Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту
Математика. 3-сынып
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту.
Мақсаты: Білімділік: тақырыпты меңгерту барысында екі таңбалы сандарды разрядтарға жіктей отырып, бір таңбалы санға ауызша көбейте білуге машықтандыру.
Дамытушылық: тез есептеуге дағдыландыру. Ой – өрістерін дамытып, сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер, ойын элементтері.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
— Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман. (әннің 4 жолын хормен орындату)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (үй жұмысы дәптерлерін жинап алу)
ІІІ. Өткенді пысықтау.
— «Күн көзін бұлт баспасын!» атты ойын ойнату.
Шарты: күн көзін бұлттардан арылту. Ол үшін тапсырмалар орындау.
- «Сен маған, мен саған» ойыны. Бір-біріне көбейту кестесінен тапсырмалар беру.
- Сұрақ-жауап:
— Көбейту амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
— Бөлу амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
— Көбейтудің қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік, қосуға қатысты үлестірімділік)
— Көбейтуге кері амал (бөлу)
3) Тест. Оқушылар қолдарындағы тиісті жауап жазылған (а,ә) көрсеткішті көрсетеді.
- Санды нөлге көбейтсе, неше шығады?
а) 0 ә) сан
- Санды 1-ге көбейтсе, неше шығады?
а) сол санның өзі ә) 1
- 9 жүздік 9 ондық 0 бірліктен тұратын сан.
а) 909 ә) 990
- Саны – 5, құны – 50тг, бағасы қанша?
а) 250тг ә) 10тг
ІІІ.Жаңа сабақ
- Күн көзі ашылды,
Жерге шуақ шашылды.
Ендеше қалам алайық,
Әдемілеп жазайық!
- Дәптермен жұмыс. (күннің жады, тақырып)
- Ойын: «Пойыз құрастыру».
Шарты: мұғалім үн-түнсіз вагондарды біртіндеп жалғастыра, пойыз құрастырады. Оқушылар вагондарға жазылған жазуларды түсіндіріп беруі тиіс.
41∙2= |
40∙2+1∙2= |
82
|
80+2= |
(40+1)∙2= |
- Екі таңбалы санды разрядтық бірліктерге жіктеп, жеке-жеке бір таңбалы санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.
- Шығармашылық тапсырма:
Шыққан саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтыңдар. Сосын ең үлкен бір таңбалы санға бөліңдер. Неше шықты? (8)
- Әңгімелесу:
— 8 саны туралы не айтуға болады, жақын арада қандай мерекені атап өтпекшіміз?
— 8-наурыз мерекесіне анамызға қандай сыйлық әзірлеп жатырмыз?
— Аналарымызды алыс шетелге қыдыртқыларың келе ме?
Олай болса, бүгінгі сабағымызда соған мүмкіндік туып тұр. Армандап, ойын ретінде аналарымызды қыдыртып қайтайық. Пойызымыз дайын.
- Пойызға билет сатып алу. №3 тапсырма.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
14 ∙ 7 = 48 : 4 = 65 : 13 = |
21 ∙ 3 = 96 : 8 = 98 : 14 = |
18 ∙ 5 = 77 : 7 = 51 : 17 = |
98 90 63
12 11 12
5 3 7
- Аялдама: «Кипр аквапаркі»
№6 есеп. (1)
1 билет — 15 фунт Шешуі: 90 : 15 = 6
? билет — 90 фунт Жауабы: 6 билет.
- Аялдама: «Болғар дәмханасы»
№6 есеп. (2)
5 коктейль — 60 лев Шешуі: 60 : 5 = 12
1 коктейль — ? лев Жауабы: 12 лев.
- Тік ұшаққа билет алу. №4 Теңдеуді шешу.
х : 5 = 60 : 12 х : 5 = 5 х = 5 ∙ 5 х = 25 |
64 : х = 36 : 9 64 : х = 4 х = 64 : 4 х = 16 |
х ∙ 7 = 58 + 5 х ∙7 = 63 х = 63 : 7 х = 9 |
1-қатар 2-қатар 3-қатар
- Аялдама: «Англия дукені»
№7 есеп.
Бағасы | Саны | Құны |
? бірдей | 4 | 48 пенс |
10 | ? |
Шешуі: 48 : 4 ∙10 = 120
Жауабы: 120 пенс.
- Кемеге билет алу. №5 (ауызша)
482 см * 49 дм (‹) 1 ц 35 кг * 200 кг (‹) 5 м 6 дм * 506 дм (=)
- Аялдама: «Израиль дүкені»
№9есеп.
1 торт — ? , 6-дан 1 бөлігі – 15 шекель Шешуі: 15∙6 = 90 90∙2 = 180
2 торт — ? Жауабы: 180 шекель
- Ұшақпен қайту. Шығармашылық есеп. (Графикалық түрде шығарылатын есеп)
Әсет →Әлия →Оля →Серік →Берік |
Сәуле →Самат →Ира →Асан →Лена |
Қобдиша Құмыра
- Автобусқа билет алу. Перфокартамен жұмыс.
Өз бетімен жұмыс. №12
ІҮ. Қорытындылау.
- Автобус бетіндегі жазуды оқыту. Мағынасын сұрау:
— Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың…
(«Анашым» әні орындалып тұрады.)
Ү. Бағалау.
— Бүгінгі сабағымызда әр түрлі елдердің ақшасымен таныстық. Ал өз еліміздің төл ақшамыз, валютамыз қалай аталады?
— Ендеше қолымыздағы теңгені есептейік. Кім көп жинаса, жақсы бағалар алады.
ҮІ. Үйге тапсырма:
- Теңге жөнінде берілген №8 есепті және № 3 мысалды үйге орындауға аламыз. (223- бет)