Әдептілік-әдемілік әліппесі

Әдептілік-әдемілік әліппесі

Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік әліппесі»

                           

Мақсаты:

  • Балаларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге,

 үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету, алған

білімдерін  тереңдету.

  • Сұрақ- жауап арқылы балалардың сөздік қорын дамыту.
  • Балаларды адамгершілікке, әдептілікке,  инабаттылыққа баулу.

 

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.

Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөз, ойын тапсырмалары, сериалды суреттер,

гүлдер, доп, төс белгілер.

Барысы: Балалар топқа музыка әуенімен кіреді.

(Балалар шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасады.)

Армысыз, қайрымды Аспан-Ата,

Армысыз, мейрімді Жер-Ана,

Армысыз, Шұғылалы Нұрлы Күн,

Армысыз , бала-бақша дос-жоран,

Армысыздар , құрметті апайлар.

-Балалар,  біз қазір неге амандастық деп ойлайсындар?

-Үлкендермен және барлық адамдармен амандасу керек.

-Амандасу ненің белгісі?

-Амандасу әдептіліктің белгісі.

-Әдептіллікке нелер жататындарын білесіңдер?

-Білеміз,бәрін емес.

Ендеше,  балалар, біз әдептілік әлеміне саяхатқа шығамыз. Ал көздерінді жұмып,

3-4 дегенде көзімізді ашамыз.(музыка әуені естіледі, жерде гүлдерден із жасалып, балалар сол ізбен жүреді).Мына жерде әдептілік әлемі деп жазылып тұр екен .

Мына тапсырмаларды орындасақ бізге сыйлық береді.

Мен әдепті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Айтқан тілді аламын,

Саяхатқа барамын.

1-тапсырма:Ситуацияны шешу.

1.Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол

бағдарлауға шамасы келми келе жатыр.Сіз оған қарсы кездестіңіз.Не ойлайсыз? Недейсіз?

Не істейсіз?

Оқушылардың жауабы.

2.Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Әрине тұрып орын бересіз.Әже қуанып

алғыз айтады.(балалар әрі қарай кетеді).

 

 

2-тапсырма:Көрініс. Дүкенге бір қарт адам келе жатады.Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатқан еді.Ер

бала қыз балаға сөмкесін беріп , қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол

рақмет айтып, кетіп қалады.Қыз бала одан.

-Ана кісі сенің анаң ба ?

-Жоқ, анам емес.

Жеңген бе ?

Жоқ, жеңгем емес.

-Әлде әжең бе ?

Жоқ ,әжем емес .

Танисың ба?

Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала таңырқап қалады.Сендер осы көріністен не түсіндіңдер? (балалар өз ойларын айтады).Әже не деді балаға? (рақмет).

-Ал сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет, кешірініз, қайырлы таң,)

-Жақсы ,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік.

 

1-оқушы:Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді!

Ең үлкенін,  жақсысын

Саған таңдап әкелді!

Не деп барып жеу керек? (рақмет)

2-оқушы:Балалар жүр көшеде

Естіледі айғай-шу.

Сенде шықтың, көршіңді

Қойып кеттің байқамай.

Не деу керек? (кешіріңіз)

3-оқушы:Осы келген бетіңде

Допты қудық, жарыстық.

Көшенің сол шетіңде,

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе)

4-оқушы:Үй артыңда қоқысты,

Жатқан көптеп үйіліп.

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп,

Не  дегенің жөн еді?( көмегім тимес пе екен?)

Сергіту сәті:Апам үшін күнде мен ,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй ішін,

Жуам  ыдыс-аяқты.

Жылай қалса ,бөпемді,

Жұбатамын ойнатып.

 

 

 

-Балалар,сендер әдепсіз балалар туралы қандай өлендер білесіңдер?

(балалар сурет бойынша көрсетіп айтады).

1-оқушы:Кеше ғана қадалған

Өміртайдың түймесі.

Орнында жоқ апырмай,

Қайда кеткен, бұл несі?

2-оқушы:Шашы түсіп көзіне

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғалімнің таласар.

Дәлел тауып өзіне.

 

Ойын-жаттығу: «Мен қамқор баламын»

Барысы:балалар кімге көмектесетінін, қамқор болатынын айтады.

Ойларын толық жеткізеді.

Қорытынды:Әдептілік елінен қайтіп келгеннен соң , балалар бақыт дегеніміз не?

-Анаға көмектескенің.

-Ініңе қамқор болғаның.

-Жарық күн көргенің.

-Біреуге көмектескенің.

Балалар сендерге сыйлық сыйлаған ұнайма?

Иә,ұнайды.

Ендеше, бізде қонақтарға сыйлық сыйлайық.

Рақмет, бақытты, әдепті болыңдар.

 

Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік

Мақсаты:

Білімділік: оқушылырдың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға, үлкендерді сыйлауға, кішіні ренжітпеуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды әсемдікке, әділеттілікке, әдемілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік:  мақал – мәтелдер, өлеңдер үйрету.

Көрнекілік: мақал мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакат

Сабақ түрі: тәрбие

Сабақ барысы:

 Ұйымдастыру

—       Оқушылар мен амандасу

—       Оқушыларды түгендеу

—       Сабақты талдау

Негізгі бөлім:

Қазақ халқы ерте кезден – ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.

«Әдептілік, ар ұят

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі»,

«Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала» деп әр жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған.

 Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен адамдарға орын береді. Сөйлескен кезде «сен» демей «сіз»  деп сөйлескен жөн. Ол әдептілік белгісі болып табылады.

Ал, балалар «әдепә деп, «әдептілік» деп, «инабаттылық» деп қандай мінез бен іс – әрекетті айтамыз, соған тоқталайық.

Қорытынды:

Адам? Адам?

Бөлісіп уайымды,

Болашаққа болыңдар дайын үлгі.

Бір – біріңе болыңдар мейірімді,

Бір – біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды, — дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.