Адамдармен қарым-қатынас жолдары.

 

Сабақтын тақырыбы: Адамдармен қарым-қатынас жолдары.

Сабақтын мақсаттары:

1.Оқушыларды қарым-қатынас жолдарымен, түрлерімен және әдістеріммен кеңіне таныстыру; оларды ортаға салып талдау; 

2.Адамадармен тындай білуге өз ойымен бөлісуге тәрбиелеу;

3.Өз ойына сенімді болып, нақты жеткізуді дамыту.

Пән аралық байланыс: философия, тарих, шетел әдебиеті.

Көрнекілік: тақтада  ұлы философтардын, ойшылдардын тұжырымдары

  1. Мадақтау шарап сияқты көңілді көтереді, бірақ сананы уламайды.                                                                                                                                                     Вольтер.
  2. Қателесу әр адамға тән, бірақ ақмақ адам ғана өз қатесін мойындаудан бас тартады.                                                                                    Цицерон.
  3. Көп сөйлегенде ұтылдым, ал ұндемегенде – ұттым.      Мао Цзедун.
  4. Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір-бірін сыйлауға тиіс. М.Горький.
  5. Ешкімде саған дос емес, ешкімде саған қас емес, бірақ әр адам саған оқытушы.

Орыс мақалы.

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу; оқушыларды түгелдеу

ІІ. 1). – Бүгінгі сабағымызды  «Телефон» ойынан  бастайық; қазір әр топтатан

біреуіңізге 1сөз айтам, оның міндеті — әрі — ғарай жалғастырып, қасындағы көршісіне құлағына айту. Ойынымыз осылай жалғастырылады.

Ойын аяқталғаннан кейін, қортынды жасау — оқушыларға сұрақ: неге басында айтылған сөз аяғында өзгерді?

Бүгінгі сабағымыздын тақырыбы  «Адамдармен қарым-қатынас жолдары». Өміріміз айналамыздағылармен тығыс қарым-қатынас құралған.

Өкінішке орай арада кейде түсінбеушілік, керістер болады. Себебі неде? Қате кімнен? Мүмкін өзіміз адамдардың көңілін түсініп тыңдай  білмейтін шығармыз?  Осы сұрақтарға жауап алу үшін сізге тест «Өз-араңызда қандайсыз?» ұсынамын.

  1. Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?

А). Бір қалыпты – 3 ұпай

Ә). Өрши түсемін – 2 ұпай

Б). Үндемей құтыласыз — 1 ұпай

  1. Достарыңызбен ара-қатынасыңыз қалай?

А). Жиі араласып тұрасыз – 3 ұпай

Ә). Онша араласпайсыңыз – 0 ұпай

Б). Реті келгенде — 2 ұпай

  1. Демалыс күніңізді қайда өткізесіз?

А). Үйде – 3 ұпай

Ә). Достарыңызбен бірге – 2 ұпай

Б). Кино, кафе, дискотекада — 3 ұпай

  1. Газет-журнал оқып тұрасыз ба?

А).Иә – 0 ұпай

Ә). Уақытыңыз болғанда – 3 ұпай

Б). Анда-санда — 2 ұпай

 

 

  1. Әдемі киінгенді ұнатасыз ба?

А).Әрине – 3 ұпай

Ә). Киім таңдамайсыңыз – 2 ұпай

Б). Модамен киінесіз — 0 ұпай

  1. Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе?

А).Иә – 4 ұпай

Ә). Жоқ – 3 ұпай

Б). Біреудін шаруасына араласпайсыңыз — 1 ұпай

  1. Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыңыз?

А).Бір қалыпты – 3 ұпай

Ә). Үндемей қаласыңыз – 0 ұпай

Б). Жеңілдей сезінесіңіз — 1 ұпай

10-15 ұпай. Сіз бір қалыпты жансыз. Ұрыс-керісті жаныңыз қаламайды. Айқай-шудан басыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Араға түсіп, арашалап алу дегенді білмейсіз. Ашуыңыз келіп тұрса да, үндемей құтыласыз.

16-25 ұпай. Ұрыс – керіс болса-ақ ешкімге бағынбай өршелене түсесіз. Тырнақ астынан кір іздеп, сол адамды жеңуге тырысасыз. Өзгенің пікіріне қосылмай, тек өзіңіздікін дұрыс деп бағамдайсыз. Сіздей жанмен бір шаңырақ астында өмір сүру қиынға түсері айдан анық. Жалғыз қалмау үшін әр дайым  ұстамды болғаныңыз дұрыс болар. Мәдениетті адам болғандықтан «Сабырлы жетер мұратына» деген мақалға еріп, әр керісті сабырлықпен шешу керекпіз.

