МИФ апталығы «Тапқыр болсаң –талас жоқ»
МИФ апталығы
«Тапқыр болсаң –талас жоқ»
Қатысқан сыныптар: 7-11 сыныптар арасы
І Жүргізуші: Ақталған ақ арманы, үміттері, Қашан көрсең жүреді күліп тегі. Қаумалаған ағайын, аманбысың, Аманбысың сайыстың үміткері.
«Тапқыр болсаң-талас жоқ» МИФ апталығының қорытынды кешін ашық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші: Шын жүйрік шабысымен танылады, Нақты білім, терң ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда, Сіздерге құрметпен қол соғылады-дей келе әділқазылар алқасын ортаға
шақырамыз. Байнияз, Зәйден ағайлар, Гүлжан апай. Есептеу комиссиясы Гүлнұр апай.
І Жүргізуші: Жақсылық адамдардың тілегі екен, Тілейтін жақсылықты жүрегі екен. Дәстүрі қазағымның сарқылмағын, Жобасын сайыскерлер біле ме екен?-дей келе сайысымыздың жобасымен
таныстырып өтейік. Шарттары: І Тур. Таныстыру ІІ тур «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» «Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады» ІІІ тур «Дәлелдер мен дәйектер» «Әрбір физикалық теорияның төрешісі-тәжірибие» (Ландау) IV «Ойлы орталық» «Ізденіп білім алсаңыз, игілігн көресіз. Ойды ортаға салсаңыз, елге пайда бересіз» V тур «Графикалық би» VI «Жұмбақ конферт» (Пікірталас) VII тур «Капитандар сайысы» «Біле бер қанша білсең-тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле, біле» (Ж.Баласағұн)
ІІ Жүргізуші:Кезек келіп, өжеттеніп, Сөз алыппын. Танысалық, ғажап ойын, Ғажап күн. Тегіміз бар-батырақ та, Бай да емес, Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-дей келе, сайысымыздың бірінші шарты бойынша үш
топ өздерін таныстырып өтсін.
Ән: «Егеменді Қазақстан» Орындайтын: Н.Әбілхасов
Әділқазылар сайысымыздың І шартының бағасын беріңіздер.
І Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар, Қызықты бір жиын болар. Білімдірек шәкірт озар, Сұрақтары қиын болар. Сайысымыздың екінші шарты «Ұшқыр ойдан ұтымды
жауап» деп аталады. Әр топқа сұрақтар қойылады (Әр дұрыс сұраққа 1 ұпайдан, барлығы 15 сұрақ) Сұрақтары: 1. «Білгірлер тобы» 1.Файлдар көлемін кішірейтіп сақтауға арналған программа (Архиватор) 2. Желіге қосылу үшін қажет құрылғы (Модем) 3. Сурет салатын стандартты программа (Paint) 4. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер) 5. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete) 6. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39 см. Қабырғаларын табыңдар. (13 см). 7. Теңдеуді шешіңдер: х2-7х+6=0 (6;1) 8. Машина 3 күнде 69 км жол жүрді. Үшінші күні бірінші күні жүрген жолдан 2 есе артық жол жүрсе, екінші күні үшінші күннен 60 км кем жол жүрді. Машина күн сайын қанша км жол жүрді? (150, 240, 300) 9. R=2 см шар көлемі қандай кубтың ішіне сияды? 10. Дұрыс 6 жақ, атын ойлап тап. (Куб) 11. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің энергиясы неге тең? (243 Дж) 12. Қуаты 24 Вт, кернеу 4В шамның ток күші? (6 А) 13. Параллель қосылған тізбектің кедергісі 12 Ом, кернеуі 120 В, 2 минут ішіндегі осы өткізігштен өндірілген токтың жұмысы? (144000 Дж) 14. Күшті өлшейтін құрал. (Динамометр) 15. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (Деформация) ІІ Жүргізуші: «Данышпандар» тобы 1. Мәтіндік редактор (Ms Word) 2. Компьютердің миы (Процессор) 3. Маус басқаша қалай аталады? (Тышқан) 4. Пернетақтадағы пернелер саны (103-105) 5. Қазіргі таңдағы хат алмасу (Электрондық пошта) 6. А бұрышы 560 b бұрышы 890 болса, c бұрышы неге тең? 7. АВ векторының басы мен ұшының коордмнаталары берілген. А (2;7) В (3;5). АВ векторының координаталарын есепте (1; -2). 