Болмасын соғыс, болмасын!
Сабақтың тақырыбы: Болмасын соғыс, болмасын!
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге,қорғауға үйрету. Патриоттық тәрбие берумен қатар,олардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ардагерлерімізді мақтан тұту, оларды парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: даңқты батырларымыздың суреті,фотоальбом,ерлік туралы мақал-мәтелдер,буклеттер,кітап көрмесі т.б.
Мұғалім: Бүгін Жеңіс күні 9 мамыр-бұл үлкен мейрам.1941 жылы 22 маусым күні сағат 4.00 шамасында фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады. Халқымыз адам нанғысыз қиын кезеңге тап болды.Біздің аталарымыз соғыстың бар ауыртпалығын мойнымен көтеріп,қан майданда от кешіп,сендерге бейбіт өмір сыйлады.Сол ата-апаларымыздың рухына бас иіп,еске алайық.
(1 мин. үнсіздік)
- Бәрі де есімде! (Жеңіс туралы өлеңдер)
1-оқушы: «Жеңіс туы»
Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда
Ойрандап жауыздың ордасын
Болдық біз найзағай майданда
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!
2-оқушы: «Сталинград үшін шайқас».
Отан үшін! Жеңіс үшін!
Деп солдаттар салып ұран,
Көтерілді атакаға
Оққа қарсы жауып тұрған
Сол мезгілде бір жауынгер
Шойырылды ма,сүрінді ме,
Көкірегін қолмен басып
Құлады сәл жүгірді де
Жығылды ол ,жығыпты оқ,
Ақты қаны ердің жерге
Жеткені ме арсыз ажал,
«Тағы бір жеңдім» дер ме?
Жоқ,жоқ! Ажал, қателестің,
Әлі бойда қайратым бар
Әлі де мен соғысамын!
Қайратым бар,айбатым бар!
- Көрініс:«Соғыс бітті» (өлең оқылып тұрады,көрініс көрсетіледі)
- «Отан үшін от кешкендер» тарих пәнінің мұғаліміне сөз береміз(ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосқан ардагерлеріміз туралы мәлемет).
- «Майдангерлер» (3-оқушы,4-оқушы,5-оқушылар батырлардың суретін көрсете отырып қысқаша өмірбаяндарына тоқталып өтеді)
6-оқушы: (М.Хакімжанова «Мәншүк» поэмасынан үзінді)
Абайлады сонда Мәншүк жан-жағын
Көрді өзінің жапа жалғыз қалғанын
Көзге жанар, көкірекке кек толып,
Қинады қимай серік-саңлағын
Қара көзі жарқ етті танадай
Төңкерілді ашылып бір қарамай
Пулеметте ойнап тұрған саңлақ
Қалды қатып бір серпуге жарамай.
5.Ұлы Отан соғысындағы сарбаздарға арнау.( оқушылар шығармашылығынан)
6.Ән «Тыныштық әлемге» әні:Сыдық Мұхамеджановтікі
Сөзі:Қ.Шаңғытбаевтікі
- Б. Момышұлының шығармашылығынан «Қанмен жазылған кітап» үзінді оқу.
- «Отан үшін!Жеңіс үшін!» елін,жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын оқу.
7-оқушы: «Жеңіс туы»
8-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров
9-оқушы: «День Победы»
10-оқушы: «Сен құрметте оны» Ә. Сәрсенбаев.
Қорытынды.
Мұғалім:Осымен құрметті қонақтар, Жеңіс күніне арналған «Болмасын соғыс, болмасын!» атты кешімізді аяқтаймыз. Баршаңызға денсаулық, ашық аспан тілейміз.Қатысқан барлық оқушыларға рахметімізді айтамыз!Жеңіс туы көк аспанымызда желбірей берсін!