Салт-дәстүрім, асыл қазынам.
Сабақтың тақырыбы: Салт-дәстүрім, асыл қазынам.
Сабақтың мақсаты: Салт- дәстүрді насихаттау, қолөнерге, сахналау өнеріне баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздармен сайыскерлер
Бүгінгі сайысымызға хош келдіңіздер!
«Салт –дәстүрім, асыл қазынам»- атты
Сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Сайысымыз алты кезеңнен тұрады.
- Таныстыру
- Қанекей жалғастыр
- Дәтүрім үлгі өнегем
- Сөз мерген
- Ырым- тиымдар
- Он саусағы майысқан.
Әділдікті жандарына ту еткен,
Әділқазы, әділ едің тым неткен
Төрелігін саралайтын сайыстың
Таныстырып кетейін өздеріңмен.
(әділ қазылар алқасымен таныстырып өтіледі)
Ал, ендеше сайысымызды бастайық
Қошемет көрсетейік, бізде қарап қалмайық
Алғашқы кезеңнің аты «Таныстыру»
Сайыскерлер дайын ба екен, байқайық?
Білімдері бойларында жеткілікті
Сыр- сымбатта бір мін жоқ, кіл көрікті.
«Шаңырақ » тобы алдарыңда
Сайысуға толық әзір келіпті.
(ортада «шаңырақ» тобы )
Білімменен дарыннан кем қалғанба
Барлық кезде көзге түсер алдында
Қарсыласы «бәйтерек» тобы алдарыңда
Бар өнеріңді ортаға сал қалыспа
(ортада «бәйтерек»тобы)
Сонымен екінші кезеңге көшейік
Қай топтың ойы жүйрік, соны байқап көрейік
«Қанекей жалғастыр» кезеңіне кеп жеттік
Таныстырып шартыменен кетейік
Бір қатар мақал жасырылған тақтада
Жеңіске жет, соның жалғасын тапта
Тездетіп ойланамыз бәріміз
Жауабын береміз бір минутта.
Келесі кезең «дәстүтім –үлгі өнегем »
Не білеміз, дәстүрден көне ел білген
Қай дәстүрден көрініс әзірлеп
Ортамызға сайыскерлер келді екен.
Төртінші кезең «сөз мерген»
Ана тілді қаншалықты меңгерген
Шартыменен таныстырып кетейін
Қос топқа сайысуға келген
Үш сөз жазылған бірінші тақтада
Тағы бір сөз жазылыпты қапталында
Бірінші қатардағы қайсы сөзге
Қай сөз тіркесі жалғанады білесіңба?
Қызға қырық үйден тыйым берген
Ата- баба не деген көреген ең
Қаншалықты ырым- тиым біледі екен.
Келесі кезең «Ырым- тиымдар»
Ою салған зерделеп текеметке
Әрине, мұндай өнер, кереметте
Қаншалықты мұны қыздар меңгерген екен
Барлығымыз куә болып көрейікте.
Сонымен келесі кезең «он саусағы майысқан» кезеңінде.
(Мұнда қыздар қағазбен ою ойып, сол ою туралы түсінік беру керек)
Кім мықты, кім оза шапты.
Кезек марапаттауғада жетті,
Сөз кезегі әділ- қазыларда.
Марапаттау
Қорытынды.
Салт- дәстүрді ұмыт қылмай сақтайық
Түйіні бар сөзді айтса тоқтайық
Қанында қазағымның болмаған
Сондықтанда жамандыққа баспайық
Салт- дәстүрім, үлгі бізге өнеге
Бар тәрбие сонда жатыр білгенге
Тіптен мақал, шешендердің сөзі де
Жақсылықты меңзейді ғой түсінгенге.
Осыменен, «салт- дәстүрім , үлгі өнгем»- атты кешіміз аяқталды.