«Мен және менің қасиеттерім»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің қасиеттерім»
Өту әдісі: Талдау, әнгіме
Сабақтың барасы:
- Оқушыны ұйымдастыру
- Үйге берілген тапсырманы тексеру
- Жаңа сабақ
- Бекіту
- Бағалау
- Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Менің сезімдерім» жаттығуы.
«Менің сезімдерім» атты №3 жұмыс парағын таратып, толтырған соң жинап алады. Парақтар өңделіп, келесі сабақта өз тілектері бойынша оқылады.
№3 «Менің сезімдерім» парағы
- Мен ….. қуанамын.
- Мен …. қайғырамын.
- Мен …. ашуланамын.
- Мен … мақтан етемін.
- Мен … қобалжимын.
- Мен …. салмақты боламын.
- Мен … кінәлі сезінемін.
- Мен … зығырданым қайнайды.
- Мен … қорқамын.
- Мен … жақсы көремін.
«Менің алаңқайым» жаттығуы.
Жүргізуші жеткіншектерге ыңғайланып отыруын, көзді жұмып елестетуін сұранады.
Жүргізуші: «Әркім өзінің алаңқайында» отыр. Біреуде үлкен, біреуде кіші… Біреуде күн шығып тұрса, екінші де жаңбыр жауып жатыр. Алаңқайыңызда қай жыл мезгілі? Тәуліктің қай уақыты? Бұл алаңқайда кімсің? Саңырауқұлақ, өсімдік, ағаш, жануар, құс…Бұл алаңқай қалай? Сен не сезініп жатсың? Қоршаған ортамен қандай қарым-қатынастасың?
Соңынан төмендегідей тапсырмалар беріледі.
- Өз уайымдарың жайлы айту.
- Әрқайсысы өз алаңқайын салу
Нәтижесі: ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….Үйге тапсырма беру: