Жас келсе, іске

Тақырыбы:   Жас келсе, іске

Мақсаты:   Жас ұстаздардың дүниетанымын тереңдігін, жан-жақты білімділігін, ең озығын      анықтау. Ұстаздардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін    көтеру, қарым-қатынасының белсенді стилін орынықтыру.

Түрі : сайыс

Көрнекілігі:  ұлағатты  сөздер

     Құрметті ұстаздар «Жас келсе  іске » атты сайсқа қош келдіңіздер!

Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыз жаңа көзқарасы жан-жақты, өз мүмкіндігін толық пайдалана білетін, ұшқыр ойлы әрі зерек мамандар дей отырып, осы қадір-қасиеттеріңізді  шыңдап, дамыта түсетін сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

   «Ақыл жастан, асыл тастан » деген сөзді айтқан халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.

                Осындай алғыр достар кез келгенде

Жетейік  жарыстарда біз жеңіске

Қарсылас болғанымен құрбысыңдар

Тілейміз игі тілек сендерге де

Құрметті ұстаздары ой-саналы

«Жас ұстаздар» сәлем беріп, ән салады.

Бүгінгі сайысында достарына

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Кеш басталмас бұрын қатысушы ұстаздарды ортаға шақырамыз.

1 топ: «                          »

  1. Ақсұлтанова.А
  2. Сайынов.М
  3. Хамидоллиева.С

1 топ: «                         »

  1. Шонаева.Г
  2. Есболсынов.А
  3. Шүйіншалиева.А

          Өтілу барысы

  1. Топты таныстыру
  2. «Сиқырлы әріптер сөйлейді»

(Әріпке байланысты сұрақтарға әзілмен жауап беру)

  1. Еркін сөз (жағдаяттардан шығу)
  2. «Ойлан тап» (қойылған сұрақтарға мақалмен жауап беру, бір сөзден бірнеше сөз құрау)
  3. «Ертегі құрастыру»

Сөздерді байланыстырып ертегі құрау, ертегіге ат қойып, қойылым көрсету.

  1. Кім жылдам (сөздерді көрермендерге қимылмен түсіндіру)
  2. Тапқыр болсаң тауып көр

(ұяшықты таңдау арқылы сұраққа жауап)

  1. Қолқа салу

 

1ж      Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Жастары деп мектептің жүрейікші.

Әділқазы алқасынан әділдікті

Ұстаздарға сәттілікті тілейікші

2ж      Әділқазы алқасын сайлау

  1. Мектеп директоры: Тулегенова.Т
  2. Мектебіміздің тәжірибелі ұстазы: Нұрсұлтанов.Қ

Жаттығу «Менің жүрегім ән айтады, егерде мектепте….», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте……..»

Әр бір ұстаз өзінің не үшін қуанып, не үшін қайғыратынын айтыды

1.ж  1 бөлім топты таныстыру

Өлеңді жалғау «Ұстазым» әні  айтылады

Әр уақытта көңілдеріңіз көтеріліп , мәртебелеріңіз биіктей берсін!

2 бөлім  Сиқырлы әріптер сөйлейді

2 командаға 10 сұрақтан беріледі.

Кеспе әріптерді таңдау арқылы сұрақтарға әзіл түрде жауап береді.

1 ком:

  1. Сиыр неге мөңірейді?
  2. Сен неден қорқасың?

3.Сен қандай дарындылыққа ие болғың келеді?

  1. Жасың нешеде?
  2. Сізді жұрт кім деп ойлайды?
  3. Адам тамақты не үшін ішеді?
  4. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
  5. Өзіңізді әдемімін деп ойлайсың ба?
  6. Жылқыда неше аяқ бар?
  7. Шашыңның түсі қандай?

2 ком:

  1. Мектебіңнің атауы
  2. Сүйікті тағамың
  3. Бала неге жылайды?
  4. Сен қандай музыкалық аспапта ойнай аласың?
  5. Нашақорлық дегеніміз не?

6.Сіз кімге сенім артасыз?

  1. Сіз өзіңізді ақылдымын деп ойлайсыз ба?
  2. Мектепке не үшін келесің?
  3. Ағашта не болады?
  4. Папаңның есімі кім?

Алдағы біз  баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.

Ал енді тізгіндерді ағыталық.

3 бөлім «Еркін сөз» жағдаяттан шығу

  1. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды , керісінше заңгер, банкир, экономист, есепші т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды.

Мұның себебі неде?

