«Кірпі» — атты төмеңгі сынып оқушыларымен қарсы байланысқа шығу әдістемесі
Мектеп қабырғасындағы төменгі сынып оқушыларын зерттеп, сырттан байқай отырып олардың кей кездерде бір-біріне деген қарым-қатынастары ойдағыдай емес екеніне көзіміз жетеді.Осыны есепке ала отырып мына төмендегі берілген әдістеме арқылы мектептердегі көптеген мұғалімдерге, психологтарға көмек ретінде, сол өзара оқушылардың арасындағы шиеліністерді шешу себептеріне көмек көрсетеді деп ойлаймын.
Әдістемеде М.Пляцковскийдің «Кірпі» атты ертегісінің негізі жатыр.
«Кірпі» — атты төмеңгі сынып оқушыларымен қарсы байланысқа шығу әдістемесі
Бұл әдістемеде қолданылған ертегі арқылы төменгі сынып оқушылары арасындағы шиеленіс қатынастарды шешуге болады.
Бала өз қылығын, өзінің көзқарасын, қабылдауын түсіну үшін, оған ойын компоненттері қажет.Яғни бірге қайғырып, бірге алаңдау күйіне түсу керек..Осымен қатар бала, сол көріністердегі кейіпкерлердің образдарына еніп, сол кейіпкерлердің жан дүниесімен бірге болу үшін ,балаға бұрын соңды кездескен таныс орта болу керек.
Төменгі жастағы мектеп оқушыларына мектеп психологы немесе мұғалімдері кіріп, балаларға бір қызықты ертегі оқиғаны тыңдауды ұсынады.Сонымен қатар балаларға әдемі, күлімсіреген, бақытты кірпі бейнеленген суреттерді көрсету керек.
-Балалар, мен сіздерге бір қызық оқиға айтып берейін.Бұл оқиға бір сиқырлы ертегі орманда болған екен.Маған мұны кірпі айтты және де сідерге айтып беруімді сұрады.Сонымен бастаймыз ба?
-Иә.
-Өздеріңе белгілі, жер бетінде барлық кірпілер тікенекті болады.Оларды қанша жақсы көріп, сипалағың келсе де мүмкін емес.Осыншама көп тікенектер!Басынан сипалайын десең де сол баяғы тікенектер.Бірақта біздің кішкентай кірпіміздің жолы болған екен.Ол сонда қалай болыпты?Міне, былай болыпты…
Кірпіміз орманда қаңғырып ,шаршап келе жатса, бір ағаштың кесілген томары кездеседі.Қараса оның үстінде бір көжек отырып алып ыдыстан ботқа жеп отыр екен.Ол анау-мынау емес үлкен ас қасықпен ботқаны асап отыр.Барлық ботқаны түгел жеп алып:
-Рахмет, апа!-депті.
Қоянның анасы қасына келіп, басынан сипап былай деп мақтайды:
-Жарайсың! Сенің балам қандай әдепті болып өсіп келеді, а!
Мұны естіп тұрған кірпінің көңілі түсіп кетеді.Өйткені оны ешкім бұрын-соңды маңдайынан сипалап, еркелетпеген еді.Тіпті Кірпі мұңайып жылап жібереді.Жылап отырған Кірпіні қоянның анасы көріп:
-Сені кім ренжітті- деп сұрайды.
-Ешкім де емес- деп жауап береді Кірпі.
-Ал, онда неге көздерің жасаурап тұр?
-Себебі сіз көжегіңізді маңдайынан сипадыңыз.
-Сені анаң сипамайды ма?
-Сипамайды, ешкім де мені сипап бауырына қысқан емес- деді Кірпі.
-Мен сені сипағым-ақ келіп тұр ғой, бірақта сенің тікенектерің кіріп кетеме деп қорқамын,-деп қоян кірпіні мүсіркеді.
-Анам сені сипар еді -, деп араласты әңгімеге Көжек , ол қолына тікенек кіргізіп алатын сияқты.
