«Бала сезімінің қыры мен сыры»

 

Тақырыбы: «Бала  сезімінің қыры мен сыры»

Мақсаты:оқушылардың таным процестерін оның ішінде шығармашылық  қабілеттерін  адалдық ,достық қасиеттерін, тіл байлығын, сезімімен сенімін дамыту.

Көрнекіліктер:Ватман, бүктемелер, музыка, жұмсақ ойыншықтар, қима қағаздар.

Ұйымдастыру:оқушыларды ыңғайлап отырғызу, көңіл-күйлерін сұрап, жылы сөздер айтып, сезімдерін ояту.Ережелермен таныстыру.

 

1-жаттығу. «Менің қиялымдағы сыйлық»

Балалар шеңбер болып отырады. Балаларға сұрақ қойылады.

-Балалар,сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?

-Сыйлық алғанды ше?

-Ендеше бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жай ғана жұмып отырыңдар. Айтылған сөздерді сезіне біліңдер.Мінеки қозғалыс байқалды. Біз жай ғана көтеріліп  өздеріңді жеңіл сезініп ұша бастадыңдар. Төменде мектеп, үйлер,адамдар кіп-кішкентай  болып көрінді. Сендер толқындай қалықтап айналадағы бұлттармен  қатарласып ұшып келесіңдер.

Өте бір керемет әлем бардай. Кенет, алдарңнан  үлкен бір есік ашылды. Кең және жарық бөлме көрінді.  Онда көптеген әшекей заттар және үлкен-үлкен қораптар  жатыр .Сендер бір-бір  қораптан алдыңдар. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Талдау:1Қандай сезімде болдыңдар?

2.Қораптағы сыйлықтың қандай зат болғанын қалайсың?

3.Сен өз достарыңмен сыйлықты бөлісесің бе?

2-жаттығу:Әріптер ойыны- «ТАП»

Әріптер жазылған қағаз ілінеді. Көзі байланған бала  бір әріпті алады . Баланың көзін шешіп, екінші бала сұрақ қояды. Бірінші бала мүдірмей сол  әріптен  басталатын сөздермен  жауап  беруі керек.

Мысалы:Атың кім?

Қала аты?

Жеміс аты?т.с.с.

Талдау:1.Балалар ойын ұнады ма?

  1. жауап беру қиынға соқты ма?

3.Қошемет сөздер

3-жаттығу: «Жұмсақ ойыншық сыры»

Ойынның шарты: Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар қойылады. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты   таңдап кезекпен алады. Шеңбер құрып отырып  қолдарындағы  ойыншық атауына байланысты бір оқушы ертегі  бастайды. Психолог белгі бергенде екінші бала жалғастырып  кетуі керек.Соңында балалардың өз ойларынан құралған керемет, қызықты ертегі пайда болады.

 

Талдау:1.Ал, балалар сендерге ойыншықтар ұнады ма?

  1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?

3.Жан- жануарлардың Бір-бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?

 

Пікірлесу:Балалардың сезімдерін,  алған әсерлерін  бөлісіп, әңгімелесу арқылы анықтау.

Тілек айту:Балалар  жылы сөздер айтып өз тілектерін   бір- біріне гүл беріп білдіріп шығады.