Жеткіншек өміріндегі қиындық сәттер (пікіралысу кеші)

 

Жеткіншек  өміріндегі  қиындық сәттер

(пікіралысу кеші)

Мақсаты: Жеткіншек  өмірінде кездесетін    қиындық түрлеріне   талдау жасай  отырып,одан шығу  жолдарын   үйрету,қиындықты  жеңе білу  үшін   өз-өзіне   сенімділігін   қалыптастыру;

Міндеттері:

-Оқушылардың өзіндік  «Менін  » қалыптастыру;

— Оқушылардың  әлеуметтік  ортаға     бейімделулеріне     және  жеке  тұлға

болып қалыптасуына    жағдай  туғызу;

Қатысушылар:7-11 сынып оқушылары,  мектеп мұғалімдері,  мектеп

медбикесі

Барысы:

Жүргізуші:   Бүгінде  әлемдік  қоғамдастық   қызығушылық танытып ,   ерекше  мән    беріп отырған   түрлі қиындықтар   ел ертеңінің   еңселі  болуында  өзіндік    үлес салмағын  байқатуда .Соның түпкілікті     бір тармағы   ретінде    жастарды    Отансүйгіштікке  тәрбиелеу деп айтар едік.  Бүгінгі таңда    жастар  және     балалардың    өзіндік  менін қалыптастырып,жеткіншек    өмірінде кездесетін     қиыншылықтарды жеңе   білуге тәрбиелеу- өмір талабы.  Жас ұрпаққа    білім мен  тәрбие   беретін   мектеп алдына қойылған талап –тәуелсіз   еліміздің   азаматын тәрбиелеу, оқушылардың  ұлттық сана- сезімін ояту, Ұлттық    мәдениетке деген   сүйіспеншілік  көзқарастарын   қалыптастыру.

Осы  орайда    бүгінгі таңда    біздің мектепте   ұйымдастырылып отырған    бүгінгі шара да    өз алдына мақсат,міндеттер қоя отырып,жеткіншек  өміріндегі қиыншылықтар туралы мағлұмат бермек. Олай  болса пікіралысу кешімізге қош келдіңіздер! Кеш қоақтар,  яғни өз пікірімен    бөлісушілер:

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі
  2. Мектеп медбикесі
  3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
  4. Сынып жетекші
  5. 11 сынып оқушысы

Қымбатты көрермендер бүгінгі тақырыпқа   орай   көкейлеріңізде  жүрген   сауалдарыңызбен  бөлісе отырыңыздар.

Пікір алысу кешін бастамас бұрын «Жеткіншек деген кім?» осы сауал    төңірегінде аз кем  мәлімет ала отырайық.

Бала  өмірге келіп дамып-жетілу барысында  бірнеше  кезеңдерді  өткереді:

1.Нәрестелік кезең (туғаннан 1 жас)

  1. Сәбилік кезең (1-3 жас)
  2. Мектепке дейінгі кезең (3-6 жас)

4.Бастауыш сыныптық  кезең (7-12 жас)

  1. Жеткіншек кезең (13-17 жас)

1- оқушы:Жеткіншек  жасындағыларды көбінесе «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда  ауысу  жасындағы жеткіншек  балалық   кезеңдерден ересек   жасына  ауысады.   Балалық  кезең мен  ересектік   кезең арасындағы    балаларды жеткіншектер дейміз. Жеткіншектердің  ересектен  айырмашылығы: биологиялық  дамуында  болады.  Ал, жалпы алғанда    жеткіншек  тым өзгеше сипатта келеді.  Мысалы: жеткішек  төменгі сыныпта  оқып  жүргенде    үйге берілген   тапсырамын   тек жаттап   алатын   болса,  жеткіншек    кезеңде   үйге берілген  тапсырманы   өз сөзімен  түсінікті    етіп айтуға тырысады.   Кейбір  жеткіншек   жасындағылар   осы кезеңде    бұрынғы  қалпынан  үлкен адамдармен  қарым-  қатынаста мейірімді,сыпайы,  тәртіпті болып келсе,   кейбіреулері    дөрекі,  тәртіп бұзғыш болып келеді.   Жеткіншектердің   осы қасиеті    қазіргі де ,өткен  дәуірдің   жеткіншектеріне де бірдей тән.   Әдетте   жеткіншектерді     тәртіпке     көнбейтін  қиын  жас  деп сипаттайды.   Олай  дейтін себебі,осы  кезеңде   бала психикасы  өзгеріске  ұшырап,соның  негізінде  жаңа қасиеттер қалыптасады. 

Жүргізуші:  Осындай  жаңа қасиеттер  қалыптасып,жеткіншек  өмірінде  түрлі кедергілер пайда  бола бастайды.Ол қандай  қиындықтар   екенін   білу  үшін    осы шараға   қатысушы   оқушылардың  пікіріне  құлақ түрсек.

  1. Сіздердің пікірлеріңізше     жеткіншек  өмірінде қандай  қиындықтар болуы мүмкін? (слайдпен жұмыс )

Ендігі кезекте осы анықталған қиындықтар туралы     пікіралысу кешіміздің    қонақтарына сөз  кезегін берсек.

  1. Неліктен Сіздердің  ойларыңызша осы аталған   қиындықтар пайда  болуда? Бұдан шығу жолдары қандай?
  2. Келесі сұрақ медбике апайға:  Жеткіншек    денсаулығының  нашар   болуы   оның  өміріндегі    қиыншылықтарға   жата ма?
  3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне сұрақ:  Көптеген деректерге сүйенсек қазіргі ХХІ  ғасырда жастарымыз   спортқа    жоғарғы деңгейде көңіл бөлуде. Осы  спорт саласында   жүріп жеңіліске  кездессе    көптеген жеткіншектер «Менің   өмірімдегі ең қиын  сәт осы болды» дегенді айтады екен.  Бұған сіздің пікіріңіз қандай  болмақ?  Осылай  ойлауы  дұрыс па?
  4. Келесі сұрақ  сынып жетекшіге:  Мектепте тапсырылатын  түрлі сынақтар , тесттер нәтижесі  бойынша     төменгі  ұпай  жинаса   ,бұл жағдайды   оның  өміріндегі   қиыншылықтарға жатқызуға болады ма?
  5. Оқушылар атынан осы сауалдар   негізінде   келесі  сөз  кезегін  11 сынып оқушысына береміз.

-Сіз    бүгінгі   тақырып  туралы  не ой түйдіңіз? ҰБТ тапсыру   Сіздердің    өмірлеріңіздегі қиыншылықтар  ма әлде шешілуі тиіс   мәселе ме?

Қорытындылау

Шағын  көрініс «Бұл да  өтер…»

Жүргізуші:  Қымбатты  тыңдарман. Біз бүгін Сіздермен  бірге  көптеген   жайттарға  куә  болдық.  Түрлі қиындықтар   туралы білдік. Тоқсан ауыз сөздің   тобықтай  түйіні: «Кез-келген  істе   кездескен қиындық  бұл мәңгілік  емес. Шешуі  жоқ түйін болмайды».

Сол себепті де   болар болмас ұсақ  мәселе  үшін  өмірге  өкпе айтып,наразылық  таытпайық.  Қорытындылау  сөз  кезегі мектеп психологында

Жүргізуші:

Қайғы келсе,қапаланба ,жасыма,

Бақыт қонса ұшатындай тасыма

Екеуі де сенің еншің,ей адам

Кезек –кезек келіп тұрар басыңа.