Адамның табиғаттағы мәні жөнінде Абай не айтады? Адам өмірінің құндылығы туралы не айтылған?

Адамның табиғаттағы мәні жөнінде Абай не айтады? Адам өмірінің құндылығы туралы не айтылған?

 

«Көк тұман –алдындағы келер заман,

Үмітті сәуле етіп кез көп қадалған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат жоқ, сурет жоқ, көзім талған.

 

Ол күндер-өткен күнмен бәрі де бәс,

Келер, кетер, артына түк қалдырмас.

Соның бірі-арнаулы таусыншақ күн,

Арғысын бір-ақ Алла біледі рас.

 

Ақыл мен жан-мен өзім, тән-менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы –екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

 

Шырақтар, ынталарың «менікінде»,

Тән құмарын іздейсің күні-түнде.

Әділеттік, арлылық, махаббат пен-

Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.

 

Адам ғапыл (өтпелі) дүниені дер менікі,

Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.

Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,

Сонда ойла, болады не сенікі?