Дарабоз

Тақырыбы: Дарабоз

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу.

Түрі: Ақыл-ой зерделі ойын

Әдісі: Ойқозғау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, жұмбақ, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру.

Жоспары:

1.Жүйрік болсаң тауып көр.

2.Тапқыр болсаң тауып көр.

3.Жеті жұрттың тілін біл. (орыс тіліне аудару)

4.Әрі қысқа, әрі нұсқа.

5.Бәйге жарысы (топ басшыларының жарысы)

Қазылар алқасымен таныстыру.

Жүргізуші:Ашық жарқын жүзді,

Әділ-қазылар біздің

Таңдап баға беруге,

Шақырайық төрге

Әділ-қазылар: Ә.Отарбаева, Ә. Байболатова, Ә.Бірлікова.

-Армысыздар құрметті оқушылар, әділ-қазылар алқасы, қонақтар! Қазақстан болашағы –білімді ұрпағында, сондықтан «Дарабоз» ақыл-ой зерделі ойынымызды бастайық!

-Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер

Білімді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

-Бүгін біз мектепте алған білімдерімізді көрсетіп ән-күймен , өлеңдермен, мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.

Жүргізуші: Топтарды таныстырайық.

І топ «Достық»

ІІ топ «Балдырған»

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Тәрбие тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда-дегендей ойын жарыс түрінде өтеді.

1 кезең «Жүйрік болсаң озып көр»

  1. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Бір Аллаға сиынып)
  2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)
  3. 7 апта (7 күн)
  4. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? (күй)
  5. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады? (Тұсбағдар)
  6. Ақан серінің тұлпарының аты? (Құлагер)

40.Ел басқару саласында ең жоғарғы лауазым тұлға (Президент)

  1. 16-желтоқсан қандай күн?

60.Баланы тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең? (Тұсау кесер)

2 кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» (мақалдың жалғасын табу)

1.Білекті бірді жығар,

(білімді мыңды жығар)

2.Әдепті бала-(арлы бала)

Әдепсіз бала- (сорлы бала)

3.Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)

4.Еңбектің наны тәтті,

(Жалқаудың жаны тәтті.)

5.Арпа бидай ас екен,

(Алтын бидай тас екен.)

6.Жақсыдан үйрен,

(Жаманнан жирен.)

3 кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Шарты : Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу, оны орыс тіліне аудару)

1.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі-Лиса)

2.Өзі кірді ашады,

Суға салсаң қашады. (Сабын-Мыло)

3.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (Қоңырау-Званок)

  1. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз-Морковь)

4 кезең «Әрі қысқа, әрі нұсқа»

Шарты:Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен қысқаша айту.

1.Қолды болды (ұрлады)

2.Төбе шашы тік тұрды. (қорықты)

3.Жүрек жұтқан. (батыр)

4.Қоян жүрек. (қорқақ)

5.Бетінен оты шықты. (ұялды)

6.Көзі ілінбеді. (ұйықтамайды)

7.Беті бүлік етпейді. Ұялмады)

8.Тісінен шығармау. (айтпау)

5 кезең «Бәйге» жарысы

Шарты: Топ басшыларына лездік сұрақтар:

1 топ «Достық»

1.Қ.Р. Қысқы Азия ойындары қай қалада өтті? (Алматы, Астана)

2.Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)

3.Басты байлық? ( Денсаулық)

4.Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана)

5.Орман дәрігері (Тоқылдақ)

6.Жырды орындаушы қалай аталады? (жыршы)

7.Сөйлем неден құралады? (Сөздерден)

8.Әр адамның шағын Отаны. (Отбасы)

9.Қ.Р. мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

10.Бір сағатта неше минут бар ?(60 мин)

2 топ «Балдырған»

  1. Әліппенің атасы кім? (Ыбырай)
  2. Жыл басы не? (Тышқан)
  3. Су анасы (Бұлақ)

4.Анаңның бауырлары саған кім болады? (Нағашы)

  1. Ән орындаушы қалай аталады? (Әнші)
  2. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады? (Нүкте)
  3. Аңшының құсы (бүркіт)
  4. Ауырсаң кім емдейді? (Дәрігер)
  5. Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды?
  6. Сенің Отаның қалай аталады? (Қазақстан)

ІІІ.Қорытындылау.