1001 мақал, 101 жұмбақ

1001   мақал,  101 жұмбақ

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектеб

География пәні мұғалімі

Бірмағанбетова Дәметкен Амантайқызы

Мақсаты: Оқушылардың  іскерлігі мен  танымдық  белсенділігін артыру, табиғатты  қорғауға  баулу.

Дамытушылығы: Мақал- мәтелдер, жұмбақтар  арқылы оқушылардың ойлау қабілетін  артыру.

Көрнекілігі: Табиғат   туралы суреттер, бүктеме т/б.

Ұйымдастыру  кезеңі.

Жоспар:

  • Мақал –мәтел сайысы;
  • Жұмбақтар сайысы;
  • Көрермендер сайысы;
  • Тыйым сөздер сайысы:
  • Сөз жұмбақ шешу;
  1. Таныстыру/3 оқушы шығып, өздерін  таныстырады.

Табиғат  туралы өлең  оқиды.

Жүргізуші: /мақалдың   бірінші   жолын  айтады, соңын  мақалшылар  жалғастырады/

  1. «Мал баққандікі,……/жер жыртқандікі/»
  2. «Өлкенің көркі  мал  болар,  /өзеннің көркі-тал болар/»
  3. «Жері байдың,…../ елі  / бай»
  4. «Орман, тоғай-жер сыны, көкорай шалғын…./көл/сыны»
  5. «Судың кепкені…../тіршіліктің/кеткені»

Ұпайы  аз оқушы ойыннан шығады.

  1. Көрермендер көрімдігі

Жүргізуші:  Бір  сөз  айтады,  соған мақал құрайды.

  1. Жұмбақшылар сайысы

Жүргізуші:Жұмбақ жасырады.

1.Сатайын  десем, ауыр  кілем,

Сатпайын  десем, тәуір кілем./жер/

2.Қанатсыз   құс  маңып  барады,

Көзінен  жас  тамып барады./бұлт/

3.Аумаған қар, жаумаған қар,

Таңертең  бар, сәскеде  жоқ /қырау/

4.Сыртты  тәтті, іші тәтті,

Ортасы   сүйек  қатты  /алма/

5.Ашуланып  бұртиды,

Ашушаң  ақымақ

Аузы  көпіріп  құтырды,

Кез келгенді  ұшырды / құйын/

Жұмбақшы   жеңімпаз анықталады.

4.Көрермендер  көрімдігі  Жұмбақ  жасырады   шешуін  табу.

Көп  шешкен  балаға  сыйлық беріледі.

6.Жұмбақшы  мен  мақалшы   шығады

1-оқушы.   Жұмбақ  жасырады.

2- оқушы. Жауабына мақал  құрайды.

7.Тыйым  сөздер   айту,сөз жұмбақ  шешу.

Жеіңпаз  оқушы  анықталады.

Жүргізуші: Табиғат туралы

1.Табиғат—алтын  бесігің.

  1. Табиғат- адамзаттың өмір нәрі.

Қажеттінің    табылар содан  бәрі.

3.Су- табиғаттың  анасы.

Табиғатты  қорғау  дегенді қалай    түсінесіңдер?

Қорытындылау.сайысқа жақсы қатысып  меңгергендеріңді  көрсеттіңдер. Мадақтау қағаз тапсырылады.