.

Жолдау туралы айту

-Көк туымыз әрдайым  биіктен көріну үшін,біз сабағымызды «өте жақсы» деген бағаға оқып, өз үлесімізді қосуымыз керек.

Олай болса сабағымызды бастайық.

ІІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:

78-жаттығу. Мәтіннен шығыс септіктегі сөздерді тауып,астын сыз.

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру.

 1) Шығыс септіктегі зат есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

2) Шығыс септік жалғауларын атаңдар?

                          ә)Сәйкестендіру тесті

 

Атау септік                                                        әженің, заттың

Ілік септік                                                         анамды,  қаламды

Барыс септік                                                   оқушылар,  мұғалім

Табыс септік                                                    ауылда, ағамда

Жатыс септік                                                    ауылдан, мектептен

Шығыс септік                                                   сабаққа, кітапханаға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Жаңа материалды түсіндіру.

ә) Балалар енді шағын ертегіні тамашалайық.

Ертегі «Септіктің жеті ұлы»
Ертегі « Септіктің жеті ұлы ».

Ерте, ерте, ертеде қазақ тілі жерінде, зат есімнің елінде септік деген қария болыпты.

Оның жеті ұлы болыпты: Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес.

Бір күні қария балаларын шақырып алып былай депті:

  • Балаларым сендер талабы бар ертеңін ойлар ұлымсыңдар, сондықтан бір апта уақыт беремін, жан-жақты бақылап өмірге керек құралдарынды тауып келіңдер.

Уақыт жетіп балалар оралыпты.

— Қане олжаларыңды көрсетіңдер – депті әкесі.

Атау кім? не?

Ілік кімнің? ненің?

Барыс кімге? неге?

Табыс кімді? нені?

Жатыс кімде? Неде?

Шығыс кімнен? неден?

Көмектес кіммен? немен?

Енді осы әкелгендеріңе сүйеніш тауып келіңдер?

Ілік септік ның,нің,дың,дің,тың,тің

Барыс септік ға,ге,қа,ке

Табыс септік ны,ні,ды,ді,ты

Жатыс септік да,де,та,те

Шығыс септік нан,нен,дан,ден,тан,тен

Көмектес септік мен,бен,пен.

Басы салбырап Атау келді?

Неге кешіктің? – дейді – әкесі.

Ештеңе таппадым.

Септік 6 баласына: «Сыннан жақсы өттіңдер».

Атауды кешіріңдер, ағаларың ғой.

« Бірлік бар жерде тірлік бар »

Септік атай дұрыс айтады бірлік бар жерде тірлік бар.Ендеше бірлесе отырып,келесі тапсырмаларды орындайық.

 

 

б)Қызығушылықты ояту.

 Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

32-жаттығу .Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл қай септіктің сұрағы?  Осы сұрақ арқылы көмектес септігінің жалғаулары  екені байқатылады.

Атасы Бекзатпен ұзақ әңгімелесті. Нағашы әжемнің үйіне пойызбен бардық. Сәкен шалғымен шөп шапты.

в)Грамматикалық-тілдік жаттығу.

81-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.

1.Оқу-инемен құдық қазғандай.

2.Сумен ойнама-батарсың.

Отпен ойнама-күйерсің.

Мақалдардың мағынасын түсіндір.

  • Немен? сұрағына жаууп беретін сөздерді тауып,жалғауларды тиісті

               белгімен белгіле.

  •    Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? Немен? кімдермен?нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.
  • Көмектес септігі атау септікке –мен,-бен,-пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.

г)Операциялық орындаушылық кезең.

82 -жаттығу. Адасқан сөздерді өз орындарына қойып сөйлем құра.Қос

сызықпен қоршалған сөздер қай септікте тұрғанын айт.

 

ҮІ. Сергіту жаттығуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

83-жаттығу .Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады. Апай Гүлсіммен ұзақ әңгімелесті. Әсия терезені таза шүберекпен сүртті. Марат театрға атасымен келді.

Бір-біріңе түсіндіре отырып,сөйлем мүшесіне талда.Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айт.

Сөйлем мүшелеріне талдау.

1.Сөйлемнің айтылу мақсатын анықтау.

(Хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.)

2.Сөйлемдегі қимылды ,іс-әрекетті білдіретін сөзді табу.

Осы сұрақтарға жауап беретін сөз баяндауыш болады.Баяндауыштың екі сызықпен сыз.

3.Сөйлемдегі қимыл,іс-әрекеттің иесін анықтау.

Сол сөзге сұрақ қой. Егер ол сөз кім? не? кімдер?нелер?сұрақтарына жауап берсе,онда ол бастауыш болады.Оның астын бір сызықпен сызамыз.

4.Сөйлемнің жалаң немесе жайылма сөйлем екенін анықтау.

5.Жайылма сөйлем болса,сөйлемдегі өзге сөздерге сұрақ қой.

Олар сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері болады.Оның астын ирек сызықпен сызамыз.

Сөйлемнің бастауыш,баяндауыштан басқа мүшелері тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Сұрақтары:

кімнің?ненің?

кімге? неге?

кімді? нені?

кімде?неде? қайда?

кімнен?неден? қайдан?

кіммен? немен?

Бұл сұрақтар қай септіктің сұрағына сәйкес келеді.Әрқайсысының тұсына септіктердің атауын жазып шығайық.

Тек қай септік айтылған жоқ. Неге? Өйткені атау септіктегі сөздер негізінен  бастауыш болады және тұрлаулы мүше болады.

 

 

 

 

 

 

 

84-жаттығу.Мәтінді  түсініп оқы.

Құрлықтың айнала сумен қоршалған бөлігі арал деп аталады.Бір-біріне жақын жатқан аралдар тобы аралдар семьясын құрайды.Оны архипелаг дейді.

Теңіз толқындарыжүздеген жыл бойы жағаны шайып бұзады,одан құрлықтың белгілі бір өңірін бөледі.Әуелі әлгі жер бөлігі материкпен жіңішке мойнақ арқылы жалғасып жатқан болады да,түбек деп аталады.Бірте-бірте мойнақты су бұзғаннан кейін арал пайда болады.

  • Мәтінге ат қой.
Ол кіммен? немен? кімдермен? нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.
  • Көмектес септікте тұрған сөздерді тауып,з пікіріңді сызбаны пайдаланып дәлелде.

 

 

 

Бұл көмектес септіктегі сөз,

Ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр.

өйткені

 

 

ҮІІ.Шығармашылық тапсырма 

Семантикалық карта

Септіктер

                 Сөздер

Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
1қалаға       
2суда       
3ұстазды       
4сыныпта       
5ағаммен       
6інімнің       
7алма       

 

 

ҮІІІ.Үйге тапсырма:

  • 85-жаттығу.берілген сөздерді көмектес септігіне қойып,олармен сөйлем құра.

2)Ережелерді жаттау.

ІХ. Оқушыларды бағалау.