Ер есімі – ел есінде

Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде    

Мақсаты:

Махамбет Өтемісұлының ерлігін, патриот ақын екенін  таныту;

Оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу, батырлардың ерлігін құрметтеуге баулу;

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Тәрбие жұмыс түрі: әдеби-сазды кеш

Барысы:  І. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім:  Заманнан заман озған сайын ұмытылмайтын, ел есінде есімі жаңғырып жасарып тұратын батырлар, ақындар жайлы ойлаған сәтте Махамбет есімі ойға оралады. Махамбет Өтемісұлы бұдан 200 жылдан астам жыл бұрын дүниеге келген. Өтемістен туған он баланың біреуі. Махамбеттің әкесі – Өтеміс, атасы – Құлмәлі, анасы – Қосуан. Махамбеттің анасы өте батыл, ержүрек әйел болған.

Махамбет – халық тағдырының күйзелісті қиын – қыстау шағында дүниеге келген алып тұлға, халық қозғалысының ұйымдастырушы көсемі, ту ұстаған тарлан. Батыр жайлы Марат ақын:

«Қаншама батыр өтсе де

Бір қазақтың ерлігі,

Махамбеттен асты ма?» — деп жырлаған.

ІІ. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.(көрініс)

Петровский: (қол-аяғы кісендеулі, тұнжыр қабақты Махамбетке шүйлігіп)

  • Елді дүрліктіргендегі мұратың таққа отыру ма, әлде билікке жету ме, соны айтшы?

Махамбет:  — Мен тақ үшін емес, елімнің бағы үшін бел буып, жорыққа шықтым. Менің ниетім тоз-тоз болып бірікпей жүрген үш қазақтың басын қоссам деп едім.

Петровский: — Охо, үлкен іске ұмытылған екенсің. Далаға шоқал- шоқал малша жайылып кеткен халықты қалай біріктірмексің?

Махамбет: Генерал — губернатор мырза, сіз  қазақты білмейсіз. Неге бірікпесін, бірігеді. Кіші жүз көшсе, Орта жүзге сыяды, Орта жүз көшсе,Ұлы жүзге сыяды. Қазақ бірігеді.

Петровсий (қатуланып): Қолың билік берсем не істер едің?

Махамбет: Не істер едім, жер – суымды, байтағымды, ата- мекенімді келімсектерден тазартар едім.

Петровский (сәл ойланып): — Ақын екен оны тұтқындағаннан бүкіл елді өзіме қарсы қойып алармын. Жоқ, абақтыдан босатамын,- деп босатып жібереді.

ІІІ. Махамбет есімі – ел есінде.

1-оқушы:  Халық үшін өз өмірін қиған Махамбет есімі мәңгі сақталады.

Осы отырған ұрпақтары оны ұмытпайды.

Екі ғасыр өтті жылжып ақырын,

Талайларға  батты тағдыр тақымың.

Елім деген ерлерді еске ап еріксіз

Қалам алдым ер Махамбет батырым.

Төрт құбылаң болсадағы гүлдеген

Басың тарттың үлде менен бүлдеден.

Қаумалаған көптің соқтың сойылын,

Алмас сөзің, алдаспандай жүр жебеп.

Туған жердің қорғап қарыс қадауын

Қазақ үшін болды әрбір қадамың.

Орақ тілмен орып оспадарлардың

Кеудесіне найза жырды қададың.

Қомын жемей қарабас пен құлқының

Арын арлап, алдын болжап ұлтыңның.

Арнасынана асқан Еділ-Жайықтай

Алға қарай азаттыққа ұмтылдың.

2-оқушы: Батыр баба, ақын баба, паң баба

Қайсарлығың сіңді біздің қанға да.

Қажет жерде қара қылды қақ жарып,

Қарсы тұрған қара түгіл ханға да.

Шапсаң шап уәде берік, серт мынау

Елім деген ерлерді артқа ерттің- ау.

Домбыраңды бірге алып бес қарумен

Елдің мұңын, көңіл күйін шерттің-ау.

