Ер сұлтан Жас ұландар байқауының жүргізілу жоспары:

Ер сұлтан

 

Жас ұландар байқауының жүргізілу жоспары:

 

Мақсаты:    Жас ұрпақты ата дәстүрді құрметтеуге, Отансүйгіш, еңбекқор азамат болуға тәрбиелеу. Жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі:

Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаз,

Салт-дәстүрсіз халықтың мәні болмас.

Ортаңыздан талпынып қанат қақты,

Өнер сүйер ұландар өрімдей жас.

 

Келешек қой, осылар, барға шүкір,

Алдарыңда ақ қанат-арманыт ұр.

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп,

Сахнаға алғаш рет шықалы тұр.

 

— Міне, ардақты ағайын, бүгін алдарыңызда «Ер сұлтан» жас ұландар

байқауы өткелі тұр. Тілін, халқының дәстүрі мен салтын, әдебі мен өнерін

баршамыздың алдарыңызда сарапқа салғалы отыр.

 

Алдарыңда сан тарау жолдарыт ұр,

Бәрі ертең-ақ азамат болғалы тұр.

Өнерпаз ұландарды қошаметтеп,

Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл, — дей отырып, сайысқа қатысатын

ұландарымызды құрметтеп ортаға шақырайық:

 

Бірінші ұланымыз Нұрдос

Екінші ұланымыз Аян

Үшінші ұланымыз Нұрбек

Төртінші ұланымыз Әділжан

Бесінші ұланымыз Жалғас

Алтыншы ұланымыз Ерқанат

Жетінші ұланымыз Бақдәулет

 

Өнерпаз ұландарымызбен танысып болсақ. Енді сайысымыздың шарттарын хабарлап өтейік.

 

Негізгі бөлім:

І. Текті білу тегін емес

ІІ. Білім қымбат, білу қиын.

ІІІ. Жігіттің көркі — өнері

ІҮ. Ата көрген оқ жонар

Ү. Жігітке жеті өнер де аз.

 

Әділқазылармен таныстыру

(ұландар орындарын босатады)

Байқауымыздың 1-інші шарты

І. «Текті білу тегін емес» деп аталады

Әр сайыскер өзін таныстырады.

Ортаға бірінші серіміз Нұрдосты құрметпен шақырайық. 2,3,4,5,6,7

Жерім бар ертегінің жұмағындай,

Елім бар нұр сәулелі шырағындай.
Сал-сері, батырлардың ұрпағымын

Жайқалған жасыл желек құрағындай

 

ІІ. Шіркін –ай, батыр болсам,

Айбаты арыстандай!

Шіркін – ай, ғалым болсам,

Тілдескен жаалықиян

Актердің, ақынның да

Жанына ғылым қорек

Бүгінде батырдың да

Өзіне білім керек

 

№1.     1. Жеті атаға кімдер жатады?

Жеті атаңды ата?

  1. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.

 

№2.     1. Қазақтың белгілі үш биі кімдер?

  1. Отан туралы мақал-мәтел айт.

 

№3      1. Елбасы деп кімді айтамыз?

Еліміздің тұңғыш президенті кім?

  1. Оқу – білім туралы мақал – мәтел айт

 

№4      1. Қазақстан ғарышқа кім және қашан ұшты?

  1. Өнер, тіл туралы мақал – мәтел айт.

 

№5.     1. Тіл мерекесі қай күні?

Мемелкеттік тілді ата.

  1. Ерлік – батырлық туралы мақал-мәтел айт.

 

№6      1. «Абай жолы» кітабын жазып, әкемге қазақты танытқан жазушы кім? Тағы қандай шығармаларын білесің?

  1. Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтел айт?

 

 

№7.     1. «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан»

  • кімнің өлеңі? Өлеңнен үзінді айтып бер.
  1. Ана туралы мақал-мәтел айтып бер.

— дей отырып, ұландарымызды Білім сайысына шақырамыз. Қоржыннан алынған асық нөмір бойынша сұрақ беріледі.

ІІІ.       — Шынында да өнер мәңгілік

Жігіттің көркі — өнері.

Талап – кісі мұраты.

Өнер қалмақ артыңда

Дүниенің өшпес шырағы, — (Майлықожа)

  • Ендігі кезекті жігіттердің өнеріне берейік.

 

Білім қуған ұланмын

Ата-ананы мақтаны

Мама деп бүгін ән салып,

Бәріңе де ұнармын

 

  1. Б. Бейсенованың әні «Мама»

Ор: Рақымбердиев Нұрдос Білім қуған ұланмын

  1. «Ақылды тентек» — деп әркең

Ұстаздары еркелететін

«Алтын анам» әнімен келесі Сәду Аян ұландарыңыз келетін

 

  1. Таңғажайып өнерді,

Меңгерсем деген ойы бар.

Нұрбек атты Ұаланға

Болсын дейміз бүгін Алла жар.

 

  1. Ақ сүтін емген ананың,

Еркелеп өскен баламын.

«Анаға сәлем» әніммен

Әнші Әділжан боламын

 

  1. Спортты сүйер ұланмын,

Ата-анама ерке буланмын.

Спортшы болу арманым,

Жалғас деген боламын.

 

  1. Ақын да болғым келеді,

Биші де болғым келеді.

Дәл қазіргі мақсатым,

Беске оқу тек енді  Ерқанат

  1. Таңқалдырар бар елді,

Әртіс болғысы келеді.

Бақ дәулетті шақырсақ

Көрсетсін бар өнерді.

 

ІҮ. Атаның кәсібі

Баланың нәсібі,

Ата өнері – балаға мұра- деп

Дана бабаларымыз мирас еткен қолөнерінің бір үлгісі қамшы өру.

 

Шарт бойынша қамшының аз бөлігі үйден басталады, біздің шеберлеріміз осы жерде ары қарай жалғастырады. (уақыт 3 мин).

Сұлтандарымыз қамшысын өріп болғанша биші қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар.

 

Ү. Домбырам күмбірлеп, Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

Ұқсатып кілемге

Кесте де тігемін

Актерше ролде

Ойнай да білемін

 

Жігітке жеті өнер

Аз деген халқымыз

Қонақжай болу да

Дәстүр мен салтымыз

 

— Енді жігіттеріміз қазіргі дастархан сәні салат түрін алдарыңызда жасап көрсетеді (уақыт 5 минут)

 

Қорытынды

 

Сен жас ұлан Отан – ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Әнұранмен шарықтатар өлкені.

 

Өнеріне халқымның бас иетін

Тыңдап өскін бабалар өсиетін

Сен-қазақтың баласы өнер сүйген,

Қадірлеген елінің қасеитін! –

дей отырып қорытынды сөз кезегін әділ қазыларға ұсынамыз.

 

Жас ұландарды марапаттау.

Сайыстың ең үздік ұланына «Ер сұлтан»

Мақтау қағазымен марапаттау.

Келген қонақтарға алғыс білдіріп қоштасу.