Ал егер де мен тікенек болмасам ше?-деп сұрады Кірпі
-Ал, онда басқаша әңгіме -деді Қоян- Бірақ ол мүмкін емес қой?
-Мүмкін!-деп Кірпі айқай салды да, жерге әрі аунап, бері аунап, үстінің бәріне жердегі жапырақтарды тікенектеріне кіргізіп алып жинап алды.Ол домаланған түрлі-түсті шарға ұқсап кетті.Сол күйінде ол домалап барып қоянның алдына дөп ете түсті де, көп жапырақтардың арасынан тұмсығын шығарып
-Мен енді… мүлдем тікенекті ..емеспін ғой, ә?-деді.
Қоян күлімсіреп кірпіні маңдайынан сипады да:
-Жарайсың!..Қандай тапқыр кірпісің-деді.
-Балалар, кішкентай кірпі осы әңгімені айтқанда, оның білгісі келгені мынау еді:
Сіздердің араларыңда осы мектепте кірпі сияқты тікенекті балалар бар ма, оларды да ешкім, ешуақытта маңдайынан сипалап еркелетпей ме? Егер де сендер кішкентай кірпі осы жағдайды білсін десеңдер тездетіп суреттер салып,сиқырлы ертегі орманына почта арқылы жіберіңдер.Ол үшін сіздерге мына сұрақтар көмектеседі, олар кірпіні де қызықтырған.
Ол сұрақтар мынадай:
1.Сені анаң басынан сипап, өзіне тартып, кеудесіне басады ма, әлде мүлдем жасамайды ма?
Егерде жиі-жиі болса күннің бейнесін сал, егер де анда-санда болса- шыршаның бейнесін сал, ал егерде ұрысатын болса онда бұлттың суретін сал.
- 2. Егер де сен мамаңның сені жылы сөзбен еркелетіп, жылы шыраймен сөйлескенін қаласаң, онда:
Егер де «ия» десең-күннің бейнесін сал, егер де саған бәрі бір болса-шыршаны сал, ал егерде саған олай жасаған ұнамаса-бұлтты бейнеле.
3.Кей-кездерде адамдарды жан-жағындағылардың бәрі ашуландырады, ешнәрсе ұнамайды.Егер де сенімен осындай жағдай жиі-жиі болса, онда сен – бұлттың бейнесін сал, ал егерде анда-санда болса шыршаны сал, сені еш нәрсе ашуландырмаса-онда сен күннің бейнесін сал.
4.Біздің кішкентай кірпімізді ешкімде сипай алмаған, себебі ол тікенекті болған, сондықтан да ол содан азап шеккен.Ал сенде сондай тікенектер бар болып, олар саған керек емес жерде кедергі туғызатын жағдай жиі-жиі шығып, саған басқа балалармен дос болуға кедергі жасаса,онда сен-бұлттың бейнесін сал, ал егерде ол тікендер анда-санда шықса-шырша сал, ал тікендер мүлдем шықпаса- күннің бейнесін сал.
— Рахмет, балалар, жауаптарыңызға!Мен сіздердің қарым –қатынастарың үнемі жақсы болатынына сенемін.
Ал, енді балалар сіздердің салған суреттеріңізді біз конвертке салып ,сиқырлы орманға почта арқылы кірпіге жібереміз.
Осы алған жауаптарды салыстыру үшін мынадай кесте жасаймыз.Көлденеңге сұрақтардың нөмірлері, ал тігінінен оқушылардың аты-жөні, қиылысында балалардың суреті қойылады.
Мысалы:
№ | Аты-жөні | 1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Аманғали Іңкәр | ||||
2 | Әділжанова Айғаным | ||||
3 | Байзақов Жомарт |
Осыдан кейін суреттерді түрлі-түсті диаграммаларға аударуға болады,суреттерді сәйкес түстермен алмастырамыз.
Нәтижесінде түрлі-түсті алау пайда болады, бізге қай оқушы агрессияға ұшырағанын байқаймыз.
Әдістеме арқылы баланың психикалық мінезін ғана емес, өзін-өзі бағалауында аңғаруымызға болады.