«Мейірімділікті анадан үйрен» Ұстаз аналармен кездесу кеші

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Ұстаз аналармен кездесу кеші

Мақсаты:Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында,алтыншы ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу;

Ұстаз аналарды құрметтеу;

Қыз балалардың ата-ананы сыйлауға,құрметтеуге,қадірлеуге және бір-бірімен сыпайы қарым қатынаста болуға тәрбиелеу;

 

Сахна ашылады.Сахнада диктор дауысы:М.Мақатаевтың «Әйелдер-ау,әйелдер…»өлеңі.

Күй ойналып тұрады.

1 жүргізуші:Армысыздар,құрметті қонақтар!Бүгінгі кеште өздеріңізбен бірге болатын Шынар Абайқызы.

2 жүргізуші:Жеңісгүл Саматқызы және мерекелік кешімізді әнмен әрлейтін Аманкельдиев Ерхат Абілахатұлы.

1 жүргізуші:Ана…Ана…Ана…!!!

Не деген мейірімді,не деген шапағатты еді!

Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші.Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма?!Жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен жаралған.Олай болса алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге,аналарға және аналардың көмекшілері әпкелеріміз бен қарындастарымызға,сұлу қыздарға арнаймыз.

Қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші:Күн жер бетіне молынан шуағын шашып,тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.

1 жүргізуші:Құрметті ұстаздар,әріптес құрбылар сіздерді осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

2 жүргізуші:Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр,өмірде бақыт,еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Ән «Анашым».Орындайтын:Әбішова Ботагөз

1 жүргізуші:

Ана – жұмақ,мен — шуақ,саябағы,

Ана — шырақ,мен — сұрақ санадағы.

Ана — теңіз,мен — қайық тербетілген,

Ана — бұлақ,мен — құрақ жағадағы.

2 жүргізуші:Бүгін біздер ардақты аналарымызды,құрметті әжелерімізді ерекше құрметтеп,қошеметтейміз.Себебі, «Қариясы бар үйдің,қазынасы бар»деп халқымыз бекер айтпаған.Ендеше бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болайық.

1.Жұмағалиева Мариям Төреғалиқызы

2.Сексенова Темірхан Әлиқызы

3.Исмагулова Разия Хабибуллақызы

4.Құрманова Жадырасын

5.Ізтлеуова Бағила Өтебайқызы

6.Әлиева Бағдагүл

1 жүргізуші:Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді.Аналарға деген баланың да жылы лебіздері таусылмайды.

2 жүргізуші:

Бар қырқаға аналар деп гүл өссін,

Тартысқандар қоя тұрсын күресін.

Аналарға табиғаттың сиы ғой,

Көктем деген мерекесін білесің.

1 жүргізуші:Сен білесің бе,дүниедегі ең сұлу кім?

2 жүргізуші:Дүниедегі ең сұлу – ол қазақ әйелі!

1 жүргізуші:Солай ма,қалайша?!

2 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған,әлемдегі ізгі адам;

1 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана;

2 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен,әлемдегі ең адал жар;

1 жүргізуші:Ұлттың ұйытқасы;

2 жүргізуші:Ұрпақтың анасы;

1 жүргізуші:Сен білесің бе?Аналар әр уақытта балалары үшін бәрін жасайды еркелетеді,араға түседі.

2 жүргізуші:Әрине,мұны «Анашым »өлеңінен білуге болады.Әрбір ана-өз баласының сүйікті досы,мақтанышы.Бізге ананың еркелеткені мен еңбегі мақтаныш.Сондықтан осы кешіміз аналарымызға арналады.

1 жүргізуші:

Қара көз қиылған қас жазық маңдай,

Алма бет,ақша жүзі нұр тамғандай.

Қыр мұрын,оймақ ерін,меруерт тіс,

Бейне мақпал,қызыл тіс,шекер балдай,-деп ақындарымыз жырлағандай қыздарға арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән «Қыз сыны».Орындайтын:Рамазан Жанель

2 жүргізуші:Жеңісгүл,бүгінгі кешіміздің басты тақырыбына көшсек қалай болады?

1 жүргізуші:Шынаржан дұрыс айтасың.Ендеше бейне клипке назар аударайық.

Бейне клип Бақытжан Мұстапев «Ана жүрегі»

2 жүргізуші:

Қыздарды көрсем,бір түрлі

Өзімнен өзім мұңданам.

Тыям да бейқам күлкімді,

Өзімнен өзім сыр бағам.

Қымбат-ау қыздың ар-мұңы

Қиын-ау,қиын,тым қиын.

Не болар екен тағдыры?!

Үйіріліп соқса бір құйын.

1 жүргізуші:Мұқағали ағамыз жырлағандай,қадірлі аналар,қыздар,міне,өздеріңіз тамашалағандай қазіргі қоғамдағы бізді алаңдатып отырған мәселе төңірегінде ой өрбітсек қалай болады?

2 жүргізуші:Иә,орынды сөз.Ендеше осы қойылым бойынша қыздарға қандай ақыл кеңестеріңізді берер едіңіздер?

Кеш қонақтары өз ойларымен бөліседі,мерекемен құттықтайды.

2 жүргізуші:Өзіңсің,сүйікті ана құдіретім,

Жанымды жадыратып,күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббаты,

Нұр толы қос жанарың білдіреді.

Монолог: «Бәріңнің де анаң бар».Орындайтын:Кереева Гүлзада

1 жүргізуші:

Арулар,аяулылар,ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

Ән: «Аналар тілегі».Орындайтын:Мұңсызбай Нығмет

2 жүргізуші:

Ана десем,сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық,-дей отырып,сөз кезегін мектебіміздің директоры Бажақанова Гүлшара Жаркетқызына береміз.

1 жүргізуші:Кешіміздің соңына қарай мына үлестірмелі парақтарды өздеріңізге ұсынамыз.

2 жүргізуші:Осы парақтарда жазылған сөздерді кірістіріп,кешті қортындылау сөз кезегін өздеріңізге береміз.

1 жүргізуші:

Аналар,арулар мен сұлу қыздар,

Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.

Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,

Ең бақытты,ең құрметті болып қалыңыздар!

2 жүргізуші:

Қыздар,қыздар көңілдің көк гүлдері,

Көк гүлдер көзге ыстық көрінеді.

Азаймаңдар  арулар,жауқазындар,

Азаймаңдар өмірдің көп гүлдері.

1 жүргізуші:Қадірлі аналар,әйелдер,әпкелер мен құрбы-құрдастар!!!

Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы гүл мерекесі 8-наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймыз!Көктеріңізден күн кетпесін,құшақтарыңыздан гүл кетпесін,өмірлеріңізден күлкі кетпесін!

1,2 жүргізуші:Құт болып әрбір үйден табылып,шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер!!!