«Ұлттық ойындардың пайдасы» (Бастауыш сыныптар арасындағы отбасылық эстафеталық жарыс)
«Ұлттық ойындардың пайдасы»
(Бастауыш сыныптар арасындағы отбасылық эстафеталық жарыс)
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Міндеті: 1. Дене жаттығулары арқылы оқушы денсаулығын қалыптастыру. Берекеде осында Мереке де осында Болып жатыр той думан Қырандардың қасында Көңіл қойып қараңыз Жалындап тұр ғой баламыз Жарысып міне төрт топ Қол соғып қарсы аламыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға 1-сынып атынан «Достық» тобын, 2-сынып атынан «Құлагер» тобын, 3-сынып атынан «Семсер» тобын, 4-сынып атынан «Қыран» тобын
Өнерге биік сеніңіз Думанға қызық келіңіз Әділқазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз. — деп, бүгінгі жарысқа төрелік жасайтын әділ-қазылармен таныстырамыз. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Келдібаев. Класс жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Б. Туралина.
Қызады бүгін той – сайыс Ортамызды ашайық Ән мен күйді көтеріп Інжу – маржан шашайық Ырыс дәулет мол болсын Жылда осындай той болсын Жарысты енді бастайық Ал, кәнекей жол болсын! — дей келе жарысымызды оқушылардың дене жаттығуларына арналған «Қара жорға» әнінің әуеніне арналған биін тамашалайық.
Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының, мектептің борышы екені баршамызға мәлім. Ойын – оқушы балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Ойын – өсіп келе жатқан бала ағзасына қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуіне пайдасы зор. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:
«Асық » ойыны Белгіленген сызықтан топ мүшелері омпысынан тұрған асықты 3 реттен ату арқылы ұпай жинайды. Қанша тигізсе сонша ұпай алады. «Көкпар» ойыны «Жаяу көкпар» Әр топтан бір бала шыбыққа мініп, сызық бойына қатар тұрады. Төрешінің ысқырығы берілгенде орамалға түйілген допқа шауып барып, қолмен іліп алып, қайтып келуі керек. Басқа ойыншылар «көкпардың добын» тартып алуға әрекетену керек. «Хан талапай»
«Аударыспақ» Ойынға қатысушы баланың әкесі мен шешесі аттың қызметін атқарады. Ойынға қатысушы бала әкесінің арқасына мініп, ал шешесінің мойнынан бір қолымен ұстап бір қолын қарсыласына созып аударыспаққа шығады.Екі бала бір-біріне қарама қарсы «ат» үстінде отырып қол ұстасады. Төрешінің белгісімен бірі-бірін тартып, , әйтеуір айласын, не күшін асырғаны қарсыласын «аттан» аударып түсуі шарт. «Арқан тарту»
«Аңшы мен үйрек» Ойнға қатысушы екі топ мүшелері аңшы болып белгіленген сызықтан аспай ортадағы үйрек болып жүрген топ мүшелеріне доп лақтырып тигізуі керек. Доп тиген ойыншылар ойынан қалыс қалады. Лақтырылған допты қағып алып, ұпай жинауға болады. Ойынға 2 минут уақыт беріледі.
«Теңге ілу»
«Жамбы ату» Белгіленген қашықтықта тұрғызып қойған нысананы садақпен атып құлату немесе тигізу керек. Белгіленген сызықтан топ мүшелері 3 реттен садақ тартады. Неше рет тигізсе сонша ұпай алады.
|
«Қара жорға» әнінің әуеніне сайысқа қатысушы топтар буын биін орындайды.
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын, қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен — күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар.
Ойынның нәтижесі бойынша әділ-қазылар топтық сайыста қай отбасы жеңіске жеткендігін хабарлау және жеңімпаздарды марапаттау.