«Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?» (мұғалімдерге кеңес)
«Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?»
(мұғалімдерге кеңес)
Қазіргі интернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белгілі. Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде. Бірақ та қазір мүмкін емес дүние жоқ, әр проблеманы шешудің дұрыс жолын таңдау керек. Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың жолдарынан біраз кеңестер ұсынамын:
- Жастайынан бастап, логикалық дамуына ықпал ететін тапсырмаларды орындауға, сол секілді ойындар ойнатуға тырысыңыз. Ақыл ойды дамытатын бірнеше тапсырмалар беріңіз.
- Ешқашан балаға бұйрық беру арқылы оқытпаңыз. Бұл еш нәтиже бере алмайды. Баланың әрқайсысымен дос ретінде қатынаста болыңыз, мүмкін сізден көмек керек шығар. Кейбір пәндерді меңгеруде қиындық туып жүрсе көмектесіңіз. Ол сізге сенетіндей болсын.
- Баланы сабақтан кейінгі уақытын тиімді пайдалануы жөнінде ата-анасына түсіндіріңіз. Үй тапсырмасын орындап, демалып, компьютерге отыру уақыттарын белгілесін, үйдегі уақытын тиімді пайдалансын.
- Төмен баға алған жағдай болса, оны қолдап, төмен баға уақытша екенін, әлі де болса келесі сабақтардан жақсы баға алып, мұғалімдерді таң қалдырасың деп қолдап, қолпаштау керек.
- Азғантай ғана сәтсіздіктер болса да, балаларды жиі мақтаңыз. Оның еңбекқор, ақылды екенін айтып, онымен қалай мақтанатындығызды айтып қойыңыз. Баланың бекер еңбектеніп жатпағанын түсіну керек.
- Баланың әрбір ісі үшін марапаттай біліңіз. Істеген ісі, оқудағы жетістігі үшін марапаттау керек. Бастысы оқуға деген ынтасын арттыру керек.
- Қаталдық, қатаңдық, қатыгездік артыққа апармайды. Қатаң болыңыз, бірақ орнымен. Қатал болам деп баланың бойындағы қайсарлықты өлтіріп алмау керек. Баланы баурап алу үшін баламен балаша сөйлесу керек. Сонда ол келесіде сізді көргенше асығып, сізге тартылып тұрады.
- Бірақ осы кеңестердің ұстанатын болсаңыз балаңыздың аздаған уақыт ішінде нәтиже беретіні сөзсіз. Балаға сіз бен ата-ананың көмегі өте қажет.
Искужина Нургул Амангалиевна