Кештің тақырыбы: «Ғазиз жүрек»
Кештің тақырыбы: «Ғазиз жүрек»
(Ақын З.Шүкіровтің 80 жылдығына арналған әдеби кеш)
Мақсаты:Білімділігі:Оқушыларды халық махаббатына бөленген қаламгер З.Шүкіровтің
өмірімен,шығармашылық еңбектерімен таныстыру.
Дамытушылығы:З.Шүкіров поэезиясының халыққа кең таралуының мәні және оның
өміршеңдігінің сыры неде екендігін таныту,түсіндіру,сезіндіру.
Тәрбиелігі:Табиғатты аялауға,отанды сүюге,адамгершіліке,кішіпейілділікке,
өлеңді,өнерді,сезімді бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. З.Шүкіровтің суреті
2.Өмірі мен шығармашылығына арналған хронологиялық кесте.
- Кітап бұрышы,бүктеме.
Дәйекті сөздер.
4 «Талант дарын бар болса сүйегінде,
Жан тұрса да шыққалы иегінде,
Дарын талант өмірге есік ашып.
Келе жатсың ілгері батыл басып»
А.Тоқмағанбетов
5.Зейнолла-талант.Шын талант ауыр бейнеттің,адам айтқысыз ауыр
азаптың барлығына төтеп бере жүріп,екі аяғы еркін басуға жарамай
сексеуілше сірессе де,жіпсіз байланып от басынан шыға алмай үйкүшік
атанған жоқ.Сыр бойындағы еңбеккерлердің сағына күтер ақын-
мейманына айналды.
М.Әлімбаев
Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Ақын Зейнолла Шүкіровтің 80 жылдығына арналған «Ғазиз Жүрек»атты әдеби әуенді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1.Кештің салтанатты түрде ашылуы.
2.Қайсар қаламгер З.Шүкіровтің өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
- «Кіндігім бірге аралмен,
Теңізден тыныс алам мен» атты әдеби әуенді монтаж.
4.Кешіміздің қорытындысы.
Ол жұлдыз болып жанды да,
Ол жұлдыз болып қалды да!
I Жүргізуші Кіндігім бірге Аралмен,
Теңізден тыныс алам мен.
Бір жұлдыз болып жанам мен,
Бір жұлдыз болып қалам мен.
II.Жүргізуші Құрметті қонақтар мен оқушылар!
Жыл керуені алға жылжыған сайын Зейнолла Шүкіровтің артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап,өркендей өсіп,айшықтала түсуде.Зейнолладай біртуар перзенті бар халық шынымен бақытты халық.
- Жүргізуші.Қайсар қаламгер Зейнолла Шүкіров 1927 жылдың қарлы боранды ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылода облысы,Арал ауданы,Бөген ауылында дүниеге келген.Ол 4 сыныпта оқып жүргенде жазатайым түйеден құлап,майып болады.Өз аяғымен жер басып туған ел топырағының жылуын табанымен сезе алмас халге душар болады.Тағдыр оған ауыр өмір сыйлады.
I I Жүргізуші Бірақ өмірге,білімге құмар Зейнолла жайдан-жай жатпады,бар оқу-білімді төсегінде жатып-ақ бойына сіңірді.Жүрегіндегі бір жарық сәуле әдебиет әлеміне жол көрсетіп,қолына қалам алғызды.Шағын ғана өлеңмен басталған Зейнолланың шығармашылығы жылдан-жыл өте келе шалқар теңізге айналды.
I Жүргізуші Алғашқы өлеңі «Менің дауысым» деген облыстық газетке жарияланады.
1952 ж. «Жұлдыз»журналынан «Достарым» атты поэмасы жарық көреді.
1957 ж.алғашқы «Менің достарым»атты өлеңдер жинағы мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шығады.
I I Жүргізуші 1960-1970 ж.аралығында «Теңіз жыры», «Арал дәптері», «Жүрекке әмір жүрмейді», «Алау» атты жыр кітаптары бірінен соң бірі жарыққа шығып жатты.
«Ізгілік іздер», «Жас жесір»хикаяты өмірді шынай суреттеуімен,кейіпкерлерінің қызғылықты өмір жолдарымен өз оқырмандарынан жақсы баға алды.
I Жүргізуші 1971-1977ж.аралығында «Сағыныш», «Адам-Жер- Ана», «Қиын түйін», «Сарша тамыз», «Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары», «Өткелдер» романы жарық көрді.
I I Жүргізуші 1977ж.Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Құрмет Грамотасымен мараптталды.
