Дара және күрделі сан есім
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Сабақтың мақсаты: 1. Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылардың сан есім туралы білімдерін еске түсіру. Сөйлемнен сан есімді таба білуге үйрету. Оның сұрақтарын игеру. Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір – бірінен ажырата отырып, сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындауға дағдыландыру.
- Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, тіл байлығын, ой – өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту
- Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, сызба, гүлдер, киіз үй құрылысы, кесте
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Түрі: Ертегі сабақ
Әдісі: Сұрақ – жауап, ой – қозғау, ұжымдық жұмыс
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақ
-Ертеде бір жыл ақсақалы болыпты. Оның төрт баласы болыпты. Ең үлкен баласы суық қабақты, үнемі түнеріп жүреді екен. Үшінші баласы өзі бай әрі дархан, қолына түскенін еңбек еткен шаруадан аямайтын болыпты. Екінші баласы жайдарлы, өте сұлу, құстармен, шыбын – шіркей, бунақденелілермен дос болыпты. Кенже ұлы өзі жап – жас, ерке, сәл затқа ренжіп жылап қала беретін болыпты.
-Осы жыл ақсақалы төрт баласын ертіп, бүгін бізге қонаққа келді. Ол құр келген жоқ, сендердің білімдеріңді, үй тапсырмасына қаншалықты жақсы дайындалғандарыңды білгелі келді. Егер жыл ақсақалы сендерге риза болса кеже баласын осында тастап кетеді.
— Жыл ақсақалының кенже баласы кім деп ойлайсыңдар?
Көктем мезгілі сендерге ұнай ма?
Олай болса, бар білімдеріңді көрсетіңдер
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Бірінші ай қалай аталады?
Екінші ай қалай аталады?
Үшінші ай қалай аталады?
Неше ай дегенде қандай сан есім бар? (үш)
Нешінші ай дегенде қандай сан есім бар? (бірінші)
Үш деген сөзге қандай сұрақ қойылады? Сан есімнің қай түріне жатады?
Бірінші деген сөз қандай сұрақ қойылады? Сан есімнің қай түріне жатады? Реттік сан есім қалай жасалып тұр?
-Сызбамен жұмыс
Сан есім |
нені білдіреді? Сұрақтары
мағынасына қарай тұлғасына қарай
-Өте жақсы, балалар, жыл ақсақалы сендерге риза болып отыр,ол кенже ұлы көктемді сендерге сеніп тапсырып,қалған үш баласын алып кетті.
Балалар, сендерге көктем мезгілі ұнайма?
Олай болса, тақтаға назар аударайық. Мұзафар Әлімбайдың « Мен- баласы даланың» атты өлеңін оқимыз. Мұзафар Әлімбай балалар жазушысы, ақын.
Бес жасынан ат жалында ойнаған,
Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған,
Жеті түнде бес жүз қойдың түс – кейпін,
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,
Мен – баласы даланың,
Кең далама тартып туған баламын.
- Бес, бес жүз сан есімдерін салыстыру. Әрқайсысының сөз саны бірдей ме?
Жеті түнде, бес саусақтай деген сөздердің мағынасын түсіндіру.
Жеті түнде – қараңғы түн, түннің ортасы.
Бес саусақтай – бәрін біледі, өте жақсы біледі.
Сан есім |
Ережені сызбамен түсіндіру
Күрделі сан есім Бірнеше сөзден тұрады |
Дара сан есім 1 сөзден болады |
-Олай болса, балалар, дәптерімізді ашып күннің жадын жазайық.
Балалар, көктем мезгілі келгенде қандай белгілері болады?
Ең алғашқы бүршік жаратын қандай гүл?
8 – жаттығуды дұрыс орындаған оқушыға көктем өзінің ең алғаш гүлін сыйлайды.
Сөйлемдегі сандарды сөзге айналдырып жаз. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара не күрделі екенін айт.
Отыз, елу – дара сан есім, жүз жиырма, сексен бір – күрделі сан есім
Наурыз айында қандай мерекелер бар?
Ойын: «Анама гүл сыйлаймын»
Гүлердің артындағы тапсырмаларды орындау
9-жаттығу
-Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.
Он бес, қырық жеті, жүз алпыс бес, бір мың тоғыз жүз тоқсан бір.
Наурыз мерекесінде не құрылады?
Ойын: «Киіз үй құрастыру»
Киіз үй құралдарының артындағы тапсырмаларды орындау
10 – жаттығу
-Берілген сан есімдерді сөзбен жаз. Олардың дара не күрделі екенін дәлелде.
9, 11, 27, 189, 640
Тоғыз дара сан есім. Өйткені бір сөзден тұрады.
Он бір күрделі сан есім. Өйткені екі сөзден тұрады.
Наурыз тойында қандай қандай ұлттық тағамдар пісіріледі?
Наурыз көжеге қанша дәм түрілері қосылады?
Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз?
Наурыз көжеден ауыз тигілерің келе ме ?
Олай болса, 12 – жаттығуды орындаймыз
Мақалды оқып, жатқа айт. Сан есімдерді тап. Мақалдың мәнін түсіндір.
Білгенің – бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Тоғыз – тоқсан тоғыз
Білгенімізден, білмегеніміз көп
Шығармашылық тапсырма
-«Егер мен әкім болсам» тақырыбына наурыз тойда қандай шаралар өткізер едім
деген пікірге әңгіме жазу.
«Наурыз бата» оқушылар ұстаздарға, бір – біріне жақсы тілектер айтады.
ІҮ.Қорытынды
-Балалар, бүгін біз сабақта не үйрендік?
Сызбамен жұмыс Нені білдіреді, сұрақтары
Сан есім |
Мағынасына қарай
Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
Ү.Үйге тапсырма беру
— 11 – жаттығу жұмысы, ереже жаттау.
ҮІ.Бағалау