Бекіту сабағы
Пән: Дүниетану
Тақырыбы: Бекіту сабағы
Мақсаты:
- Оқушылар топтарының шығармашылық ізденіс пен өзіндік жұмыстар бойынша жұмыс деңгейін жоғарылату. Білім көрсеткіштерін жетілдіру.
- Оқушылардың жеке, жұппен, топпен, бірлескен жұмыс істеу арқылы әр түрлі ортада өз пікірін еркін дәлелді жеткізе білуге, шығармашылық ізденіске әрекеттендіру.
- Тәрбиелік деңгейін жетілдіру, дүниетанымдық мәдениетінің жетілуіне ықпал ету.
Көрнекілік: Жануарлардың суреті, жауаптар. плакат.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық жағдай туғызу
Армысың асыл күн
Армысың көк аспан
Армысың асыл жер
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым
III.Бекіту сабағы
- Балалар, біздің сабағымыз бекіту сабағы болып есептеледі. Сабақтың тақырыбы Табиғат біздің ортақ үйіміз.
Үш топқа бөлінуі
I қатар Адамдар тобы
II қатар Өсімдіктер тобы
III қатар Жануарлар тобы
Бағалау- әр дұрыс жауапқа фишка беру.
а) Үй тапсырмасын тексеру
Адамдар тобы- ертегі жазып келу;
Өсімдіктер тобы- мақал – мәтелдер жазып келу;
Жануарлар тобы- жұмбақ жасыру;
Қорытындылау
ә) Сұрақ- жауап
Біз қандай тарауларды өттік?
1тарау-
2тарау-
3тарау-
4тарау-
Сұрақтар:
- Адам өміріне ең қажетті жағдайларды ата
- Табиғат дегеніміз не? Неше топқа бөлінеді? Тірі табиғатқа не жатады? Өлі табиғатқа не жатады?
Өсімдіктер тобын ата
Шөп-
Бұта-
Ағаш-
Өсімдік тіршілігіне не қажет?
Өсімлдік мүшелерін ата
Тамыр-
Сабақ-
Жапырақ-
Гүлі (жемісі)
Қандай қызмет атқарады?
Жануарлар топтарын ата
Үй жануарлары
Жабайы жануарлар
- Сүтқоректілер
- Құстар
- Жорғалаушылар
- Қосмекенділер
- Балықтар
- Бунақденелілер
Ойын « Ойлан ,тап»
Шарты: жануарлардың суреті көрсетіледі. Оқушылар қай топқа жататынын айтады.
Қорытындылау, бағалау.
2- тапсырма:
1топқа – өсімдіктермен жануарларды не біріктіреді (топтастыру)
2топқа- венн диаграммасын толтыру, адам- өсімдік- жануар (ортақ жағдайлар)
3 топқа- үй жануарларының адамға пайдасы(сызба түрінде көрсету)
Тақтаға шығып қорғайды
Қорытындылау , бағалау.
3 тапсырма:
Сурет тарату 1 топ- тоқылдақ
2топ- бүркіт
3топ- бірқазан
Сипаттау(табиғатта тіршілік ету үшін пайдалы бейімділіктері)
4тапсырма:
Мәтін тарату 1 топ- бүркеніш рең
2топ- сақатандырғыш рең
3топ- аңдар неге жуынады?
Мәтіннің негізгі ойын тауып айту, қорғау, мәтінге ат қою.
Қорытындылау, бағалау.
5тапсырма:
Ойын «Ең білгір»
1топқа
- Орман дәрігері
- Ең сұлу құс
- Жыртқыш құс
- Өсімдіктің жер астындағы мүшесі
- Суда еритін заттар
2 топқа:
- Көбелек жануарлардың қай тобына жатады
- Кітапты неден жасайды
- Көбелектің дәм сезетін талшығы қай жерде орналасқан
- Көктем айларын ата
- Қыста ақ тон, жазда сұр тон киетін жануар
Қорытындылау, бағалау
« Сен білесің бе?»
Әлемдегі жануарлар жайлы қызықты мәліметтер
(Суреттері ілініп отырады)
Тәжді көгершін- әлемдегі көгершін атауының ең ірісі, оның салмағы 2 кг тартады.
Колибри- әлемдегі ең кішкентац құс. Жүре алмайды, секундына 10-12 рет қанатын қағады.
Әлемдегі ең ірі жануар- көк кит. Көк киттің салмағы 200 тонна.
Ең ұзын жануар- керік, оның бойы 6 метрге дейін жетеді.
Ең жүйрік сүтқоректі- гепард.
Ең ірі бақа- голиаф, оның салмағы 3 кг тартса, бойы 25-см-ге дейін жетеді.
Ең ұзын насеком- палочник. Ұзындығы 36 см
Ұлу- оның тістері тілде орналасқан. 25000 тістері бар.
Қорытындылау
Көрдіндер ме, Мақтау қағазбен барлық оқушыларды марапаттау.
Рефлексия « Табиғат біздің ортақ үйіміз»
Сыйға- сый. Табиғатты аялайық, қорғайық, бағып- күтейік, сонда таьиғатта бізге сыйынып сыйлайды. (алма тарату)