  1. Өздеріңіздің оқушы кезіңіздегі оқушылар мен қазіргі оқушылардың мектеп пен мұғалімдерге көзқарасы бірдей ме?
  2. Жас ұстаздарға : Сіз үшін жұмыс табыс көзі ме? Әлде…

 

 

  1. Сіздер ұстаздық жолды таңдадыңыздар. Ұстаздық –бұл ең қиын, әрі қызықты мамандық. Осы мамандықты таңдау сыры туралы әңгімелеп берсеңіздер.

 

4 бөлім «Ойлан тап» 2 командаға 12 сұрақтан беремін мақалдап жауап беру керек.

  «Егемендік », «Қазақстан »  сөздерінен бірнеше сөздер құрау керек.

Ұстаздардың ой ұшқырлығын, сөздік қорын анықтау.

1 ком:

  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар да жанады)
  2. Адамның төбесі аспанға жете ме? (Төбесі көкке жетті)
  3. Адамның қай жеріне нан піседі? (Кеудесіне нан піседі)
  4. Қай ас тәтті? (Еңбекпен тапқан дәм тәтті)
  5. Аурудың жаманы не? (Ұмытшақтық)
  6. Нені жасыруға болмайды? (Ауруын жасырған өледі)
  7. Кім қартаймайды? (Халық қартаймайды)
  8. Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде)
  9. Түкіріктен көл құрала ма?
  10. Тауық түс көре ме? (Аш тауықтың түсіне тары кіреді)
  11. Адамның қанаты бар ма? (Ұшарға қанаты болмау)
  12. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

2 ком:

  1. Адамда арқау бола ма? (Ас- адамның арқауы)
  2. Қайтсең тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)
  3. Ердің атын не шығарады? (Ердің атын еңбек шығарады)
  4. Адамның көркі не? (Адамның көркі — шүберек)
  5. Сөз анасы не? (Сөз анасы — құлақ)
  6. Тәуекел түбі не? (Тәуекел түбі — желқайық)
  7. Қай уақытта айнаға өкпелемейсің? (Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме)
  8. Өтірікші өзін не істейді? (Өтірікші өзін күлкі етеді)
  9. Елдің құлағ нешеу? (Ел құлағы елу)
  10. Қандай кілт аспанда ? (Кісідегінің кілті аспанда)
  11. Басынан шіритін не? (Балық басынан шіриді.)
  12. Сөздің көркі не? (Сөздің көрікі- мақал)
  • бөлім «Ертегі құрастыру»

Сөздерді байланыстырып ертегі құрау, ертегіге ат қойып, қойылым көрсету.

 

 6 бөлім: «Кім жылдам?»  Мүғалім бала көңілін таба білетін, бала да бола алатын артист десе артық емес.  Сіздерге берілген сөздерді  3 мин ішінде көрермендерге қимылмен түсіндіріп беру керек.

  1. ұстаз, әже, шаш, кітап, маса,  қоян,
  2. мысық, қылыш, аю,  терезе,   үй,  қайық.

7 бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр» ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Алғашқы қазақ ғарышкері /Т. Әубәкіров /
  2. Қай жылы ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды? /1992/
  3. Қашан Семей полигоны жабылды? /1991ж, 29 тамыз/
  4. Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттермен шекараласады?

/ Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан/

  1. Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша? /2724,9 мың шаршы шақырым/
  2. Қазақстанда неше облыс, неше қала бар? /14 облыс, 858 қалалар бар/
  3. Ресейде «Абай жылы» қашан аталып өтті? /2005 жылы/
  4. Именіп жүріп көрген игіліктен-қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

(авторы кім?) /Б. Момышұлы/

  1. Тәуелсіздік күніне арналған өз тілегіңіз

 Қорытынды:

  «Аң жәндік»  мінездеме беру тренинг

Бірінші қатарға ұнайтын аңдардың атын жазасыз.

Екінші қатарға ұнайтын жәндіктердің атын  жазасыздар

Жазған аң, жәндіктеріне қарап адамның өзіне мінездеме беремін.

Қорытынды:

  1. Мені жұрт …… деп ойлайды.
  2. Мені ….. деп ойласа екен деп ойлайсыз.
  3. Дәл өзіңіз
  4. Сіз жұмыста………
  5. Достарыңның алдында…….
  6. Негізі сіз ……..

Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.

Құрметті ұстаздар «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші  ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жансын. Кешке атсалысып белсене қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Шәкірттеріңіздің үлгі тұтар саналы да, тәрбиелі ұлағатты ұстазы болыңыздар.