Жер –шар тәрізді дене. Глобус-Жердің дәл үлгісі

Тақырыбы: «Жер –шар тәрізді дене. Глобус-Жердің дәл үлгісі»

Бастауыш сынып мұғалімі: Темирова Шынарай Темирбулатовна

 

Қарғалы ауылы

 

 

Тақырыбы:  Жер –шар тәрізді дене.Глобус-Жердің дәл үлгісі.

Мақсаты:1. Жердің шар тәрізді екенін, глобустың жердің дәл үлгісі екенін

түсіндіру.

  1. Ой-өрісін, теориялық білімін, сөйлеу тілін дамыту.
  2. Жерді босқа сызбауға, босқа қазбауға, ырымдарды сақтай білуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: репродуктивтік,топпен жұмыс, іздену, сұрақ -жауап

Көрнекілігі: слайдтар,суреттер, глобус,карта (жарты шарлар),бағалау парақтары

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.  Слайд№ 1

Оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару. Оқушыларды 5 топқа бөліп, топбасшыларын сайлау.

Бағалау критерийлерімен таныстыру. (Әр дұрыс жауапқа топқа глобус суреті беріледі)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Слайд№2

Күн туралы білгендерін әңгімелету. Мазмұнын толық сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:Топпен жұмыс

Топ басшылары жазған жауаптарын тақтаға шығып қорғайды.

Кестені толтыру       Слайд№  3

Күннің маңызыЖердегі тіршілік үшін
Жылу көзі ретінде
Жарық көзі ретінде

Басқа топ мүшелері қосымша сұрақтар қояды.

Күн деген не?

-Күн мен Жердің арақашықтығы. Слайд№ 4

-Күннің диаметрі

-Күн жүйесінде неше планета бар?  Оларды ата. Слайд№  5

-Күн бетіндегі,қойнауындағы температура қандай?

-Күн қуаты қалай пайдаланылады?

-Ай дегеніміз не? т.б.

-Біздің галактикамыз қалай аталады?

Тәжірибе жасату: Әлем  үлкейген сайын галактикалар бір-бірінен алыстай береді. (үрмелі шармен жұмыс)

ІV.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Слайд№ 6

Жұмбақ шешу:

Доп сынды келбеті,

Онда бар түп-түгел

Әлемнің әлпеті  (Глобус)

Жер-шар тәрізді дене. Глобус—Жердің дәл үлгісі.

V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:   Слайд№ 7,8,9

Жердің пайда болуы туралы аңыз айтып беру.(Энциклопедиядан мәлімет) Слайд№  10

Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында.Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий,Шолпан,Жер,Марс)  ішіндегі ең үлкені.

Жер-шар тәрізді екенін  бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары .Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек  болатындығын келтіреді. Слайд№  11

Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды.Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған. Слайд№  12

Жердің шар тәріздес екендігін ашық теңізде немесе тегіс жазықта көрінетін көкжиек дөңгелек пішінді болып келеді. Слайд№13,14,15

Таулы жерлерде таңертең көкжиектен әлі көтеріле қоймаған Күн сәулесі таудың басын шалады. Егер Жер тегіс шыққан Күн сәулесі таудың етегінен басына дейін бірден түсер еді. Слайд№ 16,17

Теңіз жағасында тұрған адамға алыстап бара жатқан кеме көрінбей қалады. Бұл Жердің дөңестігіне байланысты. Слайд№18

Қазіргі кезде ғарыш кемесінен түсірген суреттер Жер-шар тәрізді дене екенін дәлелдеді. Слайд№ 19,20

Ал біз шар үстінде тұрғанымызды неге байқамаймыз? Слайд№21

Оқушылар жауаптарын тыңдау

 Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Слайд№  22

Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады. Слайд№ 23

Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп алынады. Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады.Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын  глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады.

Глобус ХҮ ғ. бастап шыға бастады. Слайд№  24,25,26

Әлемдегі жалғыз глобустар мұражай Австрия еліндегі Вена қаласындағы Ұлттық кітапханасында орналасқан. Бұл мұражай 1956 жылы ашылған. Қазір мұражайда 590 экспонат бар.

1998 жылы жасалған алып шар американың Ярмут қаласының  штаб — пәтерінде қойылған. Глобус қаңқасы жеңіл алюминийден істелінген. Диаметрі 12 метр , рекорд Гиннеса кітабының өкілдерінің айтуы бойынша, бұл глобус әлемдегі ең үлкен глобус болып келеді. Слайд№  27,28

Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит дейміз. Мұхиттың құрлыққа кіріп жатқан бөлігін  теңіз дейміз.

Жер шарында 4мұхит бар аттарын  айтып,картадан көрсету. Слайд№  29

Картамен жұмыс (4 мұхитты табу)

Тынық мұхитының аумағы  қалған үш мұхиттың аумағын қосқандағыдай.

Құрлықтың мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері материк деп аталады. Материк -алтау, оларды айтып,картадан көрсету.(6 материкті табу)

 Слайд№  30

 

Қазақстан қай материкте орналасқанын айтып түсіндіру.

 

 

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқулықпен жұмыс.Дауыстап тізбектей оқу.

Дәптермен жұмыс: Дәптерге глобустың анықтамасын жазу

Сергіту сәті

Глобустан, картадан  мұхиттарды, құрлықтарды оқушылардың өздеріне көрсету.

 

Тест жұмысы    Слайд№ 31

Меркурий -Күнге ең жақын ғаламшарЖер  7 материктен тұрады

 

Жерге ең жақын жұлдыз-КүнАустралия-ең кішкентай материк
Күн жүйесіне жататын планеталардың барлығында тіршілік барЖер бетінде 5 мұхит бар

 

Мұхиттардың  үлкені-Тынық мұхитыАнтарктиданы Мұз құрсанған материк деп атайды
Ай-жұлдыз

 

Барлық аспан денелері ұдайы қозғалыста болады
Сатурн-Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшарНептун- Күннен ең алыста орналасқан ғаламшар
Сатурнның сақиналары бар

 

Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады
Еуразия-ең үлкен материк

 

Қазақстан  Еуразия материгінде орналасқан

 

Тест жұмысын оқушылармен бірге тексеріп, бағалау

ҮІІ. Қорытындылау

  • Ертедегі адамдар жер пішінін қандай деп ойлаған?
  • Жердің шар тәрізді екеніне қандай дәлелдер бар?
  • Глобус дегеніміз не?
  • Төрт мұхитты ата
  • Алты материкті ата
  • Планета дегеніміз не?

Шығармашылық жұмыс: «Ұлы Жеңіс- 70 жыл» тақырыбына

«Жер-біздің ортақ үйіміз» шағын әңгіме құру  Слайд№  32

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 119-122беттерді оқу,мазмұнын айту.

Дәптерге құрлықтар мен мұхит және теңіздерді картадан қарап жазуға. Слайд№33

ІХ.Бағалау: әр топтың жинаған глобустарын санап, жеңімпаздарды анықтау