Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Жарлы ауылы

№9 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Ибраева Жанбота Сериковна

Әдебиеттік оқу: 4-сынып

Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.

Мақсаты: 1.Оқушыны Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, жыл мезгілдеріне байланысты мына «туады, шығады, түседі, келеді» сөздердің қандай мағынасы барлығы жайлы түсіндіру.

  1. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

  1. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.
  2. Ақын неге нанды қадірле, сақта, баспа деп жатыр?
  3. Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, нансыз тіршілік бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, неше жыл мезгілі бар?

-Олар қандай?

-Кәзір қандай жыл мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?

-Жаздан кейін қай мезгіл?

-Күзден кейін?

 Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері»  өлеңімен танысамыз.

  1. Алдымен, Ескен Елубаевтың өмірбаянына тоқталайық:

Жамбыл обл.Қордай ауд.                                            «Ұлан», «Жалын», «Өнер» газет.,

Отар стансасында туған                                       «Балдырған» журнал. бас ред. орынбасары

                                                    Ескен Елубаев

                                               (18 ақпан 1942 жыл)

Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конк.                              «Қ .Т.-10жыл» медалімен

бірінші жүлдегері                                                         мараппатталған

-Дәптерге жазып алу.

 

2.Оқулықпен жұмыс.

-Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу:  -Мұғалімнің оқуы

-Оқушылардың оқуы

-Бөлімдерге бөлу. Әр бөлімде не жайлы екенін анықтау. (көктем, жаз, күз, қыс).

 

3.Сөздік жұмыс. Ақырап – қазан айының ескіше аты.

ҮІ. Сергіту сәті. Ойын: «Жыл мезгілдері»

-Берген суреттерді ретімен орналастыру.

ҮІІ.Түсінгендерін тексеру: Жыл мезгілдеріне сәйкес айтылған сөз тіркестерін үлгілік кесте бойынша дәптеріңе жазып, неліктен олай айтылатынын дәлелде.

 

Жыл мезгілдеріҚайтеді?Неліктен?
Көктем

 

туадыҚұлын, бұзау, қозы, лақ туады. Көктемде барлық жан-жануар туылып, жер – көк көктейді, өсіп өнеді.

 

Жаз

 

шығадыЕгін шығып, қауыздар толып, орақ басталып, диқан бидай орады.

 

Күзтүседі

 

Ағаштың жапырағы сарғайып түседі, Шопан таудан түседі.

 

ҚысКеледіЖотаны, даланы, қырау тегіс жабады; су қатып, қыстың хабары келіп, ел қамданады сондықтан «келеді» деп күтеді.

 

 

ҮІІІ.Шығармашылық тапсырма.

Көктем мезгіліне төрт жол өлең құрастыру. 

ІХ.  Қорыту.

-Неше мезгіл бар? Атап шық.

Кімнің өлеңімен таныстық?

-Ескен Елубаев деген кім?

-Ескен Елубаевтың басқа қандай өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер?

Х.  Үйге тапсырма: ұнаған бөлігін жаттау, жыл мезгілдері жайлы 2 жұмбақ, 2 мақал жазып кел.

 

ХІ.Бағалау.

 

Қазақ тілі: 4-сынып

Тақырыбы:  Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары.

Сабақтың мақсаты: 1.Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өздері қатысты болып келген сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстейтінін, олар өздері қатысты сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын қажет ететінін іс-жүзілік тұрғыдан таныту.

  1. Танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

24-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Өткенді қайталау (Кубизм).

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Үстеу деген не?
  • Шылау деген не?
  • Зат есімнің септіктерін ата.
  • Етістіктердің шақтарын ата.
  • Есімдік деген не?

-Шылау деген не?

-Қандай шылауларды білеміз? Мысал келтірейік.

мен (бен, пен), және                                                                    да (де), та (те)

Шылау

ма(ме), ба(бе), па (пе)

ІҮ.  Жаңа материалмен жұмыс.

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Біздің ағашымыздың жапырақтары әлі өспепті.

-Балалар, бізге құстар ұшып келе жатыр екен. Бірақ біздің ағаштарда жапырақ болмағаннан соң, олар ағашқа қонғылары келмейді екен. Құстардың ауыздарында не бар екен? Яғни, құстарда тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды орындаса, ағашта жапырақтар өседі екен.

-Кәне, балалар, құстарға көмектесеміз ба?

-Тапсырма орындаған сайын әрқайсымыз бір жапырақтап ағашқа жапсырамыз.

-Күн ретін жазу.

1-тапсырма. Сөйлемдерді тақтаға жаз, шылауларды тап.

Көп білу үшін көп оқу керек. Дәурен туралы сенімен ақылдасайын деп едім. Жақып Рабиғаны үйіне дейін шығарып салды. Кешке шейін үйірмеге қатысамыз.

 Ережемен жұмыс.

 Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді.

мен (бен, пен), және                                                                    да (де), та (те)

Шылау

ма(ме), ба(бе), па (пе)                                                                үшін, туралы, дейін (шеійн)

-Жапырақтарды жапсыру.

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

2-тапсырма. Мақалды жатқа жаз.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

-Жапырақтарды жапсыру.

Ү. Сергіту сәті.

3-тапсырма. Ойын «Үйін тап»

Зат есім          Сын есім            Үстеу              Шылау            Етістік            

дәрігер            биік                      түнде               және                 оқыды

дәптер            жуан                    жоғары            туралы              биледі

балалар           қызыл                  тез                    шейін               жүгірді

тақта                сары                    алға                  да                      жазды

-Жапырақтарды жапсыру.

4-тапсырма.

28-жаттығу. Көп нүктенің орнына дейін, шейін, туралы, үшін шылауларың тиістісін қойып, көшіріп жазу.

    Айжан түске дейін кітапханада болды. Барлаушылар туралы кино көрдім. Жақсы оқу үшін тыңғылықты дайындалу керек.

-Жапырақтарды жапсыру.

5-тасырма.Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Ребустың шешуі: Отан-ана.

-Жапырақтарды жапсыру.

-Балалар, біз барлық тапсырманы орындадық та?

-Ағашымыз қандай болып шықты?

-Енді құстар ағашқа қонамыз дейді.

-Кәне балалар құстарды ағашқа қодырайық.

ҮІ. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін қандай шылаулармен таныстық?

-Олардың қызметі қандай?

-Туралы, дейін, шейін, үшін шылауларымен сөйлем құрау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 27-жаттығу. Ережені жаттау.

ІХ. Оқушыларды бағалау.