Міржақып туралы. Аяулы Жақаң. Асқар Дулатов
Тақырыбы: Міржақып туралы. Аяулы Жақаң. Асқар Дулатов.
Мақсаты: Оқушыны Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақаң» атты Міржақып Дулатов жайлы естелікпен таныстыра отырып, түсініп оқып, оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты балам, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді жатқа айту
. Ана баласын қалай сүйеді?
Ана неге көз жасымен бетін жуады деп ойлайсың?
Ана неге қуанады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзіңнің анаң, апаң жайлы айта ғой.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Жаңа сабаққа даярлық. Міржақып Дулатовтың қандай шығармаларын білесің?
- (Қырдан келген жас қазақ, Қоян). Есіңде ме не жайлы еді?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе.Міржақып Дулатов (1885-1935) – ақын, жазушы. Қостанай өңірінде туылған. «Оян, қазақ» атты кітабы бар. Автордан алғы сөз.Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер-білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мәтіннен Міржақыпты сипаттайтын жерін тауып оқы. (Міржақып өзі қатарлас балалардан бойы аласалау …).
Дәптермен жұмыс. «Қуанышы қойнына сыймай» деген тіркесті сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Естелікті кім жазды?
Міржақып Дулатов нені армандаған екен?
Міржақып Дулатовтың алғашқы кітабының «Оян, қазақ» деп аталу себебі неде? «Кәмпескелеу» дегенді қалай түсінесің?
- Мәтінге сүйеніп, төмендегі сызба бойынша Міржақып Дулатовқа сипаттама жаз.
Міржақып
Сыртқы түр-әлпеті:
Денесі тығыршықтай жұмыр
Бойы аласалау,
Киімі таза, жинақы
Қимылы шапшаң
Ерекшелігі:
Үздік оқуы,өжеттігі,
Ізденімпаздығы …
Автордың көзқарасы, ойы:
Ұран салып халқын өнер-білімге шақырды; елінің терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген; патша үкіметіне қарсылық…
ҮІІ. Қорыту.
Автор көзқарасы дегеніміз шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге, оқиғаға, өмір құбылысына автордың беретін бағасы, оның өз ойы мен пікірі.
- Мәтіннен анасының сөзін тауып оқы
Қалай ойлайсың, анасының үміті мен сенімі ақталды ма?