1979 ж.26 желтоқсанда ақиық ақын,қайсар қаламгер Зейнолла Шүкіров 52 жасында Қызылорда қаласында қайтыс болды.
I Жүргізуші 1982-1983ж «Ғажайып құмыра», «Қиын түйін», повесі», «Отты өткелдер», «Жанқожа» романы қайта басылып шықты.1998 ж.Қызылорда қаласы «Тұран» баспасынан тарихи ұлы шығармасы «Сыр бойы» ктабы оқырман қауымымен қауышты.
I I Жүргізуші Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты,Зейнолланың да шығармашылық өмірбаяны өлеңмен басталған.Ол өлең өзі туып- өскен Арал толқындарында туған.
I Жүргізуші Ол өзінің туған жерін,көк теңізін жырлап өткен ақын.Оның шығармаларынан отанға,туған жерге,өзінің Аралына деген шынайы сезімі,балалық махаббаты тайға таңба басқандай «мен мұндалап» тұрады.
«Арал» өлеңі .Оқитын- Есен
I I Жүргізуші З.Шүкіров қазақ поэзиясында бұрын-соңды көп қалам тартылмаған тақырыптардың бірі теңіз жырларымен келді.Ақын оқырманның көз алдына теңіздің табиғатын елестетті,оның бір керемет суретін көрсетті.
«Теңізбен кездесу» Нұржан
«Теңіз жағасында» Нұрбол
I Жүргізуші Зейнолланың «Сыр сұлуы» сыр аспанында қалықтады.
«Сыр сұлуы» ән орындайтын Жанар
I I Жүргізуші Ақын Зейнолла теңіздей тентек телегей жырларын достарына арнаған.
Тек қасымда әр уақыт достар болсын,
Онсыз бір күн тұрмаймын, дүние, сенде…деп достыққа құшақ ашқан, дос пейіліне құштар болған.
«Балалық кездерім» Жаңагүл
«Жырлаймын дәйім, жырлаймын жастық қақында» Айсұлу оқиды.
I Жүргізуші «Іздеттің достар» атты сыршыл да шыншыл өлеңінде ақын:
«Қысқа өмірімде қырық рет шықтым ойланып,
Жаныма жақын бір жанды ренжіткен жерім бар ма?»-дейді.
Бұл кісілікті кісінің кішілікті тұтынатын кіршіксіз көңіл сөзі.
«Іздеттің достар» Еділ
I I Жүргізуші Ақынға деген туған елі мен жерінің ыстық ықұыласы ерекше еді.Бұл сезімді ақын сезіне де ,сезе де білді.Оған дәлел «Ақирек» өлеңі» Бекайдар.
«Өткен күндер» Бақтияр
I Жүргізуші Шүкіровтің шұрайлы-шұрайлы деген жырлары қашан да қазақы мінезді.Оған мына бір «Ұят»деген өлеңі дәлел сияқты.Өлеңді көкірек көзімен көріп,көңіл бөле оқып көрелік.
Өлең «Ұят» Жарасхан
I I Жүргізуші Сегіз жасында майып болып,төсекке таңылған жас бала өзінше оқып,өзінше шыңдалды.12 жасында анасы әкеліп берген Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты»
шығармасымен танысады.Кітапты оқығаннан кейін «Кітап жайлы жыр»деген өлең жазады. Өлең оқитын –Динара.
I Жүргізуші.Ақын З.Шүкіров Н.Островскийге арнап «Адам мен тағдыр» деп аталатын поэма жазған. «Адам мен тағдыр»поэмасын Гүлден оқиды.
I I Жүргізуші. З.Шүкіров XX ғ ортасынан бастап қатал тағдырға емес,қасиетті қаламға бас иген,қаламды серік еткен ақынның жазудан қолы босаған жоқ.
Өнімді жазда,сенімді жазды.Көлемді жазды,тереңнен жазды.
Зейнолла шығармашылығы дегенде бір бөлек шығатыны-хаттары.
Қайтейін қадіріңді хаттар,хаттар!
Құттықтап досың болып хаттар қаптап,-деп Зейнолла ақынның сыр шертуінде көп сыр бар.
I Жүргізуші Зейнолланың ғұмырлық есеюіне тағдырдың жазуы әсер етсе шығармашылық өсуіне хаттардың әсері болды десек артық аййтпаған болар едік.Өйткені шығармашылық жолдағы достары елімізге белгілі ақын-жазушылар Әбу Сәрсенбаев,М.Әлімбаев,
Ә.Әлімжановтар болса,хат арқылы Ә.Қоңыратбаевпен,А.Тоқмағанбетовпен,М.Мақатаевпен сырласқан,пікірлескен,ой түйістірген,шығармалары туралы толғамдарын,көзқарастарын білген.
