Егемен елдің ертеңіміз

 

Егемен елдің ертеңіміз

 

Мақсаты :Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу,болашаққа сеніммен қадам басу,жас ұрпақты отаншылдыққа,адамгершілікке,елжандылыққа,Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Барысы: 1. Әнұран орындау

2.Қазақ биі

 

 

Жүргізуші:   Құрметті оқушылар, қонақтар! Тәулелсіздік мерекесі келіп жетті.

Баршанызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мейраммен

құттықтаймыз.

Тәуелсіздік-ту көтерген жеңісім,

Өмір бойы өзім жейтін жемісім.

Ата –бабам тірлігінде ансаған,

Құт-береке,бейбіт өмір-келісім.

 

 

Тәуелсіздік-мектебіме барғаным,

Екі айтқызбай ана тілін алғаным.

Күнделікті сабағымды жақсы оқып,

Өміріме жақсы білім алғаным.

 

 

Еңбек етсең гүл өнеді жолыңа,

Қарап өскін оңыңа да, солыңа.

Тәуелсіздік-қорғаушысы өзіңсің,

Ер жеткенде қару алып қолына.

 

 

1.Жүргізуші  1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Сол отты оқиғадағы жастар ерлігі Тәуелсіздігіміздің бастауы болды.1986 жылы қазақ жастары өз Отанын,жерін, ар-намысын қорғай алатындығын көрсетіп,”Ел намысын аяқ асты етпеймін  “деп бейбіт шерудің алдынғы сапында болды.Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова сияқты біртуар ұл-қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті.Олардың есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталды.Біз бұл оқиғаны Тәүелсіздік аңсаған елдің ширыққан намысы деп бағалаймыз. Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде Желтоқсан оқиғасына қатусушыларға бас иіп.Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер…

Көрініс

 

1-батыр:

Бұқар жырау келді!

2-батыр:Арқаның ардагерін қарсы алайық!

  Бір топ адаммен ордаға Бұқар жыраудың өзі де кіреді.Абылай хан түрегеліп  амандасып, оң жағынан орын береді.

Бұқар жырау:

Армысыз, Абылай?!

Абылай хан:

Армысыз, Бұқар баба?!

Бұқар жырау:

Армысыздар, жарқындармын?!

Қабанбай, Бөгенбай, Баян батырлар:

Армысыз,Бұқар баба?!

 

 

Бұқар жырау сәл ойланып, тұнжырап қалғандай болады,тамағын кенеп Абылайға қарап сөзін сабақтайды.

Бұкар жырау:

 

Біз барымыз-ау,хан ием.Қазақтың халын айтсаңдаршы, сол мендегі зар,сол мендегі запыран… Қандыауыз жңғар қазағымды құл қылғысы келеді.Қызымды басыбайлы күн,ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ.Қайран қазақтың халі өте нашар,Абылай.

“Берекесі жоқ елдің жоқ “ Не қылмақ ойын бар,а, Абылай?

 

Ордада үнсіздік.Бұқар жырау Абылайдан жауап қүткендей.

 

Бұқар жырау (Абылайға түйіле қарап):

Бар сенгеніміз сесің,Абылай! Баста мына елінді!

 

Бөгенбай батыр:

Қарт баба дұрыс айтады.Үш жүздің қазағыңың басын қос,баста мына елінді.

Бөгенбай батыр:

Қарт баба дұрыс айтады.Үш жүздің қазағының басын қос,баста елінді.

Бұқар жырау:

Сайдың тасындай даңқты батырларың мен қалың қазақ сені қолдамаса,маған кел.

 

Абылай ойга берілгендей отырып қалады.

Абылай хан:

Ақиқатты ғана айтасың-ау жырауым!Ақтабан шұбырындының кегі үшін ғана емес,

Қазақтың бостандығы үшін бүгін осыАқордаға жиналып отырымыз. Жырауым,ақыл қосып отырмыз.

Бөгенбай батыр (Бұзау терісіне салынған қартаны көрсетіп)

Уа, хан ием! Міне мына жерде біз Қалдан Сереннің әскерине соққы береміз.Бүкіл үш жүздің әскері,міне,осы тұстан кеп қоршайды.

 

Қабанбай батыр:

Көрсін сонда қалың шүршіт осы қақпаннан құтылып!

Наурызбай батыр:

Осы жолы біз олардың көкжелкесін қиямыз!

Қабанбай батыр (Оң қолын кеудесіне қойып сөз сұрады)

Хан ием,қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар.Құдай қаласа,қазақ жері азат болды!

Баян батыр:Хан ием,аттанайық жорыққа!

Барлығы:Аттанайық,аттанайық!

Бұқар жырау:

Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жинаулы керек!Қазақтың халі қыл үстінде тұр,ағайын!

(Жұрт шуласып қоя береді)

-Иә,жырау!

-Табанды боламыз!

