Психология. Іскерлік ойын.
Психология. Іскерлік ойын.
1.Жұлдызнама бойынша төсбелгілерін алу. /1минут/
/Мерген, суқұйғыш,торпақ…т.б./
2.Презентация. /төсбелгіңіздің ерекшелігін қысқаша мақтау/ /3минут/
/Мыс: мерген-бастаушылар,инициатор,белгілі бір нысананы көздеуде боламыз.,балықтар белсенді,көпшіл т.б./
3.Команда құру. /А4 қағазы көлік суреттерімен/
а/Ұсынылған көліктердің біреуін таңдаңыздар.
ә/Сол көлікке команда мүшелерін ыңғайлы орналастырыңыздар. /5минут/
-Сіздер неліктен бұл көлікті таңдадыңыздар?
-Неге ол адамды жүргізуші етіп сайладыңдар?
/талқылау/ Қорытынды:
«Ұшақты» таңдағандар: Әр істе жылдамдықты, шапшаңдықты қалайтын адамдар.Кез келген істе алда,бірінші болып жүретіндер.Жоспарды ойша да бітіріп қоятын да қабілеттері бар. Тұрақсыз, ұнамаса, басқа іспен айналыса береді.
«Автобусты» таңдағандар: Кез келген істі «қалыпты жағдай» деп қабылдайды, жұмысты орындауға да, кідіріс жасап орындауға да болады деп есептейтін адамдар.Тұрақтылығы басымырық.
«Ғимаратты» таңдағандар: Әр істі байыппен, 7рет өлшеп барып істейтін, істі тындырып орындайтын, тұрақты адамдар.Барлық жұмысты ұнаса да, ұнамаса да атқарып тастайды. /Темпераменттерге байланысты/
Бұл не үшін керек?Командалық біртұтастыққа,көшбасшылық тұлғаны дамытуға,кикілжіңді шешуге,шынайылылыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардан команда құрғанда, «ғимараттағылар»-басшылар,төреші, сарапшылар;« Автобус» пен «ұшақтағылардан»-жүргізушілер,жетекшілер,орындаушылар;
4.Логикалық тапсырма:
1-топқа: «Аяқ киім шығаратын фирма басқарушылары бір қалада аяқ киімнің оң жақ сыңарын, екінші қалада аяқ киімнің сол жақ сыңарын шығару керек деген шешімге келеді.Осындай шешімге келу- фирманың біршама шығынын азайтқан.Сонда бұл фирма неге шығындалған?
Жауабы: аяқ киім ұрлығынан
2-топқа: «Аризона Америка штатында шөл даланы ұрылардан қорғайтын болыпты.Сонда онсыз шөлейт дала мүлдем қаңырап бос қалатындай ұрылар нелерді ұрлауда?
Жауабы: кактустарды
3-топқа: «Бір адам базардан 50тг ат сатып алады.Бірақ аттардың бағасы қымбаттағанын байқап 60тг сатып жібереді.Содан кейін «жаяу қалай жүремін» деп сол атты 70тг сатып алады.Біраздан соң, «оны қымбатқа неге сатып алдың деп әйелім ұрысады» деп оны 80тг сатып жібереді.Нәтижесінде қанша ақша ұтты деп ойлайсыз?
Жауабы: -50+60-70+80 =20тг
5.Қай топ жылдам береді?
а/ 17ғасырда МаркоАрони қандай тағамды ойлап тапты?
/макаронды/
ә/Көбейе береді, бірақ азаймайды?
/адамның жасы/
б/Нені шикідей жемейді, ал пісірсе — лақтырып тастайды.
/лавр жапырағы/
- Рефлексия.
7.Белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіру.