Зат есім
Сыныбы: 4
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау және күнделікті өмірде қолдана білу.
Дамытушылық: Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан –жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулып, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар.
Әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жинақтау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Күй тыңдату.
- Балалар, сендердің көңіл –күйлеріңе қалай әсер етті?
(көңілді, әсерлі т.с.с.)
- Ендеше бүгін сабақты күндегідей қызықты, көңілді өткізейін.
Бәріміз сабаққа белсене қатысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Деңгейлік тапсырма.
І деңгей. Жұмбақ жазып келу.
ІІ деңгей. Сөз таптарын талдау.
ІІІ деңгей. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салып келу.
ІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
Балалар, сөз табы бос кеңістік деп ойлаңдар. Бос кеңістікте қанша планеталар бар? Кім атап береді. – 9 планета бар.Олар Плутон, Уран, Нептун, Сатурн, Марс, Меркурий, Жер, Шолпан, Юпитер. Ендеше сөз табында 9 сөз табы бар екен. Соның ішінде біз қандай сөз таптарн білеміз?
Зат есім, Сан есім, Сын есім, Етістік.
Кім? Не? Қайтті? Ән қылды.
Кімдер? Нелер? Не істеді?
Зат есім. Етістік.
Қанша? Неше? Қандай? Қай?
Нешінші? Сын есім.
Сан есім.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, менің қолымдағы мына бір бейненің жартысы көрінбей тұр. Бұл болды екен? Кәне, кім табады?
Көз алдымызға елестетіп ойлансақ, осы бейнені жалғастырып, көп нәрсе жасауға болатын сияқты. Кәне, ойланайық, не жасауға болад?
Ой –жұмбақ шешу. Ол аспанда да, жерде де болады, шөлейт жерлерде де жүреді, атамның, әжемнің қолында да болады, партаның үстінде де жатады мүмкін, оны жеуге де болады, ол барлық адамда болады.
- Пайда болған заттардың атын жазайық: бұлт, құрт, түйе, көзілдірік, құс, алма, жүрек т.б.? Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – Не?
- Парталар, орындықтар, дәптерлер, кітаптар, деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – Нелер?
- Ал осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз? — Кім? Кімдер?
- Олай болса кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөзді қандай сөз табы дейміз? –Зат есім.
- Сонымен, Зат есім дегеніміз не?
Ойымызды жинақтайық.
Ассациация құру. (сызбаға түсіру):
Зат есім
Сұрақтары Түрлері
Кім? Не? жалпы негізгі жекеше
Кімдер? Нелер? көпше жалқы туынды
ІV. Оқулықпен жұмыс.1) 275 –жаттығу
Мәтінді жаздыру. Зат есімдерді табу.
2) 276 –жаттығу мәтінді ауызша орындату.
Жалпы есім: Шоқан, Айғаным.
3) Тәуелдеулі зат есім –әжесінің.
4) Шоқан Уәлиханов туралы білетініңді әңгімеле.
Шоқан Уәлиханов |
Ғалым Жиһангер
Тарихшы Суретші Зерттеуші
5)Сергіту сәті. «Ұйқасын тап» ойыны.
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді … (шымшық).
Бата алмас түлкі,
Үсті тікен … (кірпі).
Дамыл таппай бір мезет,
Жортумен жүр сұр … (көжек).
Аппақ доп тауып,
Шақырады ақ … (тауық).
Алмастан тыным,
Шабады … (құлын).
Өзінше қоян,
Қорқақ … (қоян).
277 –жаттығу. Сөздерді жекеше, көпше түрде үш жақта тәуелдеп жаз.
Менің інім, кітабым, халқым.
Сенің інің, кітабың, халқың.
Сіздің ініңіз, кітабыңыз, халқыңыз.
Оның інісі, кітабы, халқы.
- Қай сөздер көп. Жалқы есімдердің бас әріппен жазылу себебін түсіндір.
Сурет.
Жалқы есім Жалпы есім
Жайық жаңбыр
Бішкек биші
Тайбурыл өлке
Құтжол бала
оқушы.
- Ребусты шеш.
б е |
ш |
Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде 3 жақта тәуелдеп жаз.
Қарында , с
Шешуі: Қарындас.
Менің қарындасым. Біздің қарындасымыз. Сенің қарындасың. Сендердің қарындастарың. Сіздің қарындасыңыз. Сенің қарындастарың. Оның қарындасы. Олардың қарындастары.
VIІ. Зат есім туралы біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.
VIІІ. Зат есімді етістікпен сәйкестендіріп, сөйлем құрап жаз.
Адам шабады
Ат шоршиды
Қарлығаш жылжиды
Бақа жүреді
Жылан секіреді
Балық ұшады
- IX. Семантикалық карта.
Сөздер. Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша? Неше?
Дәптер +
Ұшты +
Бес +
Әдемі +
Келді +
Жеті +
Оқушы +
Таза +
Х. Венн диаграммасы.
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Адам әже ата оқушы әнші биші Самат |
Гүл Ағаш Бор Тау Өзен Тас Көл |
Заттың атын білдіреді |
ХІ. Үйге тапсырма. 279 –жаттығу.
ХІІ. Бағалау.