-Жауға кұл болғанша,өлгеніміз жақсы!

-Аттан,аттан!

 

(Көрініс осымен бітеді)

Слайд:

 1.1986 жылы-Ұлт азаттық котеріліс.Биыл 25 жыл

Желтоқсан

Мұз жастанып азаттықтың жолында

Тәуелсіздік туы тұрды қолында

Жеңіп шықтың бас имедің қасардың

Сойыл, таяқ ойнаса да жанында

Отан үшін жанын қиды ұлдарың

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді бүгін еншіме

Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.

2.1990 жылғы 24 сәуір-Қазақ КСР Жоғары кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Республиканың

алғашқы Президенті етіп сайланды.

Шықты тарап ой данадан

Бері қарады жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар президенті

Шырақ етіп өмір нұрын

Алыс жатты алдағы жол

Ел намысын, елдің жүгін

Арқалаған ардағым

 

3.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика          Президенттігіне  жалпы халықтық сайлау өтті Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіру арқасында Н. Ә.Назарбаев Президент болды.

 

4.1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік          тәуелсіздігі туралы жарлығы шықты.

Тәуелсіздік мектебіме барғаным

Екі айтқызбай ана тілін алғаным

Күнделікті сабағымды жақсы оқып

Өміріме жақсы білім алғаным

Еңбек етсең гүл өнеді жолыңа

Қарап өскін оңыңа да, солыңа

Тәуелсіздік-қорғаушысы өзіңсің

Ер жеткенде қару алып қолыңа

  1. 1991 жылы- алғашқы рет ғарышқа самғаған қазақтың жігіті Тоқтар Әубәкіров

5.1992 жылғы 4 маусым-Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылдады.

Әнұраным – жанұраным

Айтар әнім-сөйлер сөзім

Туған жерім-сағынарым-

Мың қайталап айтам мұны

Қатар жатқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Ұзақалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған жаза күй-

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда да бір ерлігін

Мұнда да бір жер күші

Қара шаңырақ ел күні

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы-елдігім

Елдің тыныш тірлігі

6.1993жылғы 15 қараша-Қазақстан республикасының ұлттық валютасы-тенге енгізілді.

Еліміздегі валюта шығаратын қалалар туралы мәлімет беретін болсам. Алматы «Банкнот фабрикасы» 1992 жылы мамырда «ҚР Ұлттық Банкінің баспа фабрикасын құру туралы» Президент Жарлығы шықты. Егемен Қазақстанның тарихында тұңғыш рет, яғни 1993 жылғы маусым айында бағалы қағаздар шығару цехы іске қосылды.

7.1994 жылдың 6 шілдеде — Астана күні

Астана

Астанам, беу, жасай бер, хан қаламыз

Біз сенің ажарыңа таңғаламыз

Күн сүйген келбетіңе көзайымбыз

Жарқырап сен тұрғанда арман-аңыз!

 

Сен тұрсың елімізге тұлға болып

Ертегі қаласындай қырға қонып

Алады көздің жауын келбетімен

Ғажайып ғимараттар нұрға бөліп

8.1995 жылғы 30 тамыз – Қазақстанның жана Конституциясы қабылданды.

Ата Заң

Өмірден әділдік пен бақ табатын

Құқығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі

Биікке қазағымның самға құсы!

Халық болып қадір тұтып қастерлеген

Ата Заң – Азат елдің ар-намысы                                                                                                                                                                                                                                                                                              Домбыра

Сұрақ-жауап:

 

1.ҚР ұлттық валютасы қалай аталады? (Теңге)

2.Алғашқы ұлттық теңгеде кімдердің суреті салынған?(Ұлы адамдардың:Әл-Фараби,Абай,Шоқан,Абулхаир)

3.Ұлттық теңгенің айналымға енген күні?(1993 жыл, 15 қараша )

4.Астананың бұрынғы атауы? (Ақмола)

5.ҚР рәміздеріне не жатады?(Ту,елтаңба,әнұран )

6.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж.,16 желтоқсан )

7.Желтоқсан уақиғасы қашан болды.(1986ж )

8.Наурыз мейрамы елімізде қашаннан тойланады. (1992 ж.22-наурыздан)

  1. Ата заң күні (30-тамыз)

10.Білім күні (1-қыркүйек)

 

ӘН: Серіков Ақжол «Туған елім»

 

Жүргізуші:Ата-бабаларымыз талай ғасырлар бойы армандап келген Тәуелсіздікке қолымыз жеткеніне биыл жиырма жыл болды.Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарқын болашаққа,кемел келешекке бастап келеді.

Асқақтаған Астанасы бар қарыштаған Қазақстан қазіргі кезенде тек бірлікпен болашаққа сенімді қадамдармен адымдап барады.Бар жарқын жетістік пен көзайымжақсылық ұзағынан сүйіндірсін.

 

— Қош сау болыңыздыр! Назарыңызға рақмет!