«Өмірде бақыттысың денің сауда» (отбасылық — эстафеталық жарыс)
«Өмірде бақыттысың денің сауда» (отбасылық — эстафеталық жарыс)
Мақсаты: 1. Тәрбие негізі отбасынан басталатынын түсіндіру.
2. Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық түрлерін еркін ойнауға үйрету, спортқа қызығушылығын арттыру.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
4. Осы жарыс арқылы балалардың бойындағы ерекшеліктерін ата-анасына білдіру.
Өткізілген орны: спорт алаңы.
Спорт түрі: эстафеталық жарыс
Өткізілген уақыты: 22. 04. 2013 ж.
Пайдаланылатын құралдар: ысқырық, доп, кедергілер, секіртпе, шелек, гир, оқ, нысана, пневматикалық мылтық, уақыт көрсеткіш, метр, велосипед т. б.
Барысы:
Қызады бүгін той – сайыс
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді көтеріп
Інжу – маржан шашайық
Ырыс дәулет мол болсын
Жылда осындай той болсын
Жарысты енді бастайық
Ал, кәнекей жол болсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Бүгінгі «Өмірде бақыттысың денің сауда» атты отбасылық жарысқа хош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Абылай әулетінен «Денсаулық», Зинекен әулетінен «Шапағат», Өтес әулетінен «Жеңіс» топтарын ортаға шақырамыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер.-дей келе
Бүгінгі төрелік жасайтын әділ-қазылармен таныстыру.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Байшуақов.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Келдібаев.
Класс жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Б. Туралина.
Жарысқа қатысушы отбасылар өз тобымен таныстыру.
Ән жолдау: Жарқыраның орындауында «Саржайлау»
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Ойынның шартымен таныстыру:
1. «Жүйрік ат» — допты аяқ арасына қысып, кедергілер арасынан алып жүру.
2. «Кім жылдам» — допты кедергілер арасымен қолмен жерге ұру арқылы барып, қайтарда да кедергілердің арасымен алып қайту.
3. «Допты торға» — ата-ананың біреуі шелекті ұстап тұрады, қалған отбасы мүшелері жүгіріп келіп белгіленген жерден допты шелекке салады. (3 рет лақтырады).
4. «Теңге алу» — ата-анасы балаларын арқалап, «теңгені» алып кері қайтады.
5. «Футболшы» — допты кедергілер арасымен аяқпен тебу арқылы алып жүру.
6. «Зілтемірші» — ата-аналары гир тасын көтеріп, белгіленген жерден ұзындыққа лақтырады.
7. «Кім шапшаң» — секіртпені ата-анасы айналдырып тұрады, балалары 1 минутта неше рет секіретіндігі есептелінеді.
8. «Кенгуру» — бір-біріне жалғастырып ұзындыққа секіру.
9. «Сұрмерген» — пневматикалық мылтықпен әртүрлі нысаналарды ату.
- «Жүргізуші» — велосипедпен кедергілердің арасымен жүру.
Ән жолдау. Қуандықтың орындауында «Жаса, қазағым»
Жарыс заңы ежелден — Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол — еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей, Тараса бізге жарады.
Ойынның нәтижесі бойынша әділ-қазылар топтық сайыста қай отбасы жеңіске жеткендігін хабарлау және марапаттау.