“Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетудің психологиялық әдістемесі”
Тақырыбы: “Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетудің психологиялық әдістемесі”
Мақсаты: Ата-ана мен баланың отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау, қарым-қатынас пен болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.
- Танысу мен қағиданы қабылдау.
«Сәлемдесу» жаттығуы. Қатысушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен Айжан өмірде бақыттымын» дегендей өмірге, бойындағы қасиеттерге байланысты сөз тіркестерін айтады.
Мақсаты: қатысушылардың көңіл – күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру.
«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы топта қабылдайды.
- Тақырыбы: «Гүл бейнесіндегі — Отбасы суреті» әдістемесі. авт. Л.Лебедева
Мақсаты: Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін, отбасылық жылуды, қарым-қатынасты, бір біріне жақындықтарын бақылау.
Орындау ережесі: Әр кім өзінің отбасындағы мүшесін гүлге теңеп сурет салуы керек.
Құрал жабдықтар:интерактив тақта, видеослайд, ақ қағаз, түрлі – түсті бояу, өшіргіш.
Міндеті: Отбасы мүшелерін суретке түсіру ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан қарым-қатынасты клиенттің бағалауы және одан әсерленуі, мазасыздануын анықтау.
Нұсқау: Отбасыңыздағы әрбір жанды өзіңіз қалаған гүл бейнесімен бейнелеңіз.
Суреттер бойынша интерпретация
Суреттерді талдау: Қатысушылар өз суреттеріне қарап талдау жасайды.
- Суреттен қандай көңіл-күй сезіледі? (немесе сурет қандай көңіл-күйді білдіреді?)
- Не нәрсе ерекше көріндер? (Отбасының әр мүшесінің жеке тұлға ретінде суреттелуіне және бейнелердің қайталануына мән беріңіз).
- Қоршаған ортада өсімдіктер өзін қалай сезінеді, қаншалықты табиғи көрінеді?
- Суретші қандай сезімдерді көрсеткісі келген?
- Суретші қайсы нысанға көп көңіл бөлген?
- Автордың өзі суретте қандай орында тұр?
- Гүлдер өзара қалай жайғастырылған?
- Барлық отбасы мүшелеріне суретте орын жетті ме?
- Шын мәніндегі отбасы бейнеленген бе, әлде қиялдағы отбасы ма?
- Гүлдер арасында қайтыс болған туысқандар мен жақын ағайындар бар ма?
Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:
- Суреттің құрылымын талдау.
- Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.
- Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көніл аударуы
- Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.
Зерттеу барысы:
Суретті салып болғаннан соң, қатысушылармен әнгімелесе отырып, келесі сұраныс бойынша жеке қатысушымен осы сұрақтарға жауап алу керек: Осы «Гүл бейнесіндегі — Отбасы суреті» әдістеменің ерекшелігі оған қатысушының отбасын, өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, қатысушының отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы, шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Қатысушымен жеке байланысқа, тез тіл табысып, проблемаларын шешуге әрекет береді.
«Гүл бейнесіндегі — Отбасы суреті» деп аталып өткізілген арт-терапия ата-аналардың үлкен қызығушылығын тудырып, әркім өзінің, отбасындағы мүшелерінің рөлін жаңадан көргендей болып, қаншалықты отбасының тәрбиесі балаға әсер ететіндігін және осы отбасының татулығына ата-ананың жауаптылығы жоғары екенін білдірді. Соған байланысты мектеп психологқа деген сұрақтары да көп болды. 3.«Мен кіммін?» жаттығуы.
Мақсаты: Адам бойындағы ерекше қасиеттер туралы түсініктер беру. Кешігірім ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу, өзіне деген сенімділікпен оптимизмге бағыттау.
Құрал жабдықтар: Жұмсақ ұлу өзінің үйінің ішінде ойыншығы, үйдің ішінде түрлі түсті қағаздар, адамның бойындағы жақсы ерешелігімен жазылған.
Орындау ережесі: Әр қатысушы алдымен өзі жайлы ойланып, менің бойымда қандай қасиеттерім бар екен деп
- “Сенің жұлдыздық сәтін” жаттығуы
Мақсаты:Өзіне деген сенімділігін арттыру, қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, қоршаған ортасына сенім білдіру, олардан қуат жігер алады.
Орындау ережесі: өз еркімен ортаға шығып, сол адамға екі жақтан жұлдызды қарсы алғандай қошеметтеп ортасынан жібереді.
- «Отбасылық социограмма» тесті
Мақсаты: зерттелінушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ақуалын тікелей және жанама түрде “қазір және осы жерде” анықтау.
«Отбасы социограмма» сауалнамасында ата-аналар, балалармен отбасыңдағы қарым-қатынасты, проблемалық жерлерін көре алды.
- Қорытындысы: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар? Нені болашақта қолданар едіңіздер?
Жалпы топтық талқылау және ұсыныстар беру. Кездесу соңында рефлексия өткізілді.
Ата-аналар «Өте қызықты, өзімнің жанұямды жанадан көргенімдей болдым, енді жеке консультацияға да жазылып кетсем екен деп быраз ата-аналардан ұсыныстар түсті. Осындай өткізілген жиналыстар ата-аналар мен психологтар үшін керектігін көрсетті.