«Ұлы Жеңіс» мейрамы
1-оқушы
Күндер күткен күңіреніп жылдар күткен,
Ана күткен жетімек бала күткен
Келді жеңіс арқалап ақ арманды
Жиырма миллион құрбандықпен
Күтіп соғыс төрт жыл көзді аштырмаған
Өтті жеңіс алапат тасқындардан
Келді жеңіс қан қатып шинеліне
Кешіп өтіп сұрапыл аш жылдардан
2-оқушы
Келді жеңіс қаралы қағаздармен
Келді жеңіс жаралы сарбаздармен
Келді жеңіс соқаға сиыр жегіп
Тастақтарға тартылған бораздамен
Келді жеңіс апатты жарып өтіп,
Қап қараңғы түнекті жарып өтіп,
Шықты қайта жұлдыздар аспанына
Әрі тайған жүзінен әрі кетіп
3-оқушы
Келді жеңіс жер көкті солқылдатып,
Дүниеге орнады сол күн бақыт
Тау ашылып торлаған тұманынан,
Айғайлайды теңіздер толқын атып,
Жер теңселтті жеңістің айбыны үні
Толқып тұрды тоғызыншы мамыр күні
Дауыл қуған жөңкілген қара бұлттай
Көңілдердің серпілді қайғы мұңы
Хор «Ақ көгершін»
4-оқушыКөп қой батыр ағалар
Халық сүйіп бағалар
Көп батыр ағалар
Жаттап алар балалар
5-оқушы
Өр кеуде отты жүрек батыр Мәншүк
Зор даңқың дүниені кетті жарып,
Майданда ризамыз ойнадың сен
Бейне бір найзағайдай жарқыл қағып
Хор «Священная война»
6-оқушы
Қара көз қазақ қызы Мәншүк батыр
Орнатқан дұшпанына заман ақыр
Сұлатқан сан фашисті баудай турап
Өнегең отаншылдық сайрап жатыр
Қара көз қазақ қызы қарындасым,
Қиғаш қас ,оймақ ауыз қолаң шашың
Елімнің азаттығын ту қып ұстап
Ер болып еркін өскен замандасым
7-оқушы
Абырой атағыңа намысың сай
Жаулардың төбесінен түсірдің жай
Кенеттен кешегі өткен ерлігіңді
Ешқашан ұмытпаспыз жан қалқатай
Ие боп бір төбеге жалғыз қалдың
Жақындап жасқанбастан ұрыс салдың
Максимді үсті үстіне дүрсілдетіп
Қаптаған қалың жаудың жанын алдың
8-оқушы
Даламыздың даңқысың
Балауса гүл балғын қыз
Жанып түскен ақ жұлдыз
Мәңгі жасап жерде енді
Биік бол деп таулардан
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдән
Бірге соқсын дүрсілдеп
Туған жермен жүрегің
Ауасында жүрсің сен
Әнге қосып жүр елің
6-оқушы
Әлия,Мәншүк ер қыздары елімнің
Әлия, Мәншүк гүл қыздары жерімнің
Әлия,Мәншүк аттары әнге айналған
Әлия,Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған
Хор «День Победы»
9-оқушы
Жеңіс,Жеңіс
Зымырап ТАСС хабары
Қариямен күлдірді жас баланы
Алтын оты Жеңістің аспанда ойнап,
Жасыл жаңбыр жайнатты астананы
Жеңіс,Жеңіс
Елге таза ашық таң атырды
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды
Ақ боз атты балалар сүйінші сұрап
Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды
Хор «Жойылсын соғыс»
10-оқушы
Тоғызыншы мамыр Жеңіс күні,
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар биік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын
Нық басайық анығырақ табанды
Тең ұстайық ширақ аттап қадамды,
Көтер есе құрыш білек жауынгер
Рухты бол жеңілмейтін табанды
11-оқушы
Шекарада тұр аға,
Жауынгер солдат атанып
Халқы үшін қырағы
Қорғайды ұлы Отанын
Күзетеді ол ананың
Ақ тілеуін әлдиін
Күзетеді ол баланың
Ойыны мен ән күйін
Күзетеді ол жерінің
Самал сүйген гүлдерін
Күзетеді ол елінің
Маужыраған түндерін
12-оқушы
Қанды соғыс қанша жерді таптады
Көшкен бұлттай жау әскері қаптады
Қорғап қалдық Ұлы Отанның әр тасын
Әр жауынгер ана сүтін ақтады
Көргенім жоқ соғысты от ойнаған
Көрмедім ер солдатты атойлаған
Естігем жоқ дауысын зеңбіректің
Әңгімелеп айтады атам маған,
Соғыс жайлы бірақ та білдім жақсы
Қағаз қалам ол кезде болды тапшы
Диханшы боп жүрді анам дала кезіп,
Отанына тұрды ағам болып сақшы
13-оқушы
Оқ пен оттың ащы дәмін татқанмын
Жаралы боп қансырап та жатқанмын
Бауырластар алып қалды өлімнен
Құрса да ажал қанша рет қақпанын
Жылдар өтті талай жырлар жазылды
Өмір жақсы,
Ішетін ас әзір ді
Құрбан болған азаматтар еңбегін
Бағаласа екен жастар кәзіргі
Жеке номерлер
Айсұлу «Жауынгер биі»
Баян, Фарида «Катюша»
Әл Фараби
Мерей
Науан