Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістік

А) Білімділік:  Етістік туралы берілген білімді еске түсіру, ол заттың әр алуан іс- әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, етістіктің зат есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейтуге жаттықтыру.
Ә) Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабактын түрі:  Жана сабакты менгеру
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік және семантикалық карта бойынша жұмыс
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима- қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.Оқушылардың зейінін аудару, 3 топқа бөлу

-Балалар,  сабақты  жаңашыл  педагог  Шерхан  Әленовтың  тәлім  сәтімен бастайық :

Әрбір  адам?  Туыс ,  дос ,  жұрағат .

Әрбір  сабақ?  Үйрену , ұғу ,  ұлағат .

Әрбір   ісің?      Тірлік , тірек , адамдық .

Әрбір  сөзің?    Шындық , бірлік , адалдық .

-Олай  болса  балалар , бүгінгі  сабағымызда  әрбір  ісімізге  мұқият  болайық. Сәттілік  тілеймін!

(Математикалық фигуралар арқылы топқа бөлу)

1.топ – «Болашақ»

Топтың ұраны: «Болашақ  бізден  басталады»

2.топ –  «Шығармашылық»

Топтың ұраны: «Іздеген  жетер  мұратқа »

3.топ – «Ұландар»

Топтың ұраны: «Біз  келешекке  талмай  қанат  қағатындар»

Тату-тәтті  достармыз  біз ,

Ынталы  да  талапты.

Көп  білуге  құштармыз  біз ,

Жақсы  оқимыз  сабақты .

-Олай  болса  жақсы  оқитын  балалар  үй  тапсырмасына  қалай  әзірленді  екен ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша.

  1. Сол жақтағы – 20. Зат есім дегеніміз не?
    Ортадағы – 50. Зат есім түрлерін ата.
    3.Оң жақтағы – 10. Кітап сөзін жекеше түрде тәуелде.
    4.Сол жақтағы – 30. Сөз таптарын айтып бер.
    5.Оң жақтағы – 30. Жалқы есімге мысал айт.
    6.Сол жақтағы – 10. Алма сөзін көпше түрде тәуелде.
    7.Ортадағы – 40. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.
    8.Оң жақтағы – 20. Мақалдың жалғасын тап.
  • (Білекті ______,
    • Білімді______)
    9 Ортадағы – 60. Мақалдың жалғасын тап.
    (Кітапсыз ____ ____,
    Білімсіз ____ ____)
    III.Жаңасабақ.
    1. Ойын: Үнқатпа !
    Әрбір топтан бір-бір оқушы шығып, үнқатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.
    Келесі топтағы оқушы тақтаға әрқимылды сөзбен жазып шығады.
    Отырды, жүрді, секірді ,тұрды , айналды, биледі.
    — Тақтадағы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
    — Бұл сұрақтар қай сөз табының сұрақтары ?
    Етістік.Етістіктің ережесін еске түсіру
  1. Оқулықпен жұмыс.
    1-жаттығу. Болашақ тобына. Өлеңді көшіріп жазу, етістіктердің астын сызу. Дәрігер мамандығы туралы әңгімелеу;
    5-жаттығу. «Шығармашыл» тобына
    Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз. Ұстаздарға арнап жазылған қандай өлеңді білесің?
    3-жаттығу. «Ұландар» тобына:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, етістіктердің астын сызу;

Шығармашылық  тапсырма.

Әр  топқа  жеке  жұмыс  беру. «Ұйқасын тап»       

  1. Жеймін деп  көп  қауынды ,

Менің  ішім  ……     .( ауырды )

Арба  сықырлап  жүрді ,

…….   арсылдап  үрді.  (Ит.)

Сүрініп  кетіп   құлады.

Аяғым  деп  …….   .  (жылады.)

  1. Жарға шығып   …….  ,  (ойнады )

Ойынға  бір  тоймады ,

Болсадағы  сақалы  ,

Секендеуді   ………..   . (қоймайды )

  1. …….. мініп  судан  өтті  ,  (қайық  )

Жүре-жүре  тауға   …….  ,  (жетті  )

Биік  таудан  тікұшақпен  ,

Көп  қиналмай  асып   …….   .  (кетті )

«Сөз ойла, тез ойла»

Әр көшбасшысы әріп суырып, сол әріптен басталатын етістік сөздерді  топ болып ойлап, жазу;

V Сабақты қорытындылау.

Сематикалық картамен жұмыс:

Негізгі зат есімЖалқы есімТуынды зат

есім

Көпше түрдегі

зат есім

ЕтістікКүрделі

етістік

1Сауыншы     
2Балқаш     
3Келе жатыр     
4Дүкен     
5Кітаптар     
6Ойнады     
7Ақтөс     
8Бүркітші     
9Алма     
10Жылады     

Сабақты қорытындылау:

 

Не істеді?         дара

 

 

Қайтті?күрделі

Етістік

 

 

 

Не қылды?Болымсыз

 

 

Болымды

Үйге тапсырма:Ереже жаттау, 4-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.