Бала- біздің болашағымыз.
Тақырыбы : Бала- біздің болашағымыз.
Мақсаты :
- Бала тәрбиесіне ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру .
- Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Көрнекілігі : Өсиет сөздер, тест сұрақтартары , қабырға газеттері .
Кіріспе бөлім :
Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы , көз қуанышы – бала . Бала – дербес тұлға . Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып , әрленеді. « Бала нені білсе жастан, ұядан- өле – өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағана жатыр. « Бала істеген жауыздықтың жазасын » тәрбиешісі көреді деген. Бұл орайда мектептің де ролі зор. Өйткені , отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір- бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы – ата- анасы. Бала ата-анасының, ата-ана баласының жан-дүниесін түсінбейінше , іс алға баспайды . Ата-ана мұғалімге көмекші , сенімді тірек болса , мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана , барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Негізгі бөлім :
Отбасындағы , мектептегі бала тәрбиесі қандай ?
Келіңіздер , осы тақырып төңерегінде пікір алысайық.
І . Ой қозғау .
Ата-аналарға сұрақ:
- Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе ?
- Білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба ?
- Мектептен үйге келгенде көңіл –күйіне мән бересіз бе ?
- Балаңыздың достарын білесіз бе ?
Ұстаздарға сұрақ :
- Баланы қабілетті , қабілетсіз деп бөлесіз бе ?
- Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма ?
- Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?
- Сабақта баланың көңіл –күйіне мән бересіз бе ?
Оқушыларға сұрақ :
- Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың ?
- Саған ұстазыңның қандай қасиеттері ұнайды ?
- Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек ?
ІІ. Кездейсоқ жағдайдан шығу .
Ата-аналарға :
- Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз ?
Ұстаздарға :
- Сіз сыныпты тыныштандырып , сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей , оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап , күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?
Оқушыға :
- Сен би кешіне баруға достарыңмен уәделесіп қойдың .
Ата-анаң рұқсат бермеді . Бұл жағдайдан қалай шығасың ?
ІІІ. Психологиялық сараптама .
Тестердің жауабынан жинақтаған ұпайларына қарап , бағыт- бағдар беріледі .
Қорытынды
Қадірлі Ұстаздар, ата-аналар , « Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып , жерге қаратпасын десең , балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп , еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік . Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса , тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
- \Баланы қабілетті , қабілетсіз деп бөлесіз бе ?
- Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма ?
- Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?
- Сабақта баланың көңіл –күйіне мән бересіз бе ?
- Сіз сыныпты тыныштандырып , сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей , оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап , күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?
« Ырыс-ынтымаққа жолығады , дәулет-бірлікпен толығады » деп Елбасымыз жолдауында айтқандай , ынтымақ пен бірліктің артуына барынша күш-жігеріміз бен білімімізді аямай жұмсайық .
Психологиялық дайындық
Әрбір сабақ-үйрену ,ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің –тірлік,, тірек , адамдық
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адамдық
Білім деген –менің жарқын көңілім,
Білім деген шаттық толы көңілім,
Білім деген-әнім болып төгілдің
Білім деген –болашағы өмірдің .
Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын .
Соқса дадауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн.
Шәкіртсіз өмір-айсыз түн.
Көрінсін талабы еңбектің.
Абыройы арта берсін еңбектің
Мектептегі психолог жұмысының басты мақсаты :
Білімді, мәдениетті , шығармашыл, әдепті , парасаты мол, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру . Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеу, білу- оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін анықтау.Оқушы бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау. Жеке тұлғаның ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерінің дұрыс қалыптасуына , жеке тұлғаның дарындылық, шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру , мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру, жеке тұлға ерекшелігін ескеріп, жан-жақты түрде терең зерттеу болып табылады . Мектепте психолог жеке тұлғаны зерттеуде үнемі тиімді әдістемелік жүйені іздестірумен қатар, жеке тұлғаның физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана- сезімінің психологиялық дамуына ерекше назар аудару .