« Табыс жетістікке жеткізеді»

 

Тренинг тақырыбы: « Табыс жетістікке жеткізеді»

Тренингтің  мақсаты:Алдағы күнге сәттілік тілей отыра табысқа жетудің көздерімен таныстыру. Мектеп бітіруші түлектердің көңіл-күйін көтеру,қызығушылығын  арттыру,ұжымда  өзара қарым-қатынас орнату.

Тренинг  барысы:

І.Жүректен-жүрекке!

ІІ.Мимикалық ситуация

ІІІ.Кеңес: «Табысқа жетудің жолдары»

ІV.Ойын: «Әріптер сыр шертеді»

V.Кестелі сөз

 

 

Көрнеклігі: Слайдтар,нақыл сөздер,қорапша,жетондар,кеспелер.

Тренингтің ашылуы:

Нақыл сөздер:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен арман керек екен адамға

(Әбу Насыр Әл-Фараби)

І.Жүректен-жүрекке!

П:Оқушылар,бәріміз ортаға шеңбер жасап тұрамыз.Менің мына қолымдағы жүректі бір-бірімізге жылы сөздер,тілектерімізді айтып,алдағы ҰБТ-дан сүрінбей өтетінімізге сенімді болып шеңбер бойымен айналдырып шығамыз.Бір-біріміздің айтылған  тілектерімізді қайталамайыз.

Нақыл сөздер:

Тағдыр –кездейсоқтық емес,ол- таңдау еркі,

Оны күтпейсің,күреспен жасайсың!

(Уильям Брайн)

 

 

 

 

ІІ.Мимикалық ситуация

П:Қатысушылар үш топқа бөлінегеннен кейін ортаға шығып карточканы таңдайды.Онда топ өз  тақырыптарына байланысты мимика,панто-мимикалық ситуация құрайды.Қалған екі команда олардың басты бейнелерін,тақырыптарын табу керек.

 

 

Азғантай адам ғана қазіргі шақта өмір сүреді,

көбісі өмір сүруді келер шаққа

ысырып қояды.

(Джонатан Свифт)

ІІІ.Кеңес: «Табысқа жетудің жолдары»

П:

Табысқа жетудің жолдары:
Арман

дау

Үнем

деу

Алдыңа мақсат қою
Оқу және оқу
Еңбек ету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нақыл сөздер:

«Кез-келген қиындықтың астында

үлкен мүмкіндіктер жатыр»

(Шагармэн)

ІV.Ойын: «Әріптер сыр шертеді»

П: Әр топтан 4 оқушы шығады.Берілген 4 әріпті таңдап алады.Мен сұрақ қоямын.Сол сұраққа әріптеріңе сәйкес қызықты етіп жауап бересіздер. 5 сұрақ қойылған сайын дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығып отырады.

 

Сұрақтар:

  • ҰБТ-ға дайындығың қалай?
  • Жасың нешеде?
  • Аяқ астынан лотериядан миллион ұтсаң неістер едің?
  • Қазіргі көңіл-күйің қандай?
  • Ұнататын адамыңның -аты?
  • Шашыңды немен тарайсың?
  • Өтірік атың кім?
  • Тесттен 120 балл алсаңнеістейсің?
  • Қандай мамандық таңдадың?

10)Жеміс қайда өседі?

11)Келесі жылы осындай уақытта не болады?

12)Көп ақшаны қалай табуға болады?

13)Сынып жетекшің қандай адам?

14)Қызын немесе жігітің тастап кетсе неістейсің?

15)ҰБТ-дан қорқасың ба?

Мақалды табу: ( Мектеп- кеме,білім-теңіз)

Нақыл сөз:

Егер ашуланып тұрсаң сөйлердің алдында

10-ға дейін сана,егер қатты ашуланып тұрсаң

100-ге дейін сана.

(Томас Джеферсон)

V.Кестелі сөз

П: Қазыр балалар,сіздерге тақтада кесте беріледі.Соның ішінде сөздер бар.Соған сәйкес біз амоним,синоним сөздерді тауып кестені толық аяқтап шығуымыз керек.

Тренингтің аяқталуы:

Өкпелеме ,өкінбе өміріңе

Өмір,өмір болмайды түңілуге

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге

Қайта тұрып хақың бар жүгіруге.

(Мұқағали Мақатаев)