8. Х2+px-18=0 теңдеуінде түбірлердің біреуі -9-ға тең. Екінші түбірді және p коэффициентінің мәнін тап. (p=7; x2=2) 9. 6 жетіден 100 санын жаз. (777-77)/7=100 10. 200 санының 5% (10) 11. Заттың төртінші күйі не деп аталады? (Плазма) 12. Жылу берілудің түрлері (Конвекция, сәуле шығару, жылуөткізгіштік) 13. Жер бетінен 3 см биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясы? (60 Дж) 14. Жылдамдығы 30 м/с және тарту күші 1500 Н автомобильдің қуаты неге тең? (45000 Вт) 15. Жарықтандыру желісіндегі пайдаланылатын сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм. Осы сымның кедергісі? (p=1.7*10-8 Ом*м). (0,85 Ом) Ән: «Жан досым» орындайтын: М.Алпысбаева
І Жүргізуші: «Тапқырлар» тобы 1. Вирусқа қарсы программа (Антивирус) 2. Paint қандай редактор? (Графикалық) 3. Бүкіләлемдік желі (интернет) 4. Принтер қандай құрылғы? (Шығару құрылғысы) 5. Терезні жабу батырмасы (х) 6. Бір қабырғасы 8 см, ауданы 96 см2 болатын
ІІ Жүргізуші: Ойлы-ойлы тереңнен Жақсы емес көп бөгелген. Заңдылықты білмесең, Өте алмайсың көпірден-дей келе «Дәлелдер мен дәйектер» бөліміне кезек берейік. Сайысымыздың бұл шартында әр топ физикалық тәжірибие жасайды. І Жүргізуші: Ойланайық азырақ, Уақытыңды үнемдеп. Кезек келді есепке, Қане қалма есепте. «Ойлы орталық» бөлімінде топ басшылары ортадан жеребе суырады. Жеребеден шыққан есепті шығарады. Оқушылар есептеп болғанша кезекті әсем әнге берейік. Ән: «Мама» Орындайтын. Н.Әбілхасов Әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз. ІІ Жүргізуші: Сұрақтарға жауап беріп, Тәжірибие де жасадық. Кезек келді енді міне, Би билеп, ән салуға. «Графикалық би» шартында әр топ би билейді. Геометриялық фигураларды салып билейді. Әділқазылар алқасы бағаларын беріңіздер.
І Жүргізуші. Білімдіден шығады алғыр шешен, Шешендікпен болған ғой барлық көсем. Сайра шәкірт бұлбұлдай шарықташы, Қалмасын бұл жарыста сенің есең VI шарты «Жұмбақ конферт» (Пікірталас). Ең ұтымды пікір айтқан командаға 10 ұпай. Келесі тамшалайтындарыңыз 6-сыныптың КТК. ІІ Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын, Әр түрлі білім сырын ұға алатын. Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік, Сыналып әр секундпен жүре алатын. Міне сайысымыздың соңғы айналымы «Капитандар сайысы». Капитандарға 5 сұрақтан қойылады. (Әр сұрақты таңдағандағы ұпайлар алынады 10, 20, 30) 1. 60-тың 25% (15) 2. Кесіндіден құралған фигура (Үшбұрыш) 3. Электрлену барысында пайда болатын күштер (Электр күштері) 4. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап. (электроскоп) 5. Windows сөзінің мағынасы (Терезе)
1.180градусқа тең бұрыш қалай аталады? (Жазыңқы) 2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле (Биссектриса) 3. Өткізгіштер дегеніміз не? (Зарядтар) 4. Диэлектриктерге қандай заттар жатады? (пластмассалар, фарфор, шыны, янтарь, май, ауа, газдар, резеңке, маталар) 5. Office бағдарламаларын ата. (Ms Word, Excel)
1.Ең алғашқы әйел математик (С.Ковалевская) 2. Қандай сандар барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0) 3. Ток көздеріне жататын құрылғыларды ата? (Гальвани элементтері, аккумулятор, генераторлар) 4. Ток көздерінде неше полюс болады? (Екі: Оң және теріс) 5. Қазіргі кездегі пайдаланып жүрген компьютерлер нешінші буынға жатады? (4) І Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол, Еңбектену, жалықпау. Жеңімпаздарды анықтап марапаттау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. ІІ Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Уақытта біраз жерге таяп қалды. Қош келіп тұрыңыздар, жолыққанша, Осымен біздің сайыс аяқталды. Сау болыңыздар! Келесі күндерде жүздескенше аман сау болыңыздарІ