«Сәтті болашағыма қадамым» тренинг
Тақырыбы: «Сәтті болашағыма қадамым» тренинг
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танып, өзін-өзі тәрбиелей білуіне көмектесу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
шығармашылыққа баулу.
Міндеті: Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу; Танымдық белсенділігін арттыру;Ой- өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: Ой – толғау, сұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
| Сәлеметсіндер ме балалар! «Күйіне келтіру» жаттығуы. Мақсаты: Сабақ басында қуаты мен күшін тез мобилизациялау және жұмыс қабілетін жоғарлату. Топ мүшелері ыңғайлы позада шеңбер құрып отырады. Психолог денені бос ұстап, көзді жұмып айтылған әңгімені көз алдарына елестеуді ұсынады. Келесі мәтінді баяу, жұмсақ етіп әңгімелейміз. «Бүгін сіз класқа барғыңыз келмей тұр. «Егер де… » әрекет ете отырып, өз күш қуатымызды мобильдеуге тырысамыз. Егер де менің көңілім жақсы болып,өзімді демалған және жаңарғандай сезінсем, класқа қуана барар едім. Көшеде келе жатып өз оқушыларым туралы ойланам, оларды тезірек көргім келеді. Мектепке кіріп келдім, өз әріптестеріммен сәлемдесемін, оларға күлімсірей қараймын. Өз классыма бара жатырмын, класқа кірдім қоңырау соғылды, сабақ басталды.
Жаттығуды орындап болған соң жалпы топтық талқылау жүргізіледі. Бұның барысында мұғалімдер мен психолог жұмысқа бағытталудың психотехникалық әдістерімен тәжірбие алмасады. Тренинг: «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер. Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды. Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады. Интерпритация Алқызыл-ұнамды көңіл-күй Ақ –анықталмаған көңіл-күй. Қызыл қуанышты көңіл-күй Көк- суық көңіл-күй Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй Қара-күш қуаттың төмендеуі Сары-жағымды көңіл-күй |
2. Ой шақыру.
| Оқушылар, бүгінгі заман, жастардың алдында үлкен мүмкіндіктермен бірге таудай талаптар қойды. Сізде соны түсіне отыра біздің лицейіміздің табалдырығын аттадыңыз. Сізге бірнеше сұрақ қояғым келіп тұр: — мамандық алудан басқа тағыда мақсаттарыңыз барма? -өз болашағынызды армандайсызба? -арманыңызға,талаптарарыңызға қол жеткізу неге, кімге байланысты? -өзінді тану дегенді қалай түсінесін? — Қандай пайда бар,өз-өзің танудан? |
Күтілетін жауаптар | -әрине басқада мақсаттарымыз бар; армандаймыз; арманымыз-болашағымызды жақсарту; арман орындалу өзімізге байланысты;өз-өзін танып білген адам өзінің кемшілік мінез-құлығын біліп жою жағдайын қарастырады, өзін тәрбиелейді. |
Мұғалімнің қорытындылауы | — Өзін-өзі тану -өзін бағалау, іс-әрекеттерін, кемшілігі мен жетістігін білу деген мағынаны білдіреді.
|
Тақырыб бойынша әңгімелесу | Өзін-өзі тәрбиелеу-өмір талабы. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз-жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып,кездескен қиыншылықтарды жеңе білу.Әр адам-жеке тұлға. жігер керек.Орташа қабілетті,бірақ жігерлі болсаң көп нәрсеге қол жеткізесің,ал қабілетті , бірақ жігерсіз болсаң, ешнәрсеге қол жеткізбейсің. Қалай ойлайсыз, адам мақсатқа қол жеткізу үшін қандай болу керек? Оқушылырдың жауаптары |
Күтілетін жауаптар | Жігерлі, күш-қуатты,ақылды,тәрбиелі |
Назарымызды тақтаға аударайық | Тақтада көрсетілген сұрақтарға окушылар жауап беру керек, кейін жауаптар тақтада көрсетіледі |