«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны Оқыту орыс тілінде жүретін 5-сыныпта Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс шара
«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны Оқыту орыс тілінде жүретін 5-сыныпта Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс шара
Мақсаты:
1.Білімділік: өтілген материалды қайталау, бекіту, оқушылардың білімдерін тексеру.
2.Дамытушылық:сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3.Тәрбиелік:туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, тарих, елтану.
Көрнекілігі:слайдтар.
Сабақ барысы:
Жүргізуші:
-Қайырлы күн құрметті ұстаздар, балалар! Тіл мерекесіне арналған «Бақытты сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер.Сайысқа екі топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.
- Бірінші кезең :«Өзін-өзі таныстыру», бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір-бірімен танысады.
(Топтардың танысуы).
- Екінші кезең: сұрақ-жауап (әр топқа 10 сұрақтан қойылады).
1.Тіл мерекесі қашан тойланады? 1.Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
2.Ә.Қастеев кім? 2.Т. Әубәкіров кім?
3.Жылқының төлін атаңдар? 3.Ешкінің төлін атаңдар?
4.Қасық, кесе, шанышқы – нелер? 4.Құлын, бота, қозы — нелер?
5.Малдың пірлерін атаңдар? 5.Жұлдызнамада қандай үй жануарлары бар?
6.Түйе қалай дыбыстайды? 6.Жылқы қалай дыбыстайды?
7.Қазақстанның бірінші астанасын атаңдар? 7.Қазақстан неше облысқа бөлінеді?
8.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 8.Қазақ тілінде неше септік бар?
9.Мемлекеттік Тудың авторы кім? 9.Елтаңбаның авторы кімдер?
10.Атаңа сен кім боласың? 10.Анаңның әкесі саған кім болады?
III. Үшінші кезең: мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
Жері байдың … Отансыз адам — …
Өнер алды … Еңбек түбі — …
Адам досымен, Жүз сомың болғанша, …
Ағаш …
- Төртінші кезең: сандарды сөйлетіңдер (слайдта берілген сандардың мәнін ашу)
.
365 |
12 |
4 |
7 |
24 |
60 |
- Бесінші кезең: «Жаңылтпаш» сөзінен жаңа сөздер құрастыру(капитандар сайысы).
- Алтыншы кезең: төртінші артықты тап (слайд).
алма көктем
алмұрт күз
қауын қыс
өрік қыз
дүйсенбі әпке
бейсенбі әже
тамыз әтеш
жұма аға
VII. Жетінші кезең: жағдаят.
1-топқа: құттықтау жазу. 2-топқа: туған күнге шақыру.
VIII. Қорытындылау, марапаттау.