Әрине, әр сәтте сабырлықты сақтау өте қиын, өйткені өмірімізде адамдармен тығыс қарым-қатынаста болғандықтан кейде арадағы түсінбеушілікпен келіспеушілік ұрыс-керіске алып келуі мүлдем мүмкін. Қалай сонда әңгіменелүшінің көңілін, қөз-қарасын сабырлықпен өзгертуге болады деген сауалдарға жауап іздейк.

2). Көріп отырсыңыз, группа топтарға бөлінген. Қазір әр топқа 2 түрлі тұжырымдар  ұсыналады. Қайсысы өзіңізге ұнайды, яғни болашақта жетістікке жетуге ұран ретінде алуға болады сол  нақыл сөзді түсүндіріп беруіңіз керексіңіз.    топ  — аналитиктер, яғни олар қате айтқаныңызды дұзеп, сұрақтар қойып, оз ойларын косып отыратын топ болады.

 

Тұжырымдар:

1.Әңгімеңізді жолдасыңызды мақтаудан және оның жақсы қасиеттерін көрсетуден бастаңыз.

2.Еш уақытта жолдасыңызды мақтамаңыз — ол өзін сізден жоғары ұстауы мүмкін.

3.Өзіңіздің дұрыс еместігін білсеңіз, тез арада мойындаңыз.

4.Өзіңіздің дұрыс еместігіңізді білсеңізде  мойындамаңыз, өйткені әңгімелушіңіз  сізді өзінен төмен санауы мүмкін.

  1. Әңгіме барысында адамдарға өз намысын сақтауға (ақталуына, қорғауға) мүмкіндік беріңіз.
  2. Әңгіме барысында адамдарға өз намысын сақтауға (ақталуына, қорғауға) мүмкіндік бермеуге тырысыңыз, өйткені ол сізді жеңіп кетуі мүмкін.

7.Уақыттын көбінде пікірлесіңіз сөйлесін.

8.Әңгіменің барысындауақыттын көбін өзіңіз сөйлеңіз, сонда әңгімелуші өзінің әліздігін сезіп, сізге қарсы шықпайды.

Қай  сөзді сіз дұрыс деп санайсыз соны тандап, дәләлдеу – сіздің мақсатыңыз.

Дайындалуға берілетін уақыт: 7 минут.

3) Әр топтардын жауаптарын тындап талдау, аналитик тобын сөз беріп, тақтадағы тұжырымдарды оқушыларға түсіндіріп беру.

5)   Керісті шешу жолдарын біз таптық.

-Бірақ неге олар пайда болады? (Оқушыларға сұрақ)

-Әңгімелушіге сыйластық сезіміз жоқ болғандықтан

-Неге? (Оқушыларға сұрақ)

-Өйткені оның дұрыс еместігін және жағымсыз мінезін байқаймыз

-Иә, адамның мінезіндегі жағымсыз ерекшекліктері тез байқалынады, сондықтан жүрегімізде сол адамға деген «антипатия» сезім пайда болады, ол бізді адамға сыйластық сезімін білдіруге кедіргі жасайды. Сол әңгімелушіге  қалай сыйластық сезімін білдіруге болады деген саулға орыс даналығынан жауп алуға болады…

Яғни, бұл мақалда әр адамда ағымен бірге қарасыда болсада, оның жақсы қасиеттерін байқап, қадірлеу, өзіміздін бойымызға еңгізу керекпіз деп сабағымыздын келесі турдын кірісейік  ойын «Үміт хаты».  Есіңізде болмаса,

 

 

 

ережелерін кайталайын: алдыңызғы открыткада  кімнің аты  жазулы тұр, сол туралы басталған сөйлемді жалғастырыңыз.

6) Хат кімге аргалған екеннің біліп, оған қойылатын сұрақтар: Жазылған тлектерге, не болмаса сенің бойында топтастарын байқаған қасиеттер бар ойлайсын ба, әлде сезбедін ба? Топтастарыңның саған жазғаны ұнадыма?

Бала дүниеге келгенде анасының сүтімен бірге бойына махаббат, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін еңгізеді. Үлкейгесін сол қасиетті сезімдердін құны түседі. Заман заманнан өзгереді, адам адаммен кездеседі, қоштасады,бірақ  өмір бойы адам махаббатты, сыйластықты іздейді, сондықтан жігіттер бақытты іздердін алдында, өзіңіз жақсы болып, адал болыңыз!

ІІІ.Сабақтын соңы.