Өзің жортқан көз жіберіп қыр жаққа

Үңілемін,талпынам сыр тартпаққа.

Дарабозың Исатайдан айырып,

Түлкі заман салды-ау сені бұлғаққа.

Жара салып, жолын бөгеп тазаның

Көһре алмау ең ауыры жазаның.

Қыңсылатып күңшілдіктің күшігін

Өз батырын өзі жұтқан қазағым.

3-оқушы: Сен сілкісең азаттықтың сырмағын

Ұрпақтарың  жалғастырды әрі ырғағын.

Жүректерге жалын болып құйылды

Өшпес ізің, ойлы-ойлы жырларың.

Көңілде шер,көзде қайғы, баста мұң

Болған кезде алай-дүлей аспаным.

Тілін, дінін қорғап тік тұрды

Желтоқсанда жанын беріп жастарың.

Туын тиіктеп ел өзгемен теңелді,

Жақсы болса марапаттар елі ерді.

Тәуелсіздік таңы атты толысқан

Соған енді тәуба дегім келеді.

4-оқушы: Махамбеттік рух, Махамбеттік жалын Махамбет жауыздар қолынан қаза тапқаннан кейін де өшкен жоқ. Махамбеттің басын кескен қылыштың жүзі сол бас иеленген тілден шыққан жалынды рухты кесе алмады.

5-оқушы: Отты қылышпен  қанша тілгілесек те, мылтықпен қанша атсаңда лапылдап жана береді. Махамбет жаққан рух осындай. Ол рух Исатай мен Екеуінің істеген ісінде, өмірдің өнерге айналған өлең жырында.

6-оқушы:От- жалын лапылдап жанумен XX ғасырға ауысты. XX ғасырда 86 жылы от шарпыды, 86 жылы Махамбет армандаған тілекті құдай берді. қазақ жастары планета тағдырын шешті.  Тәуелсіздікке қадамды Махамбет рухымен қаруланған Қайрат Рысқұлбековтар мен Ләззат Асановалар жасады.

7-оқушы: Рух өлмейді.Оның үстіне жырмен кестеленген рухтың күші осындай болады. Әлем халықтары қазақ жастарын сол жылдары төбесіне көтерді. Дүние дүр сілкінді. Сол  дүниені дүрілдеткен Исатай мен Махамбет рухы.

                                 Махамбет термесі

8-оқушы: Батыр бабам Қараойы құндақтаған

Мазарың тұрса-дағы үн қатпаған.

Рухың жебеп жүрер бәрімізді

Ерлігің, семсер жырың қымбат маған.

Жерінің қарамай-ақ кеңдігіне

Жеткізем қазақты деп теңдігіне.

Жәңгірге жәбір болмай топ бастадың

Исатай мен қосылып енді бірге.

Жырыңнан қайрат алды қара халық,

Жарысып шықты сол ер дараланып.

«Хан емессің, қасқырсың» дегенде сен,

Жәңгірге қасқиып бір бара қалып.

9оқушы: Естігенде ес кетіп құйқаң сыздар,

Басыңды қалай шапты имансыздар.

Әйтеуір жақсы білер бүгінгі ұрпақ,

Ел үшін жандарыңды қиғансыздар.

Исатай басшы,сен қосшы жырдан анық,

Халқың бүгін тағдырың сырға қанық.

Өлеңің ұрпағыңмен жарқын қағар,

Семсердей алған әр кез нұрға малып.

Батыр бабам, ұйықта енді мазарыңда,

Тағдырыңда таза жан,таза арыңда.

Тағзым етіп бас идім тағы да мен

Өзіңе арнап өлеңді жазарымда.

10-оқушы:  Ұлы Фироддуси «Шахнама» дастанында бұл жөнінде өшпес рухтың мәңгілік формуласын алтыннан құйып жасапты.

Замандар шаңына көміліп қалады бәрі де,

Ұшырап ұмытшақ жылдардың кәріне.

Батырлар ердлігі өлмейді,өшпейді санадан

Ғасырлар тамсанып өтеді данышпан кәріне.

 

«Махамбет ұраны» операдан үзінді.