ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ.
ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ.
Мақсаты: Оқушыларды ұжымшылдыққа, бір мақсатқа жету үшін аянбай
еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Логикалық ойлау, қызығушылық қабілетін арттыру,
интеллектісін дамыту.
1-ші жүргізуші: Құрметті қонақтар, достар! Физика және астрономия ғылымдары бойынша «Жұлдызды кеш» атты кешімізді бастаймыз.
2-жүргізуші: Аспан әлемінде 12 жарық жұлдыз бар. Оның әрқайсысы үш-үштен төрт стихияға бөлінеді.. Ол стихиялар: От, Жер, Ауа, Су
І топ. От стихиясы. Белгілері: Тоқты, Арыстан, Мерген.
ІІ топ. Жер стихиясы. Белгілері: Торпақ, Тауешкі, Бикеш.
ІІІ топ. Ауа стихиясы. Белгілері: Егіздер, Таразы, Суқұйғыш.
ІV топ. Су стихиясы. Белгілері: Балық, Шаян, Сарышаян.
1-ші жүргізуші: От стихиясының жұлдыздарын ортаға шақырамыз.
От — таусылмас күш қуаттың қайнар көзі.От стихиясындағы адамдардың өмірлік ұстанымы — өзін-өзі жетілдіру! Жебеуші ғаламшарлары: Марс, Күн, Юпитер.
2-жүргізуші: Тоқты. Түсі қызыл, алтын сары. Тасы –алмаз, рубин, бриллиант. Апта күні — сейсенбі. Бақытты саны — 9. Өмірлік мақсаты — кез келген істе көшбасшы болу!
1-ші жүргізуші: Мерген. Түсі – көк, күлгін. Тасы –топаз, бирюза. Апта күні- бейсенбі. Бақытты саны – 3. Ұраны –биік шыңдарға ұмтылу!
2-жүргізуші: Арыстан. Түсі- сары, қызыл сары. Тасы –рубин, алмаз, янтарь. Бақытты саны- 1 және 11. Өмірлік ұстанымы – кез келген істе мықтылық көрсету!
От стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді.. Көрініс қояды.
Сұрақтар: 1. Отты су қалай өшіреді?
- Жұлдыз-жорамалға сенесіз бе?
1-ші жүргізуші: Келесі топ Жер стихиясы.
Жер — бүкіл тартылыс күшінің орталығы. Оған қарайтын өкілдері сенімді, мықты, әрі тұрақты. Жебеуші ғаламшарлары: Шолпан, Прозерпина, Сатурн.
2-жүргізуші: Торпақ. Түсі- жасыл, сарғылтым, көгілдір. Тасы- сердолик, ақ тастар. Апта күні- жұма. Бақытты саны -6. Ұстанымы- менікі, тек қана менікі болу керек!
1-ші жүргізуші: Тауешкі – қара, сұр, көк. Тасы- малахит, рубин. Апта күні- сенбі. Бақытты саны- 8. Ұраны- салмақты, байсалды өмір сүру!
2-жүргізуші: Бикеш. Түсі –ақ, жасыл. Тасы- топаз, нефрит. Апта күні- сәрсенбі. Бақытты саны -5. Өмірлік мақсаты- елге, өзіңе қызмет ету!
Жер стихиясы өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді. «Өмір-кино» дегендей кинодан үзінді көрсетеді.
Сұрақтар: 1.Жер стихиясының белгілері үшін өмірлері қызықты оқиғалар,
жағымды әсерлерге толы болады дегенге сенесіз бе?
2.Жер қыртысының жасы қанша жыл шамасында?
1-ші жүргізуші: Ауа стихиясының жұлдыздарын ортаға шақырамыз.
Ауа – терең ойлау мен пайымдау стихиясы. Оның өкілдері тың идеяны ауадан ойлап табады. Олар адам баласының ең құнды қасиеттерін білдіреді. Жебеуші ғаламшарлары: Меркурий, Хирон, Уран.
2-жүргізуші: Егіздер. Түсі – күлгін, қызыл сары. Тасы- топаз, изумруд, агат. Апта күні- сәрсенбі. Бақытты саны-5. Ұраны- мен байланыстырамын!
1-жүргізуші: Суқұйғыш. Түсі- көк, ақшыл жасыл. Тасы -аметист, гранат, циркон. Апта күні- сәрсенбі, сенбі. Бақытты саны- 4. Ұстанымы-сенім, үміт, тәуелсіздік!
2-жүргізуші: Таразы. Түсі- ақшыл көк, қара көк. Тасы- опал, інжу, хризолит. Апта күні -жұма. Бақытты саны-7. Өмірлік мақсаты- тепе-теңдікті сақтай отырып өмір сүру!
Ауа стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді. Фокус жасайды.
Сұрақтар: 1.Құралсыз көзбен айсыз түні горизонттан жоғары қанша жұлдызды көруге болады?
- Жұлдыз-жормалдың сіздің өміріңізде алатын орны қандай?
1-жүргізуші: Келесі топ Су стихиясы.
Су -барлық нәрсенің бастамасын, яғни түпкі негізін білдіреді. Су- барлық кедергілерден өтіп, өзгелердің шамасы келмейтін өмірдің түрлі салаларына араласа алады. Жебеуші ғаламшарлары: Ай, Плутон, Нептун.
1-жүргізуші: Балық. Түсі- көкшіл, көк сұр. Тасы- аквамарин, сапфир, інжу. Апта күні- бейсенбі. Бақытты саны -7. Ұстанымы- жан-жақтылық, достық, махаббат!
1-жүргізуші: Шаян. Түсі- ақ сұр, көк сұр. Тасы- изумруд, рубин, хрусталь, ақ тастар. Апта күні- дүйсенбі. Бақытты саны- 2. Ұраны — мен сеземін!
1-жүргізуші: Сарышаян. Түсі- қою қызыл, алқызыл. Тасы- топаз, аквамарин, гранат. Апта күні- сейсенбі. Бақытты саны-9. Өмірлік мақсаты- өмірге үнемі өзгеріс енгізіп отыру!
Ауа стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады.. Өнерлерін көрсетеді. Физикалық тәжірибе жасайды.
Сұрақтар: 1.Сұлулықтың сыры неде?
- Су стихиясына тән қасиеттер?
Көрермендер берген баллдары бойынша бір топ жеңімпаз атанады.
Шығыс қазақстан облысы
Үржар ауданы