Химия пәні бойынша интеллектуалдық ойын 8аб-9аб сыныптары

 

Химия пәні бойынша интеллектуалдық ойын

8аб-9аб сыныптары

Мақсаты: Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, жаңа ақпараттық технологияларды қолданыпғ қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, карточка қағаздар.

Жоспары:

  • Құрметті ұстаздар, оқушылар 8-9 сыныптардың қатысуымен өткізілетін «Интеллектуалдық ойын» білім сайысына қош келдіңіздер!Сайысымызды бастамас бұрын бағалайтын әділ қазылар:

 

 

 

Ал,ендеше ойынға қатысушы екі топқа сабырлылық пен жеңіс тілей отырып, ойынымызды бастайық.

І кезең  Таныстыру (Әр топқа 3 мин)     «Қышқылдар» және «Тұздар» топтары

Әр топ аттарын,мақсаттарымен, топ аты жөнінде қысқаша мағлұмат беріп өтеді.

Ең қиыны жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортада шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.- деп  келесі ІІ кезең  Бәйге.

Бұл кезеңнін шарты бойынша әр топқа 10 сұрақтан беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпайдан қосылады.Егер топ жауап бере алмаса, онда қарсы топ мүмкіндік алып, ұпай сол топқа қосылады.

«Қышқылдар» тобы

  1. Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым? (1748ж М.В.Ломоносов)
  2. Негіздер дегеніміз не? ( құрамы металл атомынан және гидроксил тобынан тұратын күрделі қосылыс)
  3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? ( иод )
  4. Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан? ( коэффициент )
  5. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? ( С.Аррениус)
  6. Көмір қышқылының тұзы қалай аталады? ( карбонаттар)
  7. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы?
  8. Сұйық металл ( Сынап)
  9. Адам организзмінде кальцийдің мөлшері? ( 1 кг )
  10. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі? ( атом)

«Тұздар» тобы

  1. Периодтық жүйе қай жылы, кім ашты? ( 1869ж Д.И.Менделеев)
  2. Оксидтер дегеніміз не? ( біреуі оттек болатын екі элементтен тұратын қосылыс)
  3. Ең жеңіл металл ( литий)
  4. Салыстырмалы атомдық массасы 39 ға тең элемент? ( калий)
  5. Атом құрылысының моделін ұсынған ғалым? ( 1911ж Э.Резерфорд)
  6. Азот қышқылының тұзы қалай аталады? ( нитраттар)

7.Күкірт неше валентті?  ( 2,4,6)

  1. Электр шамдардың жіңішке сымдарын жасайтын металл. ( вольфрам)
  2. Адам организмінде оттегінің мөлшері ( 65 пайыз)
  3. Химия ғылымы нені зерттейді? ( бір заттың екінші затқа айналуын зерттейді)

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі де келіп тұр. – деп ІІІ кезең  Есептер додасы

Бұл кезеңде екі топқа да бірдей үш тапсырма беріледі. Берілетін уақыт 2 мин. Бұл кезең әрі дұрыс, әрі шапшаңдықты талап етеді.

№1 Мына айналымды жүзеге асырыңыз:С→СО→ СО2 → Н2СО3→ СаСО3→ Са(ОН)2

№2 Массасы 17,2г күкірт (ІV) оксидін сумен әрекеттестіргенде неше грамм күкірт қышқылы түзіледі?

№3 Тұздың 25%-тік 250г ерітіндісін даярлау үшін қанша тұз, қанша су қажет.

Келесі кезең ІV кезең Бейнесұрақ

   10         20       30        40
   10         20       30        40
   10         20       30        40

Бұл кезеңде әр топ кезекпен ұяшық таңдайды.Егер топ дұрыс жауап берсе таңдаған санын ұпай ретінде өздеріне қосады. Егер жауап бере алмаса қарсы топ жауап беруге болады.

Жоғарыдағы 10   Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? (21 пайыз)

Ортадағы 10        Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі қанша топтан тұрады? ( 8)

Төмендегі 10        Судың құрамында сутектің мөлшері қандай? ( 11 пайыз)

Жоғарыдағы 20  Натрий гидрокарбонатының тұрмыстың атауы? ( ас содасы)

Ортадағы 20       Ең жеңіл элемент саналады,Периодтық жүйе осыдан басталады? ( сутек)

Төмендегі 20      Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасаң алтынға ұқсайды? ( күкірт)

Жоғарыдағы 30  Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент ( мырыш)

Ортадағы 30       Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл болады? ( тұз қышқылы)

Төмендегі 30       Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент? ( бром)

Жоғарыдағы 40  Кальций карбонаты құрамындағы көміртектің  тотығу дәрежесі нешеге тең? (+4)

Ортадағы 40   Өсімдік жапырақтары неге жасыл, жапырақтарға түс беретін қандай элемент? (Mg)

Төмендегі 40      Қандай элемент жетіспесе қан аздық ауруына шалдығады? ( темір)

Келесі кезең  V кезең  Құпия сөздің құлпын аш. – деп аталады.

Бұл кезеңде  берілген элемент қосылыстардан формула құрастырасыздар.Уақыты 1 мин. Бұл кезеңде формулалардың  дұрыстығы және көптігі бағаланады.

Na, Al, Cl, O, H, SO4, OH, Fe, NO3, Mg

Жауабы: 33 формула шығады.

Келесі кезең VІ кезең  Тәжірибе баяндау. Бұл кезеңде әр топқа экраннан тәжірибе көрсетіледі.Қарап болғаннан кейін тәжірибені баяндап,реакция теңдеуін тақтаға жазады.

Магнийдің және фосфордың жануы.

Келесі соңғы кезең VІІ кезең  Тест тапсырмасы

Бұл кезеңде әр топ алдарыңыздағы түсті таяқшаларды көтеріп жауап бересіздер.

1.Галогендер периодтық жүйеде нешінші топта орналасқан.

І                        VІ                                  VІІ

2.Ас тұзының химиялық формуласы

НСІ                   NаСІ                               СаСІ2

3.Марганец элементінің таңбасын көрсетіңіз

Мn                       Мg                                 Мо

4.Тұз қышқылының тұздары қалай аталады?

Сульфид              Хлорид                         Силикат

  1. 2,4г магнийдің зат мөлшері?

10 моль                 0,1 моль                      1 моль

  1. Бромның салыстырмалы атомдық массасы неше?

127г                              80г                          23г

7.Период бойынша металдық қасиеті

Артады                                кемиді                        өзгермейді

8.Қышқылдар қай металмен әрекеттеспейді

Магний                             мырыш                              мыс

9.Ең қатты металл

Мыс                                  темір                                хром

10.Бейтараптану реакциясын көрсетіңіз:

NaOH+HCI → NaCI + H2O

2NaCI + H2SO4 → Na2SO4 +2HCI

2NaOH + BaCI2→ Ba(OH)2 + 2NaCI

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – деп ойынымызды аяқтап,қорытынды бағалау үшін сөзді әділ-қазы алқасына беріледі. Әр топ грамотамен марапатталады.

 

Химия пәні бойынша Интеллектуалдық ойын

 

ТоптарІ таныстыруІІ БәйгеІІІ ЕсептерІV БейнесұрақV Құпия сөзVІ ТәжірибеVІІ Тест

 

 

 

 

« Қышқылдар »  тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тұздар»

тобы