Ауылым – алтын бесігім (5-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткен отбасылық сайыс)

 

Ауылым – алтын бесігім

(5-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткен отбасылық сайыс)

 

Мақсаты:  Ата-ана,бала арасындағы нтымақты қарым-қатынас қалыптастыра отырып, туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі:  отбасылық сайыс

Көрнекі құралдар: Альбом. Жымпиты тарихына арналған көрме, шығармалар көрмесі, Қ.Мырзалиев шығармашылылығынан көрме, киіз үйдің макеті.

Жүргізуші:Таныс өлке,

Таныс аймақ,

Таныс маң:

Анау жерде-құрбылармен алысқам,

Анау жерде құрбы жанмен табысқам,

Айналайын!

Атамекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой,

Тәтті екен!

      Туған жер мәңгі жырланатын тақырып. Әр жүректе қуаныш, үміт, сағыныш отын  жағатын қасиетті сөз.

     Қазақстан дегенде кең байтақ, шетсіз-шексіз, жазира дала көз алдыңа ұялайды. Ол біреулер ойлағандай елсіз-түпсіз қаңыраған қуаң дала емес. Бар қуатты қазақ халқы осы даладан алған. Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қайраткерлері, өнер саңлақтары осы кең далада туып, осы даладан қанат қағып қияға ұшқан.

    Даланы жырламаған қазақ ақыны жоқ. Ақиық ақын Қасым Аманжолов:

          Бұл даланы анам жаспен суарған,

          Бұл далада атам қолға ту алған

          Бұл далада жылап келіп уанғам

          Бұл даланы көріп  алғаш қуанғам,-дейді.

    Енді бүгін осы дала үстінде көгілдір туымыз желбіреп, тәуелсіз Қазақстанның сөзі мен дауысы осы даладан бүкіл әлемге тарап жатыр, танылып жатыр. Қазақтың алтын тамыры, ыстық ұясы,асырайтын анасы-дала. Жердің перзенті-ауыл. Ауыл тағдыры жер тағдырынан келіп туады.

   Бүгінгі тәрбиелік шараның «Ауылым-алтын бесігім» деп аталуының да өзіндік мақсаты бар.

    Апталықтың мақсаты: ата-аналар мен оқушыларды туған елін, жерін, өзінің ауылын сүйе білуге, мәртебесін көтеруге, ынтымаққа шақыру.

Сайыс екі топ арасында

1-топ Сырым баба ауылы.

2-топ Қадыр ата ауылы.

 

 

1-кезең. Үй тапсырмасы.   «Менің туған өлкем»,  «Менің отбасым» тақырыбында жазған шығармаларын оқу

2-кезең. Әр ауылдың оқушылары кезекпен шығып, Қ.Мырзалиевтің өлеңдерін жатқа оқиды. (Отан, туған жер тақырыбында)

 

3-кезең.            Мақал-мәтелдер сайысы.

Екі топтың оқушылары мақал-мәтел айтып, жарысады.

Ата-аналар өздері суырған қағаздағы мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіруі тиіс.

«Сабыр түбі-сары алтын», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Отан отбасынан басталады», «Туған жер-тұғырың, туған ел-қыдырың».

4-кезең.       Жымпиты тарихы туралы сұрақ-жауап

Оқушыларға:

  1. Ауылдан шыққан атақты адамдардан кімдерді білесіңдер?
  2. Ауылда тарихи ескерткіштер бар ма?

3.Ауылда Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері бар ма?

4.Жымпиты орта мектебінің ірге тасы қашан қаланды?

Ата-аналарға:

1.Ауылда қандай мекемелер жұмыс жасайды?

  1. Жымпиты ауылы қай жылы құрылды?
  2. Ауылымыздың табиғат ерекшеліктері неде?
  3. Тәуелсіздіктің 20жылдығы қарсаңында қандай игі шаралар атқарылып жатыр?

5-кезең Ділмарлық, сөзсайыс

  1. Ауылда тұрған тиімді.
  2. Ауылында тұрған тиімсіз.

Жүргізуші:Туған жер мәңгі өзіңнен

Айыңмын әр күн айналған.

Үзілмес нәзік сезіммен

Кіндігім саған байланған

Өзіңе іңкәр жүректен

Жыр жолы әр кез төгілген

Көктемгі қырды түлеткен

Қызғалдақ гүлің едім мен

6-кезең. Ата-аналарға

              Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айту.

  1. Тау тауға кездеспейді…
  2. Қоянды қамыс өлтіреді…
  3. Сиыр сипағанды білмейді…
  4. Білекті бірді жығар…
  5. Еттің бәрі қазы болмас…
  6. Емен ағаштың иілгені сынғаны…
  7. Сөйлей-сөйлей шешен болады…

7-кезең. Біз болашақ  Жымпитыны қалай елестетеміз?

Сурет байқауы.

       Оқушылар жұмысы  аяқталғанша ата-аналардың өнерін тамашалаймыз.

  1. Ән айту
  2. Мәнерлеп оқу

9-кезең. Үздік шығарма жазған жанұяларды марапаттау, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтау