Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация

Сабақтың  тақырыбы : Озат  педагогикалық  тәжірибе  мен  инновация

1.Білімділік : Студенттерге озат  тәжірибе мен инновация  туралы  түсінік  беру,

шығармашылық  мәселе-педагогикалық тәжірибені  зерттеу, жинақтау,

тарату жолдарын үйрету.

2.Дамытушылық: Студенттердің  сабақ  барысында  шығармашылық қабілетін

дамыту

3.Тәрбиелік: Студенттерді  ұйымшылдыққа,  ізденімпаздыққа, сенімділікке

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, карточка, компьютер, интерактивті  тақта, тест  сұрақтары.

Сабақтың  түрі : Дәстүрлі  емес сабақ

 

Сабақтың  әдісі : Шаталов  тірек-сызбалары, «Кім  жылдам » ойын  технологиясы,  СТО

технологиясы.

 

I.Ұйымдастыру  бөлімі:1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды  түгендеу

 

II.Үй  тапсырмасын  сұрау :

 

 

«Ғажайып   бестік» ойынының  сұрақтары

  1. Оқытудың ұйымдастыру  тәсілдері ?
  2. Баланы жекелеп  оқыту  туралы не  айтасыз ?
  3. Трамп жоспары туралы  не  айтасыз ?
  4. Бригадаларға біріктірп  оқыту  туралы не  айтасыз ?
  5. Далтон жоспары  туралы  не  білесіз

 

III.Жаңа  сабақ.

Тақырыбы : Озат  педагогикалық  тәжірибе  мен  инновация

Жаңа  сабақтың  жоспары :

  1. Педагогикалық тәжірибе  және  озат  педагогикалық  тәжірибе  туралы  ұғым, маңызды  белгілері.
  2. Педагогикалық озат  тәжірибені  зерттеу,  жинақтау  және  тарату.
  3. Инновация туралы  ұғым, маңызы, топтастыруы, шығармашылық   іс-әрекет .

 

«Білім  беру жүйесін  жаңғырту  барысындағы  маңызды  іс-шараның  бірі —

оқу  үдерісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу»

Н.Ә.Назарбаев.

(«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту -Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» атты  Қазақстан  халқына  жолдауынан. 27.01.2012 ж )

 

ХХ! ғасыр — білімділер  ғасыры.Қазіргі  таңда  біздің  еліміздің алдына  қойған  мақсаты-бәсекеге қабілетті  дамыған  елдер  қатарына  қосылу.»Ал  осы  елдер  қатарына  қосылу  үшін  не  істеуіміз  керек?»-деген  сұрақ туындайды. Әрине білім  сапасын  арттырып, ұстаздардың  білім  беру  саласындағы  жаңа  технология  элементтерін  жылдам  игеруін  қамтамасыз  ету  керек.Балаға  тиянақты білім  беру де  жаңа  технология  элементтерін  қолдану  шәкірттердің  қызығушылықтарын  оятып, ойлау  қабілетін  дамытуға  зор  әсерін  тигізеді.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе — оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі.
Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштастырып,  бірте-бірте  жаңашыл болады. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табад

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі.

70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты — жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

III.Практикалық  тапсырма.

Сіздер  болашақ  информатика  маманысыздар.Қазір  мен  сабақ  барысында  көрсеткен  өзіміздің  білікті, тәжірибелі  мамандарымыздың  озат  тәжірибелерін, инновацияларын  пайдалана  отырып,  технологиялардың  қай  түрін  пайдаланған  көрсетеміз.

IY.Зерттеу жұмысы. Сол  пайдаланған  технологияларды  пайдаланып , сабақ  жоспарын        құрыңыз.
Y.Үйге  тапсырма .Мазмұндау.Тест  сұрақтарын дайындау.