10,100,1000 т.с.с. сандарға көбейту және бөлу

 

Сабақтың тақырыбы: 10,100,1000 т.с.с. сандарға көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға бөлудің, көбейтудің  тиімді тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық: Ойын технология  әдісінің элементтерін қолдана отырып оқушылардың ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, өздігінен қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:  ойын технология элементтерін қолдану, топпен жұмыс.

Көрнекілік: дидактикалық материалдар,  презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі..

Оқушылар назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді бламыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Дәптерлерінен үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерлерді ауыстырып, көркем жазуды жазу. Күн ретін жазу.

ІІІ. Қызығушылықты ояту:

  • Балалар, терезеге қарайықшы қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қандай ай?
  • Осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
  • Жаңа жыл мерекесіне біз ортаға не құрамыз?
  • Ендеше, біз де бүгін жасыл шырша құрамыз.

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Шыршаны әкелу.

№1 есепті шығару:

а) 2 * 10                    23 * 10                        234 * 10

2 * 100                  23 * 100                      234 * 100

2 * 1000                23* 1000                    234 * 1000

— Кез келген санды 10, 100, 1000 сандарына көбейту үшін не істеу керек?

ә) 20 : 10                      230 : 10                      2340 : 10

200 : 100                  2300 : 100                  23400 : 100

2000 : 1000              23000 : 1000              234 000 : 1000

  • Санды 10, 100, 1000 сандарына бөлу үшін не істедік?
  1. Шыршаны безендіру.

Әр оқушыға жеке – жеке тапсырмалар беремін. Сендер сол тапсырмаларды дұрыс орындаған сайын шыршамыз әдемілене түседі.

№2

  • тапсырма

98 : 10

 

  • тапсырма

987 : 100

  • тапсырма

 9876 : 1000

№3

  • тапсырма

Мына сандардың ішінен 10- ға қалдықсыз бөлінетіндерді  тізіп жаз:  3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

  • тапсырма

Мына сандардың ішінен 100- ге қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жаз:  3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

  1. «Баспалдақ» ойыны.
  • Біз шыршаның басына жұлдызды ілу үшін баспалдаққа шығу керекпіз.

Оқулығымыздағы №4 есепті шығарайық.

 

 

 

 

 

 

4839 :1000

 

 

438: 100                         765: 100

 

 

48: 10                                                             76: 10

 

Ү. Сергіту сәті:

Логикалық есептер: (жұмбақ есептер)

1.Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

Қалғаны неше үйрек? (5 + 3) – 1 = 7

  1. Он асықтың төртеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолында қалады? 10 – 4 = 6

  1. Шыршаның шамын жағу.

№7 Есеп құрастырып және оны шығару:

 

ЖылдамдықУақытҚашықтық
? Бірдей4 сағат240 км
5 сағат?

t – 4 сағ                                           

s – 240 км

v — ?

v = 240 км : 4сағ  = 60 км/ сағ

 

 

 

ҮІ. Бекіту:

Сәйкестендіру тесті:

 

2 * 10                                 4400

23 * 10                               20

44 * 100                             6

55 * 1000                           230

600 : 100                            92

50 : 10                                55000

92000 : 1000                      5

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:

№6          122 – бет

Оқушылардың білімін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • тапсырма

98 : 10

 

 

 

 

  • тапсырма

987 : 100

 

 

 

 

 

  • тапсырма

 9876 : 1000

 

 

 

 

 

  • тапсырма

Мына сандардың ішінен 10- ға қалдықсыз бөлінетіндерді  тізіп жаз:  3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

 

 

 

 

 

  • Тапсырма

Мына сандардың ішінен 100- ге қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жаз:  3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.