«Қарым-қатынас және өзін-өзі тәрбиелеу»
Тақырыбы: «Қарым-қатынас және өзін-өзі тәрбиелеу»
Мақсаты: Өзін-өзі тану түсіну, ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Өткізу формасы: тренинг
Өтілу барысы
- Панарин тест
- Таныстыру»
- «Джунглидегі жаңбыр»жаттығу
- «Мен кіммін?» ойын
- «Тығырықтан шығар жол» сұрақ-жауап
- «Ата-анамен байланыс кезіндегі ұстаз әрекеті» жаднама
- «Сіз білесіз бе?» жаттығу
- «Түрлі-түсті шарлар» аяқталмаған сөйлем
Тренинг ережесі:
- Өз ойын ашық айту.
- Өзгенің пікірін құрметтеу.
- Шынайылық.
- Белсенді әрекет ету.
- Өз сезімін басқара білу.
- Уақытпен санасу.
- Кіріспе сөз.
Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік
Дүниедегі ең данасы – Уақыт
Ең жеңілі – Біреуге ақыл айту
Ең қиыны — Өзін-өзі тану
Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б. Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпайтынмын, керсінше жақсы әңгімелерін ылғи да айта жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір секілді. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Адамның ішінде оны түрткілеп тұратын бір сайтан ой болады. Бұл ой оған былай деп сыбырлайды: «Неге бұл істі сен ғана істеуің керек? Таста, басқалар істесін», «Сен өз міндетіңді атқардың, қалғаны сенің ісің емес, осы істегенің де жетер!» және тағыда тағылар… Бұл сыбырға ергендер әрдайым есімен тайталасып, салғыласып, ұрысып-керісіп жатады. Ал ұрыс бар жерде ешқандай береке жоқ. «Күл болмаса бүл болсын»дейтін мұңсыз адамдар осындайдан шығады. Өйткені мұндай адамдар «Мені бұл нәрсе қызықтырмайды, маған бәрібір»-дейді. Әрине, мұның бәрі де-бір абырой әпермейді. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары бар. Өз жан дүниеңе қара. Адам сөйлескенде ең көп «Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды, «Мен сүйттім», «Мен бүйттім» дегеннен адам жалығар емес. Бұл өзіне сенгендік емес керісінше өзін ғана ойлаушылық. Өмірде өзін ғана ойлайтындар опық жейді. Жетістікке жету жолындағы кедергі болатын қасиет осы-адамның өзімшілдігі. Атақты психолог А.Адлер былай деген екен: «Айналадағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде ең үлкен қиыншылыққа кезігеді және айналасындағыларға үлкен зиян тигізеді.
«Осындай қазақ інің, қазақ ағаң,
О баста аңсағаны таза қоғам.
Адамдар арасында ғұмыр кешіп,
Адаммен араласпау азап оған ».
Олай болса, «Жақсылықты да, жамандықты да жасайтын-адам»,
«Адамнан асқан құндылық жоқ». Күніне 100 адаммен, 100 түрлі сезіммен нәзік қарым-қатынас жасайтын бірден-бір адам-ол мұғалім. Адындағы шәкіртерінің жан –дүниесіне үңіліп, түсіну, әріптестерінің ойларымен санаса біліп, тұлға аралық қарым-қатынас орната білу ол мұғалім үшін де оқушы үшінде үлкен маңызды. Өйткені сау тұлға аралық қарым-қатынас білім санасына тікелей әсер ететін құрал.
1-ші бөлім Панарин тестісі.
Ұстаздарды топтастырып, тесттің мақсаты түсіндіріледі.
— таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар
— таңдаған жандар өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышында бөлуге даяр тұратын жандар.
-таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмыстарының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
2-ші бөлім Таныстыру
Сіздердің алдарыңызда Визитка жатыр, яғни өздеріңізді таныстыру парағы сіздер сол визиткаға өзіңіздің аты-жөніңізді, педагогикалық ұстанымыңызды, сізге тән бір жақсы қасиетіңізді және сізде жоқ, сізге ұнамайтын қасиетті жазып, омырауыңызға қадап алыңыз.
Мектеп өміріндегі мұғалім-басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалімнің жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты-оқушыларды жан-жақты білуі.Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін оларды ұстамдылыққа, сенімділікке тәрбиелеу керек.
2-ші бөлім «Джунглидегі жаңбыр»жаттығу
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыт: 10 минут
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз.Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз.
- Жаттығу сіздерге ұнады ма?
- Қандай сезімде болдыныздар?
Дұрыс тәрбие -балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені қарым-қатынас арқылы ұстанатын басты тұлға-мұғалім.
4-ші бөлім «Мен кіммін?» ойын
Ақ парақ алып, оны көлденеңнен екі қатарға бөлеміз «Мен кіммін?» сұрағына тез арада 1-ші қатарға 10 сөз жазасыз 2-ші қатарға бойыңыздағы қасиеттеріңізді жазасыз. Жазып болсаңыз екі қатардан менің бойымдағы бұл қасиеттерге толық келіспеймін десеңіз 5 сөзді сызып тастаңыз.
Осы жақсы қасиеттер сіздердің бойларыңыздан табылсын.
Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
5-ші бөлім «Тығырықтан шығар жол» сұрақ-жауап
- Мұғалім оқушыға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей:
-Орындағым келмейді,-деді. Мұғалім әрекеті.
