Халқын сүйген салтын сүйер 7 класс
Халқын сүйген салтын сүйер 7 класс
Мақсаты: білімділік-қазақ халқының салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру,оқушы бойында әдептілік және алғырлық,адами қасиеттерін қалыптастыру,жаман мен жақсыны ажырата білуге,аталы сөзден ғибрат алуға баулу және ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;
тәрбиелік-көрініс арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету;
дамытушылық-тәлімдік мәнін жоймаған салт-дәстүрімізді бүгінгі пікірі мен талғамы жоғары оқушылардың кәдесіне жарату,ұлттық дәстүр арқылы оқушыларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: электрондық оқулық(салт-дәстүр,әдет-ғұрпына байланысты видео, “Сөз асылын іздесең”Абай-слайд шоу)
Барысы.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар мектебімізде “Сөз асылын іздесең”атты қазақ тілінің онкүндігі өтіп жатыр.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толды.Олай болса, балалар төменгі сыныптан Абай туралы не білдіңдер?Абайдың “Қыс” өлеңі оқылады. Абайдың видео материалы көрсетіледі.
“Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз,Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс”
Н.Назарбаев
Елбасымыз айтқандай,Абай арқылы біз қазақ халқының әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін әлемге таныттық.Яғни қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы -өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің,тәлім-тәрбиелік,білім-танымдық рөлі орасан зор. “Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар”деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді,әдет-ғұрпымызды ұлттық құндылықтарымыз-
дың асыл қоймасы деп сақтады.
Тақтадан видео материал көрсетіледі “Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары”дыбыс пен көріністі оқушылар көреді және естиді.
Біздің бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыздың тақырыбы-“Халқын сүйген салтын сүйер”. Қазақ ұлтының асыл дәстүрлерінің бір тармағы тұсау кесер тойын тамашалайық.
Олай болса, Шыңғыс ақсақалдың ауылында өтіп жатқан тұсау кесер тойға хош келдіңіздер,ағайын!.
Көрініс(ақсақал,әже,бала,қызы шығып жайғасып отырады.Ортаға үш жігіт шығады).
Біреуі: Жігіттер,жігіттер, бүгін Шыңғыс ақсақалдың ауылында немересінің тұсау кесер тойын жасап жатыр екен. Ендеше ақсақалға сәлем бере кіріп, “Той құтты болсын!”деп айтайық.
-Иә,айтқаның жөн болдығой…
-Ассалаумағалейкум!
-Уағалейкумассалам
-Атеке,мал-жан,бала-шағаңыз түгел аманба?
-Шүкір, аллаға аман…
-Атеке,той құтты болсын,немереңіздің тұсауы берік болсын.
-Сіздің қолыңызды алып,әжемізге құттыболсын айтайық дегеніміз го…
-Рахмет,айналайындар,өркенің өссін!
-Әй, жігіттер, құр қол кетпекшісіңдерме тойға деген шашуларың қайда?
-Апа,тойдың шашуы ретінде халық әні Үкілімайды орындап берейік.
-Әп бәрекелді!
-Ән Үкілімай
-Ата тойға бата беріңіз! Мен жайлаудағы малды айдап келейін,-дейді баласы
-Иә, балам,бата беріп бізде тұрайық!тұсау кесер рәсімін жасауды апалары жалғастырсын.(ақсақалдың батасы тыңдалады)
Қыз-қырқыңды шалқытып,
Шаттықтың иісін аңқытып
Бақытқа бөле,балалр
Күйіне буын балқытып
Береке берсін бір Алла!
Бірлікте болсын бастарың,
Заманың барда билей бер,
Өшпелі ғұмыр қас-қағым
Алапат күннен анам қып,
Ашық та болғай аспаның!
Ал, немереміз
Алланың сүйікті құлы болсын!
Халқының қадір тұтар ұлы болсын!
Ақындардың жырлайтын жыры болсын,
Аспанымыздың күндей нұры болсын!
Әуми!
Тұсау кесер рәсімі көрсетіледі.Тұсаукесерге қысқаша сипаттама беріледі.
Балаға қатысты рәсімнің бірі-тұсаукесер. Бұл-бала жүре бастағанда жасалынаьын ырым…Тұсау кесуге адам таңдайды,оның бойындағы жақсы қасиеттер балаға дарысын деген ниет болады…Тұсауды ала жіппен кеседі Ол біреудің ала жібін аттамасы,ұрлық жасамасын,өтірік айтпасын деген ниетке негізделеді.Тоқ ішекпен,көк шөппен аяғын шалады.Ол-қарны тоқ,көк шөптей жайқалып өссін,жасы ұзақ болсын деген ұғым.Ауылдың желаяқ жүйріктерінің бірі кесіп,екі қолынан ұстап біраз жерге дейін жетектеп жүреді.Содан соң тұсауы кесілген баланың мойнындағы қалтаға толтыра салынған әр түрлі тәттілер мен күміс ақшаны таласа-тармаса бөліп алады.
-Ал енді осылай бос қарап тұра беремізбе? Баламыздың тұсауын кімге кестіреміз?
—Біреу:Ауылдың желаяқ жүйріктерінің бірі Заринаға кестірейік.
Тұсау кесуші “Ботақаным,біредің ала жібін аттама,бүлінгеннен бүлдіргі алма,келешегіне ақ жол тілеймін!”-деп сәбидің тұсауын кеседі.
Қаз-қаз балам,қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін
Қаз-қаз балам,қаз балам
Тақымыңды жаз,балам
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық
Қаз-қаз балам,жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой
Қаз баса ғой,қарағым,
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер
Асулардан аса бер
Жүгіре қойшы,құлыным,
Желбіресін тұлымың
Елгезек бол,ерінбе,
Ілгері бас,шегінбе.
Би Қара жорға
Қорытынды: Құрметті оқушылар!Өзге халықтар сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар.Аға буын өз бойындағы ізеттілік,қайырымдылық,кішіпейілділік,
әдептілік,елін-жерін,отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас
ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп,қаны мен жанына сіңіріп келеді.Бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыздан осы қасиеттерді өз бойларыңа сіңіре біліңдер.