Сынып сағат тақырыбы: «Тіл бар жерде әмір бар»

Сынып  сағат  тақырыбы: «Тіл бар жерде әмір бар»

Мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадір – қасиетін  ұғындыру, тілді мұра ретінде сезінуге үйрету, салт – дәстүріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері: оқушыларды туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру,көрсету, ойын, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі:тіл туралы өнегелі сөздер, әйгілі тұлғалар портреттері, сурет көрмесі, тақырыпқа байланысты керекті құралдар, үнтаспа және т.б.

Сабақ  барысы: а) тіл туралы мағлұмат.Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Біздің  осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ  тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ – тілі  өте бай тіл. Осы бай тіл – біздің  мақтанышымыз. Әрқашан  біз өзіміздің ұлттық тілімізді, ана тілімізді қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек. Әрбір  елдің қуаты, байлығы, бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен қатар мәдени, рухани өрісімен  айқындалады.

Дүние  жүзінде 7 мыңдай тіл бар.  Жер шарында көптеген мемлекет бар.  Әрбір мемлекет ішінде неше түрлі халық бар.  Әр халықтың өз тілі болады.  Олар өз ана тілінде де, сол мемлекет ішінде көп тараған тілде сөйлесуі де мүмкін.  Елімізде  130-дан астам  ұлт өкілдері тұрады. Олар  өз  тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт – дәстүрлерін сақтай білген.

Біздің  сынып оқушылары бүгінгі сабаққа дайындалып  келіпті.

1 – оқушы:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын  кенін…

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тілімнен тілім дедім.

Бақытым бар үшінші – Отан  деген.

Кім мықты десе Отан дер ем!

2 – оқушы:

Қазақ тілі – өз тілім, анам тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді  ұл – қызын мәңгі сені

Болашағым, бақытым,дара тілім.

3 – оқушы:

Сүйемін  туған тілді – анам  тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

4 – оқушы:

Ана  тілің – арың  бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Басқа тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

В)жұмбақ жасырады.

Жағалай – жағалай тас қойдым,

Жирен атты тас қойдым.(тіс,тіл)

Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(кітап)

Биіктен алтын алманы,

Ешкім ала алмады.(күн көзі)

Тоғыз айыл,қос желі,

Екі мұрын,бір шүмек.(Домбыра)

Тұмсықты мықты,

Кедір – бұдырдың бәрін

Тегістеп шықты.(үтік)

Мақал – мәтелдерді жалғастырамыз.

1.Сөйлей – сөйлей шешен боларсың,

(Көре – көре  көсем боласың)

2.Жеті жұрттың тілін біл,

(Жеті түрлі ілім біл)

3.Тіл тас жарады,

(Тас жармаса бас жарады)

4.Әдепті  бала – арлы  бала,

(Әдепсіз бала – сорлы  бала)

1.Ана сүті бой өсіреді,

(Ана тілі ой өсіреді)

  1. Көз жетпеген жерге,

(Сөз жетеді)

  1. Жақсыдан үйрен,

(Жаманнан жирен).

  1. Ақыл көркі – тіл,

(Тілдің көркі – сөз)

Қорытынды:

Мұғалім: Тіл – халықтың жаны да, сәні де. Тілінің топырағында көктеп, ауасымен тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес.  Халық  өзінің  ғасырлар бойында жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа ана тілі арқылы табыс етеді.

Қастерлейік қазақтың ана тілін,

Қайнаған  қаныменен баба тілін.

Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін!

Тәуелсіз  ел тірегі – тіл. Тіліміздің тірегі – халық. Халқымыз  аман болсын!