I I Жүргізуші «Өлеңді қысқа,тартымды етіп,сезімге,образға құрады екенсің.Сөзіңде үлкен серпін бар!Ол серпіннің сырын,әдістік мәнін өзің қалай түсінетініңді мен білмеймін,меніңше ол романтика стиліне тән нәрсе.Басқа кісілердің мысалы фактіні жадағай жырлаушылардың сөзінен сенің ерекшелігің сонда»,-деп хат жазыпты Әуелбек Қоңыратбаев 1960 жылы 3 ақпанда.
I Жүргізуші Ал Мұқағали 1964 ж. 15 наурызындағы хатында «Өлеңге деген өзіңнің пікіріңді тыңдағаннан кейін аузымды жұмдым.Айтқаныңа да,былтырлар жарияланған мақалаларыңа да ұйыдым.Сол үшін жым болдым.»,-деп Зейнолланың ақындығын мойындай келе «Тірлігіңе тілектеспін.Мәңгілік өмір сүрмесе, басымды кесіп берейін»,-деп бас иеді.
Иә мықтыларға өзін мойындатты .Тіпті қатал тағдырдың өзі оған мойынсұнды.
I I Жүргізуші Кеш көрермендері,құрбы –достар кешіміздің осы кезеңіне дейін теңіздей тебіренген Зейноллаша жырладық.
Ендігі кезеңде Зейноллаға арналған өлең жырларды тыңдаймыз.
I Жүргізуші Тағдыры қиын талантты тұлға З.Шүкіровке арналған ақын С.Сейітмағанбетовтің «З.Шүкіровтің соңғы монологі» атты жырын Айшат оқиды.
I I Жүргізуші Қайсар қаламгер,ғазиз жүрек атанған ақынның 60 жылдық мерейтойына арналған жерлес ақынымыз Толыбай Абылаевтың «Зейнолла туралы балладасы»
Бақыткүл мен Гүлфайруз оқиды.
I Жүргізуші Қазақ даласының ең биігі-Нарынқол,ал қазақ поэзиясының Хантәңірі-Мұқағали»дейді керемет теңеумен Әкім Тарази.Сол Хантәңірінің Зейноллаға арналған жырын Қуанышбай оқиды.
I I Жүргізуші Енді «Теңіздей тентек телегей жыр төккен, шоқтығы биік талант иесіне «өз сыныптастарымыз жыр шашуын шашады.Оқушылар шығармашылығы.
Ақеділова Гүлден «Зейноллаға», «Жарық жұлдыз»
Сансызбаева Айсұлу «Зейноллаға»
Жаппарбердиева Бақыткүл «Алып қыран»
I Жүргізуші Зейнолла жырларының қайраты тек ой өрлігінде ,сөз серпінділігінде ғана емес,мұнымен бірге ақын өлеңдері соншалықты сырлы да,сұлу.Терең ой,бейнелі теңеулермен ,эпитеттермен,төгілмелі ырғақпен,тігісі жатық ұйқаспен өрнектеліп,місекер қолынан өткен мүліктей боп шыға келеді.
I I Жүргізуші Зейнолла жырларынан тұманданған ой ,буалдыр тартқан сөз көрмейсің.Бәрі де тұнық айна бетінде тұрғандай.Ақын өлеңдерінде әуеділік мол.Көбісі –ақ ән тілеп тұр.
«Неге осында кездестім жаным саған?»,-деп басталатын өлеңге шығарылған әннің әсерлі де ыстық тиетіні осыдан болар.
Бәріміз бірге осы әнді шырқайық ақын құрметіне.
I Жүргізуші Ақынның әрбір өлеңін оқыған сайын,оқырманның қасаңсып қалған жан әлеміне шапағатты шуағымен шарапатын тигізе берері сөзсіз.
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»-деп Абай ақын жырлағандай соңына айбозым жыр,аталы сөз қалдырған азулы ақынның өмір соқпағы,өлең мектебі әлі талайымызға өнеге болып ,алдымыздан жарқырай жанып тұрары анық.Кешімізді ақынның мына бір өлең шумағымен аяқтағалы тұрмын.
Кіндігім бірге Аралмен,
Теңізден тыныс алам дем.
Бір жұлдыз болып жанам мен,Бір жұлдыз болып қалам мен!