Зеректер сайысы (интелектуалды ойын)
Тақырыбы: Зеректер сайысы (интелектуалды ойын)
Мақсаты: Білімділік – химия, биология және география пәндерінен
алған білімдерін жинақтап қорытындылау.
Дамытушылық – жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап
беру арқылы сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік – оқушыларды ептілікке, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тақырыптық сурет материалдары,
слайд материалдары, нақыл сөздер, т.б.
І-бөлім
Тіркелу бөлімі
6 оқушы сұрақтарға кезекпен жауап береді.
- Дене салмағы 1,5 грамм болатын құс (Колибри)
- Шардара су қоймасы қай өзеннің бойында салынған? (Сырдария)
- Ең қиын балқитын металл (Вольфрам)
- Ұрықтанған жұмыртқажасушасы қалай аталады? (Зигота)
- Адамдарды туған жерінен қудалау қалай аталады? (Депортация)
- Изомерлер дегеніміз не? (Сандық және сапалық құрамы бірдей, құрылысы әр түрлі заттар)
- Нейрон деген не? (Жүйке жасушасы)
- Қазақтардың негізгі бөлігі ислам дінінің қай тармағын ұстайды? (Сүннит)
- Тұздардың құрамындағы иондар мен су молекулалары арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит немесе иондар түзілетін реакциялар қалай аталады? (Тұздар гидролизі)
- Жануарлардың жоғалған дене бөліктерінің қалпына келуі қалай аталады? (Регенерация)
- Қазақстанның климаты қоңыржай белдеудің қандай типіне жатады? (Шұғыл континентті)
- Қышқылдар мен сілтілер әсерінен өздерінің түсін өзгертетін заттар. (Индикаторлар)
- 15 жыл өскен ағаштың көлденең кесіндісінде жылдық сақиналар саны қанша болады? (15 сақина)
- Мегаполис деген не? (Қаланың ең ірі формасы)
- Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс (Аллотропия)
- Ағзаның тіршілігін уақытша тоқтатуы қалай аталады? (Анабиоз)
- Теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпат (Каспий маңы ойпаты)
- Химиялық элемент атомының басқа химиялық элементтер атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті (Валенттілік)
ІІ бөлім
Жұмбақтарды шешіп жауабын, орысшасын, ағылшасын айтады.
- Аяғыңның астында жататын зат,
Тауға айналып, тас болып қататын зат.
(құм-песок-sand)
- Көк лағым көгенде жатып семірген.
(қарбыз-арбуз-water melon)
- Қаласы бар – үйі жоқ,
Даласы бар – шөбі жоқ.
Мұхиты бар – суы жоқ,
Орманы бар – нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегіс,
Құмдары да теп-тегіс,
Кең жазықтан әр түрлі.
Керегіңді көресің.
Бар әлемді табасың.
(геогр. карта – карта — map)
- Қара металлургияның ханымын,
Машина, трактордың жанымын.
VIIІ қосымша топшада болсам да,
Металл атаулының ең көп қолданылатын санымын.
(темір – железо — iron)
- Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа – воздух — air)
- Жазылуым бойынша оқысаң –эементпін,
Керісінше оқысаң — өткізгішпін.
(мыс-медь-copper)
- Дауыл дәнді ұшырып,
Шарлар жауды аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан.
(бұршақ-град-hail)
- Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады.
(ағаш-дерево-tree)
ІІІ-бөлім. Полиглот
1 тур
6 сұрақ берілген. Ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру керек
Оң жақ | Ортадағы | Сол жақ |
30 | 30 | 30 |
40 | 40 | 40 |
Оң жақтағы 30: Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып тұр? (Тынық мұхит пен Солтүстік мұзды мұхитын)
Ортадағы 30: Организмдегі ДНҚ-ның саны мен құрылымының өзгеруі қалай аталады? (Мутация)
Сол жақтағы 30: Күшті электролиттер дегеніміз қандай заттар? (Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар)
Оң жақтағы 40: Бұрын тіршілік етіп кейін жойылып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым (Палеонтология)
Ортадағы 40: Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды? (1992 жылы 12 наурызда)
Сол жақтағы 40: Мәрмәр тасты 1000°С қыздырғанда пайда болған затқа су қосса, ол қайнайды? Ол қандай зат? (Кальций оксиді)
- Ораторлар сайысы
Ойын соңында 2 оқушы қалады.
Оның бірі «Химия ғылымының бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктері» тақырыбында, екіншісі «Биология ғылымының бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктері» өз тұжырымдарын айтады.
Жеңімпазды сйыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы анықтайды.