ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ
ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға жануарлар дүниесін қорғау туралы жалпы түсінік беру, жануарлар әлемі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: білгендерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру, ойын, сөздік қорын, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: жануарлардың адамға, қоршаған ортаға тигізетін пайдасын ұғындыра отырып, оларға қамқор болып, жойылып кетуден сақтауға, қол ұштарын беруге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау, топтастыру.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: АКТ, тірек сызбалар,сөзжұмбақ, сәйкестендіру тесті,суреттер.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, еңбекке баулу.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды топқа бөлу (жұмбақ шешу арқылы).І топ. Табиғаттың ерекше бөлігі және жер бетіндегі тірі ағза үшін рөлі өте жоғары, қоректендіреді, киіндіреді және баспана тауып береді. Ол не балалар? (өсімдік). ІІ топ. Өсімдіктердің көбейіп таралуына, өсіп дамуына, жеміс беруіне әсер ететін тіршілік иесі не деп ойлайсыңдар балалар? (жануарлар).
Психологиялық дайындық:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену,
Еңбектену арқылы
Беске қолды жеткізу.
- Балалар, бізді қоршаған ортаны не дейді?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
Үй тапсырмасын пысықтау.
Жануарлардың, құстардың, жәндіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?
Негізгі бөлім.
Жылқыға сипаттама беру.
Сергіту сәті:
Аттардың дүбірі (10)
Аттардың жарысқа шыққаны
Аттардың жолда жүруі
Аттар шөп үстінде келеді
Аттар көпір үстінде келеді
Аттар су кешіп келеді.
Қызығушылығын ояту:
Жұмбақ шешу
- Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ, тоқ, тоқ соғады.
- Өзі улы, өзі шұбар, көрген адам өте қорқар.
- Қанаты бар ұшпайды, оны аумен ұстайды.
- Жерді де мекен етеді, көлді де мекен етеді.
- Құжынаған жұмыскер, бірлескенде тым іскер.
- Жазда қыдырады, қыста тынығады.
Сәйкестендіру:
Тоқылдақ қосмекенді
Жылан жәндік
Балық бауырымен жорғалаушы
Бақа жануар
Құмырсқа су жануары
Аю құс
- Табиғатты сақтау дегенді қалай түсінесіндер?
- Өсімдіктер мен жануарлады қамқорлыққа алу дегенді қалай түсінесіндер?
Оқулықпен жұмыс.
Ыбырайдың сөзімен.
Мәтінді слайд арқылы түсіндіру
Оқушылардың оқулықпен жұмысы.
Дәптермен жұмыс.
Топтық жұмыс.
І топ. Өсімдіктер әлемі. (қызғалдақ гүлін сипаттайды)
ІІ топ. Жануарлар әлемі. (арқарды сипаттау)
Экологиялық есептер.
Сергіту сәті.
Ой толғау.
«Табиғат аясында» акциясы.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалаймын.
Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, сурет салу