«Тапқыр химиктер» ойын сабағы
«Тапқыр химиктер» ойын сабағы
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың интелактуалдық деңгейін арттыру, оқушылардың
химияға деген қызығушылығын тудыру.
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізуді, нақты тез шешім қабылдау дағдысын дамыту.
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: жарыс түрінде – ойын, сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс.
Құрал жабдықтар: тарату карточкалар, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, элементтер.
Пән аралық байланыс: химия, математика, физика, биология, тарих.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Ойынға екі топ қатысады. Әр топтан 5 адамды ойынға қатысуға таңдап аламыз. Қалған оқушылар жанкүйерлер ретінде қатысады. Егер топ берілген сұраққа жауап бере алмаса оларға жанкүйерлері көмектесе алады. Егер жанкүйерлері дұрыс жауап берсе командаға ұпайдың жартысы беріледі. Ал егер жанкүйерлері де жауап бере алмаса, сұрақ қарсыластарға ауысады. Ал қарсыластары жауап бере алмаса, олардың жанкүйерлеріне беріледі. Жанкүйерлер шулап, жауапты беруге рұқсатсыз көмектессе айып төленеді. Егер жанкүйерлері дұрыс жауап бере алмаса екі команда да ұпай ала алмайды. Әр топқа топ басшысын тағайындаймыз, және әділқазылар алқасын 3 адамнан тағайындаймыз. Олар баға беріп, олардың ұпайларын есептеп отырады.
Ойын барысы:
Ι. 1-ші кезең: Химиялық элементтер
- Келесі элементтерді атаңдар:
1-ші топ 2-ші топ
S – күкірт C – көміртек
Na – натрий К – калий
Н – сутек О – оттек
СІ – хлор Са – кальций
Cu – мыс Р – фосфор
Ғе – темір Ni – никель
(Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпайдан)
- Химиялық чаинворд.
Алдымен мұғалім екі топқа бір – бір элементтің атын береді де, әрі қарай оқушылар сол элементтің атының соңғы әріпінен басталатын элементті атауы керек. Ойын солай жалғасады.
1-ші топ 2-ші топ
Азот Бром
(әр бір сөзге 1 – ұпайдан)
- Элементтер атын құрастыру
Әр топқа келесі химиялық элементтер беріледі. Осы элементтердің атына кірген әріптерден басталатын элементтердің атын құрастыру керек.
1-ші топ 2-ші топ
Хлор Фтор
(жазбаша түрде параққа әрбір дұрыс жауап – 1 ұпайдан )
ΙΙ. 2-ші кезең: Химия + қазақ тілі. Көп нүктелердің орнына сөздерді жазып, сөйлемді толықтыру.
1-ші топ
Оттек – иіссіз , ……………… , дәмсіз газ. Ол ауадан ……………., суда ………………….
зат. Ол басқа элементтермен әрекеттесіп …………….. зат оксид түзеді.
(түссіз, сәл ауыр, аз ериді)
2-ші топ
Сутек – иіссіз , ………………… , дәмсіз газ. Ол ауадан …………… , суда ……………… зат.
Ол оттекпен әрекеттесіп түссіз , ……… зат – Н2О түзеді.
(түссіз, жеңіл, өте аз ериді)
(әрбір дұрыс жауап – 1 ұпайдан )
ΙΙΙ. 3-ші кезең: Шпаргалка
Химиядан бақылау жұмысын өткізгеннен кейін сыныптан химиялық реакциялардың бір жартысы жыртылған шпаргалка табылады.
Осы реакциялардың қайта орнына келтіріңдер.
1-ші топ
1) …………….= CuO + H2O (Cu(OH)2)
2) 2Na + H2SO4 = ……………. (Na2SO4 + H2 )
3) C + O2 = ……… (CO2)
2-ші топ
1) ………………. = Cu + H2O (CuO + H2)
2) 2Na + 2H2O = ………………. (2NaOH + H2 )
3) 2H2 + O2 = ………………….. (2 H2O)
(Әрбір дұрыс теңдеуге – 3 ұпайдан)
ΙV. 4-ші кезең: Химиялық сөзжұмбақ
Әрбір топқа шағын крассворд беріледі. Оны шешуге – 5 минут уақыт.
1-ші топ 2-ші топ
Соңғы 3 әріпі бірдей элемент аттарын табыңдар Соңғы 2 әріпі бірдей элемент
аттарын табыңдар
1-ші топ 2-ші топ (әрбір дұрыс сөзге – 1 ұпайдан)
- 5-ші кезең: Химиялық қадам (Екі топтың басшысы үшін)
Оларға кезекпен сұрақ беріліп отырады. Сұраққа дұрыс жауап берген сайын бір адым алға аттап отырады. Әрбір аттаған адым сайын 1 ұпай беріледі.
1-ші топтың басшысына сұрақтар:
- Сутектің оксиды қалай аталады ? ( H2O)
- Бензинді неден алады ? (мұнай)
- Жер астынан алатын қара түсті қатты зат қалай аталады ? (тас көмір)
- Судың қатты күйі қалай аталады ? (мұз)
- Қанның гемоглобин құрамына кіретін элемент қалай аталады ? (темір)
- Әртүрлі тәжірибе өткізуге арналып, арнайы жабдықталған сынып
қалай аталады ? (зертхана)
- Гомолог деген сөз грек тілінен аударғанда нені білдіреді ? (ұқсас)
8 Метанның молекулалық формуласы қалай жазылады ? (CH4)
- Нуклейн қышқылы адам ағзасындағы қандай қасиетті реттейді ? (тұқым қуу)
- Темірді газбен балқытып қиғанда ацетилен газын алу үшін қолданылатын зат
қалай аталады ? (кальций карбиді)
2-ші топтың басшысына сұрақтар:
- Судың молекулалық формуласы қандай ? ( H2O)
- Автокөлік жанармайы қалай аталады ? (бензин)
- Коксты неден алады ? (тас көмірден)
- Судың газ күйі қалай аталады ? (бу)
- Металлургия зауытында қолданылатын элемент қалай аталады ? (темір)
- Химиялық реакциялардың жылдамдығын тездететін зат қалай аталады ? (өшірткі)
- Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар қалай аталады ? (изомерлер)
- Метил радикалының формуласы қалай жазылады ? (- СH3)
- ДНҚ деген не ? (дезоксирибонуклейн қышқылы)
- Темірді газбен балқытып қиғанда қандай қанықпаған
көмірсутек газын қолданады ? (ацетилен)
- Ойынның қорытындысын шығару.
Ойынның соңында топатардың ұпайлары есептелініп, жеңген топтың оқушылары жақсы бағаға ие болады.