- Сабақ басталды. Сіздің сабағыңызға ата-ана қатысып отыр. Оқушылар кешігіп келді. Оқушыларды қалай қабылдайсыз? Сіздің әрекетіңіз?
- Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәладі. Бірақ оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
- Мектепте жоспарлы түрде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сіздің өткізетін уақытыңыз болды. Бірақ сіз іс-шараға дайын емессіз. Оқушылар жоспарлы түрде сіздің іс-шараңыз болатынын біліп жиналып отыр. Сіздің әрекетіңіз.
- Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз?Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?
- Сіз педагогсыз. Сіз өзге топтың ортасында сіздің қызметіңіз туралы әңгімелеп отырды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз?
Ұстаз Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
6-шы бөлім «Ата-анамен байланыс кезіндегі ұстаз әрекеті» жаднама
Ата-аналармен әңгімелесуде:
1.Әңгіме амандасып, отбасы жағдайын, аман-саулығын сұраудан басталу керек. Әңгіменің жақсылықпен өрбуі, осыдан басталады. Егер сынып жетекшісі ата-аналардан отбасындағы жамандықты (қайғы, қиындық),т.б. білсе, ата-аналарға балалардың мектептегі жағымсыз қылығын кемшілігін айтпауы керек. Бұл туралы келесі кездескенінде айтуға болады.
- Әрқашан әңгіме жақсыдан басталуы керек. Ең нашар деген оқушының бойынан жақсы жақтарын көре білу керек. Тек жақсыдан басталған әңгіме қорытынды береді. Әдетте баласы туралы жаман айту ата-ананың мұғалімге, мектепке деген ашу ызасын тудырады.
- Ата-ананы шыдамдылықпен тыңда: ата-ананың әңгімесінен баланың бойындағы жақсы мінездерін ( мұғалімдер білмейтін ) табуы мүмкін. Әңгімелескенде ешқашан «Асығып тұрмын», «Уақытым жоқ» немесе «Балаңызды қорғамаңызшы» деген сөздермен әңгімені бөлмеңіз. Әке – шеше міндетті түрде өз баласын қорғайтыны белгілі.
- Ата-ана мен балалардың жеке, отбасы-тұрмыстық жағдайларын есепке ала отырып, бала дамуына, оның жағымсыз жақтарын тәрбиелеуге қажет педагогикалық ұстанымдарды, ой-пікірлерін бөлісіңіз.
- Балалардың бойындағы мінезі, тәртібі туралы ашумен емес, сабырлылықпен, ұстамдылықпен жеткізіңіз.
- Әңгіме аяқталу керек: сыпайы қоштасыңыз, танитын отбасы мүшелеріне сәлем айту, келесіде жақсылықпен кездесуді тілеңіз
Оқушылардың үйіне баруға арналған кеңес
Ата-анаға алдын-ала баратыныңызды, уақытын, бару мақсатыңызды хабарлаңыз. Сіздің хабарласпауыңыз үйдегі ретсіздікке, үй шаруашылығымен айналысудағы киімнің дұрыс болмауына сай келіп, ата-ананы ыңғайсыздық жағдайға келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайдағы әңгімеңіз ашық болмай, сәтсіз аяқталады.
Тек шағым айтуға бармаңыз.
Мұғалім кеткеннен кейінгі отбасындағы жағдайды ойлаңыз.
Мұғалімнің оқушының үйіне баруы – отбасында жақсы қарым- қатынас орнауына, ата-ана мен баланың келісіміне, тәрбие әдістерін дұрыс қолдануына септігін тигізеді.
- Ешқашан ата-аналарға олардың балаларының үстінен шағым айтып,тиісті шара қолдануларын талап етуге болмайды.
- Ата-аналармен кездесу іскерлік, достық жағдайында,оқушы тәртібіне байланысты немесе оның жеке басының сапаларын дамытуға қажетті кейбір мәселелерді талқылау түрінде өтуі тиіс.Мұғалім оқушының күнделігіне ескерту жазбауы керек, тіпті бала “екі” алса да, оны күнделікке түсірмеуі тиіс.
- Ата-аналарды мерекелерді өткізуге, сұхбаттарға, экскурсияға, табиғатқа саяхатқа,педагогикалық кеңеске, Мектеп кеңесіне немесе Қамқорлық кеңесіне қатысуға тарту керек.
- Мектепте балалардың әкелері мен шешелерінің туған күндеріне арнап сыйлықтар даярлау, отбасылық мерекелерді өткізу дәстүрін қалыптастырудың да пайдасы зор.
Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.
7-ші бөлім «Сіз білесіз бе?» жаттығу
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Сіздердің алдарыңызда жүрекше бар. Жүрекшенің ішінде әртүрлі жануарлар мен құстар, жәндіктер аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойындағы осы жануардағы бар қасиеттерді айтасыз.
8-ші бөлім «Түрлі-түсті шарлар» аяқталмаған сөйлем
-Бір айдын ішінде сізді егерде куантқан нәрселер көбірек болса жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан…» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен…» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.
Қорытынды Тәрбиеші тәрбиеленушіге байқап білудің нысаны ретінде емес, тәрбие берудің нысаны ретінде қарауы керек. Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол.Қоғаммен,ұжыммен оқушылармен әрдайым жақсы қатынаста болған нағыз мейірімділіктің белгісі. «Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара » деген даналар сөзін естен шығармай жадымызда ұстайық ұстаздар. Қатысқандарыңызға рахмет!