Кеңістікті бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау
Сабақтың мақсаты: Заттармен шаманы салыстыруға және айырмашылығын ажырата білуге, кеңістікті дұрыс бағыттай білуге, заттың көлем, пішін, түсін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Психологиялық танымдылықтарын дамыту, соның ішінде ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен бірігіп жұмыс жасауға, бір- біріне деген достық қарым-қатынасқа түсуге тәрбиелеу,досының еңбегін бағалай білу, қуанышына ортақ болу және адамгершілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, суреттер, кеңістіктің бағыттарын бағдарлап үйренуге арналған суреттер, түрлі-түсті пішіндер, түрлі-түсті қаламдар, дәптер, қаламсап.
Түрі: топтық жұмыс
І. Ұйымдастыру кезең.
- Амандасу
- Түгендеу
- Өткенді қайталау
- Жаңа сабақ
Психолог: Саламатсыңдарма балалар! Мен сендерді тағыда өзімнің сабағыма келгендеріңе өте қуаныштымын.Балалар бүгінгі күн қандай тамаша, жердің беті аппақ қарға оранған, өзінің аппақ тонын киіп жатыр.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
— Қай ай?
-Желтоқсан
-Желтоқсан айының қаншасы?
-Жиырма төртінші желтоқсан
-Жарайсыңдар балалар! Осы желтоқсан айының соңында болатын мерекеміз қалай аталады?
-Жаңа жыл
-Иә балалар дұрыс айтасыңдар, Жаңа жыл болатын кезде біз қандай ағашты сәндейміз?
-Шыршаны
-Шыршаны біз сәндеп, әдемі ойыншықтармен безендіреміз. Ал енді осы біздің шыршаның түсі қандай?
-Жасыл
-Иа дұрыс айтасыңдар жасыл бүгінгі біздің өтетін сабақтың тақырыбы кеңістікті бағдарлау. Бұл сабақта біз түстер,пішіндер,көлемдерді, оңымызбен, солымызды,яғни кеңістікті бағдарлауға үйренеміз.
Сабақты бастамас бұрын көзге арналған жаттығу жасайық.
Көздің бұзылысын алдын алуға арналған жаттығу.
Балалар көзіміздің қарашығының көмегімен, ауада шыршаның суретін салайық.
Тыныс алу жаттығуы. «Қар»
Мақтаны алып, домалақтап қар жасап үрлейміз.
Терең тыныс аламыз, 1…2…3 (кідіріс), мақтаны үрлейміз, 2-3 рет.
«Түстерді ата»
Жеті түрлі суреттерге қарап білетін түстерді айту және білмейтін түстермен танысу. Суреттегі пілдің сөмкесіндегі түрлі -түсті қаламдарын түсін атау.
Жолбарыстың қолындағы шардың түсін атау
Шардың пішіні қандай?
–Домалақ
-Үлкен шар қаншау? — екеу
-Кіші шар қаншау? — бесеу
«Пішінді құр»
Ортаға шығып, қолымыздан бір-біріміздің ұстапгеометриялық пішіндерді құрайық. Домалақ, ұш бұрыш, төртбұрыш.
Ал енді менің қолымдағы геометриялық пішіндердің түсін, пішінін айтайық.
- Қызыл, төрбұрыш,
- Көк, ұшбұрыш,
- Сары, домалақ
- Жасыл тік төртбұрыш
- Қара бес бұрыш
Енді суреттегі ағаштардың көлемін анықтайық
— Бірінші ағаш биік, келесі қысқа, үшіншісі орташа
Ленталардың көлемін анықтайық.
Бірінші лента жуан, келесі жіңішке, үшіншісі ұзын
«Үй құрастыр»
Алдымыздағы пішіндердің бөлінген бөліктерінен үлгісіне қарап құрастырамыз.
- Не құрастырдыңдар?
- Үй
- Сендердің үйлерің бар ма?
- Иа
- Қайда тұрасыңдар? Мекен- жайларыңды айтыңдаршы?
- Үйлеріңнің қасында дүкен немесе мектеп бар ма?
- Қазір мекемеден шыққан соң қалай бұрыласыңдар? Жоғары-төмен, оңға-солға, қай бағыттқа?
- Жарайсыңдар
«Поезд» ойын
Біз қазір ортаға шығып поезд ойынын ойнаймыз, біз поезд боламыз. Ол үшін іштеріңнен бір баланы жүргізуші қылып таңдап аласыңдар. Жүргізуші бала алдында тұрады қалқандарың соның, соңынан бір-біріңнің иықтарыңа қолдарыңды қойып тұрасыңдар.Жүргізуші бала поезді жүргізеді, барлығың содан ажырамай бір-біріңнің арттарыңнан жүресіңдер. Мен сендерге нұсқау берем: Мысалы: оңға немесе солға, айнал- десем жүргізуші сол нұсқауды орындайды, яғни сол бағытқа бұрылады.
«Штрихталған сурет» (дәптермен жұмыс)
Егер мұхият тыңдап орындасақ, сурет дұрыс шығады.
Б-7.
В-3,6,9 .
Г-2,5,8.
Д-1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Е-2,5,8.
Ж-3,6,9.
З-7.
« Шыбын қонды»
Мынау тор көздердегі сандарға қараңдар, ортасында 7 саны тұр. Оның қасында шыбын қонып тұр. Енді көздеріңнің көмегімен шыбын қайда қонғанын табамыз. Ол үшін қазір мен сендерге әр түрлі бағыттарға нұсқау беремін. Мысалы: оңға десем сендер көздің көмегімен оң жаққа жүреміз, төмен десем төмен қарай түсеміз. Енді қараңдар шыбын қай санға тоқтағанын айтасыңдар.
-Қай санға тоқтапты?
-5 санына
-Жарайсыңдар, енді бастаймыз.
-Оңға, оңға, төмен, төмен
-Солға, оңға, жоғары, төмен.
-Жоғары, жоғары, солға,төмен.
Қортынды: өтілген сабақ туралы пікір алмасу
Балалар сендер кеңістікті бағдарлай біледі деген үмітпен сабағымызды аяқтаймыз.
Жуалы ауданы. «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» к.м.м
Педагог-психолог: Қаунбаева Элеонора Жұмабекқызы
Ақыл-ойы артта қалған балаларға арналған сабақ.